0 дауыс
12.0k көрілді
Агглютинация деген не?

3 жауап

–1 дауыс
У этого термина существуют и другие значения, см. Агглютинация .
Агглютинация ( лат. agglutinatio — приклеивание) — склеивание и выпадение в осадок из однородной взвеси бактерий , эритроцитов и др. клеток , несущих антигены , под действием специфических веществ — агглютининов , в роли которых могут, например, выступать антитела или лектины . Реакцию агглютинации применяют для определения групп крови , идентификации возбудителей инфекционных заболеваний и др.
В крови, например, агглютинация эритроцитов происходит в результате того, что агглютинины склеивают агглютиногены в эритроцитах
+1 дауыс
Агглютинация (лат. agglutinatio — жабысу) — арнайы антиденелердің (агглютининдер) әсерімен корпускулдық антигендердің (бактериялар, қан клеткалары, басқа клеткалар) бір-біріне жабысуы және тұнба (агглютинат) жасауы. Қанның қызыл және ақ түйіршіктері бір-бірімен кейбір жұқпалы ауру қоздырғыштарыныц (мысалы грипп, парагрипп вирустары) әсерінен де жабысады. Бұл тәнді реакция, сондықтан бактерия және вирустар туғызатын ауруларды анықтау үшін кеңінен қолданылады. [
0 дауыс

Сұраққа жауап.

Агглютинация (лат. agglutinatio — жабысу) — арнайы антиденелердің (агглютининдер) әсерімен корпускулдық антигендердің (бактериялар, қан клеткалары, басқа клеткалар) бір-біріне жабысуы және тұнба (агглютинат) жасауы. Қанның қызыл және ақ түйіршіктері бір-бірімен кейбір жұқпалы ауру қоздырғыштарының (мысалы грипп, парагрипп вирустары) әсерінен де жабысады. Бұл тәнді реакция, сондықтан бактерия және вирустар туғызатын ауруларды анықтау үшін кеңінен қолданылады. Агглютинация, немесе микробтардың жабысуы, ағзада агглютининдердің барымен белгіленеді. Осы серологиялық реакция жануарларда және адамдарда бруцеллез ауруын анықтағанда (Райт, Хеддельсон реакциялары), сүзек, сальмонеллез ауруларын (Видаль реакциясы) анықтағанда, ағзадан бөлініп шығарылған қоздырғышты анықтағанда өткізіледі. Осы реакциямен екі жағдайда қолданады: 

1) зертханада белгілі антигеннің көмегімен ауру ағзадан алынған сары суды зерттегенде; 

2) зертханада болған белгілі сары судың көмегімен ауру ағзадан бөлініп шығарылған белгісіз микробты зерттегенде.

Реакцияны өткізу үшін қажетті заттар:

зерттелетін сары су,
бактериялардың өлтірілген дақылы (антиген)
сары суға қосу үшін және бактериалдық ерітіндіні дайындау үшін физиологиялық ерітінді.

Сары суды адамдардың және жануарлардың ағзаларынан алады. Сол үшін олардан 8-10 мл қан алады. Реакция өткізу үшін сары судың көлемін физиологиялық ерітіндімен арттырады. Сары суларды биофабрикаларда дайындап зертханаларға жібереді. Антигендерді де биофабрикаларда дайындайды.

Агглютинация реакциясы тұңба немесе жапалақтар жаратылумен белгіленеді. Және осы реакциямен эритроциттердің аллоантигендеріне қарсы моноклоналды антиденелермен қолданып қанның топтарын анықтағанда қолданады.

Агглютинация реакциясының әр түрлі нұсқаларымен қолданады: жәйілім, беттеу және т.б. Ауруларда антиденелер анықтау үшін жәйілім агглютинация реакциясын қояды: аурудың қанының езілген сары суына өлтірілген микробтардың суйықтығын (диагностикум) қосады. +37 градуста бір неше сағат ұстап жаратылған тұнбаны байқайды. Агглютинацияның сипаттамасы және жылдамдығы антигеннің және антидененің түрімен байланысты. Мысалы О- және Н-антигендердің ерекше антиденелермен қарым қатынасу ерекшеліктері: О-диагностикуммен (жылытумен өлтірілген бактериялар) агглютинация жапалақтары ұсақ болады, Н-диагностикуммен (формалинмен өлтірілген бактериялар) агглютинация жапалақтары ірі болып реакция тез өтеді.

Мына бетте толық айтылған.

...