Ғылым ретінде маркетингтің отаны АҚШ саналады, осыдан маркетинг анықтамасы бұл – өндірістік өткізу және ғылыми – зерттеу басқару жүйесі.
Маркетинг – нарық талдауын қажет ететін, серіктестікті басқарудың жүйесінің бір түрі. Маркетингтің басты мақсаты – бул табыстың жоғарылауы болып табылады.
Маркетинг қызметінің мақаты –тұтынушының тауарға немесе қызметке қажеттілігін тудырып, содан соң сұранысынқұрастыру.Маркетинг қызметінің кандидаттарына қатал талаптар қойылады:
- Жақсы дамыған талдау, қатынас жасау біліктілігі;
- Ойлау қабілетінің жоғарғы дәрежесі;
- Әлдеқандай жағдайларда дұрыс шешімін таба алу.
Жеке тұлғаның қасиеттері:
-креативтік, мақсатқа жету қабілеттілігі:
- талаптылық, жауапкершілік;
- ұйымдастыру жұмысын жоспарлау қабілеттілігі;
-Біліктілік, өзіне сенімділік, жетістікке ұмтылу қабілеті.Сонымен, маркетинг – бұл мекемені басқарудың бір жүйесі, нақты талдау арқылы нарықтағы жағдайларға сәйкес дұрыс шешімдерді қабылдау. Маркетинг мақсаттарынның бірі – максималды табыс табу. Ол әртүрлі деңгейде қолданылады – жекеден бастап мемлектеттікке дейін, өте динамикалық, нақты жағдайларды көруге мүмкіндікбереді, ол өндіріс пен нарық арасындағы, нарық пен тұтынушылар арасындағы жағдайлар.