0 дауыс
694 көрілді
Ораза ұстайсыздар ма?Намаз оқисындар ма?

9 жауап

0 дауыс
Ораза адамға көп пайдалы пайдасы те зор
0 дауыс
Ораза ұстамаймын,намаз оқымаймын.
осыны мақтанышпен айтып отырсыңба
0 дауыс
ораза адамға өте пайдаы бірақ мен ұстамаймын
0 дауыс
Ораза (араб.: صوم‎ «ас-саум» – өз нәпсісін тыю, жаманнан алыстау, парс روزه «ураза» – күндік) – тәуліктің күндізгі уақытында ауыз бекіту, исламның негізгі бес парызының үшіншісі. Ораза ұстаған адам таң атқаннан күн батқанға дейін ниетін бекітіп, ішіп-жеуден, басқа да оразаны бұзатын нәрселерден аулақ болады. Мұсылмандарға рамазан айында ораза ұстау – парыз. “Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын дәлел ретінде Құран түсіріле бастаған ай. Рамазан айы туғанын көрген адам ораза ұстасын. Кімде-кім ауру болып, әйтпесе сапарда жүрсе, онда басқа күндерде өтесін. Алла сендерге жеңілдік болуын қалайды, ауырлық түсіргісі келмейді” (Бақара/187) – деген аяттарда парыз оразаның мәні, негізгі сипаттары, уақыты, қазасын өтеу жайлы айтылады. Ораза шартты ғибадат болғандықтан оны парыз ретінде кімнің орындауға міндеттілігі немесе кімдердің босатылатыны, қабыл болу-болмауының шарттары, бұзылатын немесе бұзылмайтын жағдайлары шариатта бекітілген. Ораза адамның рухани-интеллектуалдық өсуіне, тақуалыққа жетіп, Құдайға жақындай түсуіне ықпал ететін ғибадат екендігі жайлы көптеген хадистер бар. Ораза – адам нәпсісін тыйып, рухани өсуге, өз бойындағы жаман әдеттерден арылып, көркем мінезін тәрбиелеп қалыптастыруға мүмкіндік беретін ғибадат. Қазақ дәстүрлі қоғамында ораза ғибадатын өтеуге байланысты ислам әдебімен орайлас, халықтың тұрмыс-салтына етене болып қалыптасқан игілікті дәстүрлер бар. Пайғамбар өсиетіне сай оразаның мұстахабын (орындаса сауап, орындамаса күнәсі жоқ) орындау үшін “таң сәресін” шүйіркелесіп ішу отбасының берекесін кіргізеді. Рамазан айында өзара “ауызашарға” шақырысу дәстүрге айналған. Хадистерде ораза кезінде мұсылманның өзін-өзі тәрбиелеп, мінез-құлқын қалыптастыруының негізгі шарттары белгіленген. Аузы берік адамның бос сөзден, орынсыз әрекеттерден бойын аулақ салып, жаман істерден тыйылуы, ғибадатын арттырып, бос уақытын дін іліміне тереңдеп, зікір, салауат айтумен өткізуі абзал. Бұл да оразаның сауабын арттыратын амалдар. Оразаның қоғамдағы пайдасы – жаратушы мен адам, адамдар мен әлем арасындағы түсіністік артып, мейірім артады. Адамдар ырзық-несібенің қадірін түсініп, дәулетті мен жоқ-жітік арасында байланыс орнайды. Парыз оразадан басқа уәжіп, сүннет, мұстахаб, мәндүп, нәпіл, мәкру оразалар бар. Ораза белгілі бір себеппен бұзылған жағдайда қазасын өтеуге болады, ал себепсіз қасақана бұзылған ораза өтеуіне кәфәрат оразасын тұтынады. [1]
Ораза - бір нәрседен алыстау Шариғат терминінде Ораза - ұстауға күші жеткен адамның ниет етіп, екінші шанақтан бастап, күн батқанға дейін Оразаны бұзатын нәрселерден сақтануы. Ораза белгілі бір уақыт ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылу. Мұның парызы - ішіп-жеу мен құмарлық сезімдерден сақтану. [толығрақ мына жерде][1]


  [1]: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D1%80%D0%B0%D0%B7%D0%B0
0 дауыс

Мен ұстаймын..........

0 дауыс

Шыны керек ораза әлі ұстап көрмеппін!Бірақ осы жолы ұстаймын!Намазды уақытысын да оқимын!Уақыты қашан десеніз 30-40 жасымда,егерде Аллам оған дейін өмір берсе!

онда мектеп, университетті де оқымай-ақ қойсайш, уақытында оқисың ғо.
уақытында оқып жатырмын ғой!Қазір мектеп оқитын уақытым оқып жатырмын,сосын универ оқитын уақытым Алла қаласа оқимын уақытысымен!
ммм. балиғат жасы 30-40 жас дейсің ғо
Намаз оқудың уақыты 30-40 жас екенін қайдан білдіңіз?!ИншАллах ғұмыр жасыңыз ұзақ болғай..бірақ берілген жас Аллаға ғана аян...
Аумин айтқанын келсін!30-40 балиғат жас емес өзім сондай кезде оқимын дегем!Мирас бауырым дұрыс түсінбей қалған сынайлы!
Мирас ағаға қосыламын...Егер шынайы жүректен бәрін түсіне білсеңіз олай айтпас едіңіз..бәріміз ертең деп айта аламыз..ал оның кімге нәсіп етерін білмейміз..Жүрегіміз иман нұрына толғай!
0 дауыс

Мен  қазір  оразада  намазда   оқымаймын  бірақ  болашақта  мен  намаз  оқып  ораза  ұстаймын  деген   ойдамын.Менің  ойым   жас   балдардың   намаз  оқудың   қажеті  жоқ  ол  бәрібір  намаз  оқуды   тастап  кетеді   намаз  оқығансоң   оны  тастамай  оқу   қажет
 

Жүрегінде иманы бар адам ешқашан намазын тастамайды...
Белгісіз
0 дауыс

Ия.9 жасымнан бері рамазан айында ораза тұтамын.

0 дауыс
Намаз оқымаймын, бірақ оразаны 12 жасымда,13 жасымда ұстағанмын.
...