ҚР Үкіметінің 6 қыркүйектегі қаулысына сәйкес елімізде атап өтілетін кәсіби және басқа да мерекелер туралы жарлығына өзгертулер енді, деп хабарлайды ҚазТаг.
Енгізілген түзетулер бойынша, қыркүйектің әр үшінші жексенбісі Ана күні деп белгіленді.
Естеріңізде болса, 8 наурыздағы халықаралық әйелдер күні қарсаңында елімізің әйелдер қауымымен өткізілген кездесуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ана күнін белгілеуді ұсынған болатын. «Мен Ана күнін белгілеуді ұсынамын. Ондай мереке әлемде кеңінен таралған», - деген Президент мұндай мереке әлемнің 50-ден астам елдерде атап өтілетіндігін, айтқан.
Сол басқосуда ол, «Бәлкім, күздің бір тамаша күні, егін жиналып болған соң, тоқшылық кезеңінде осындай мереке өткізу керек шығар»,- деген болатын
сілтеме http://www.infoportal.kz/node/34183