0 дауыс
58.0k көрілді
Солтүстік мұзды мұхит туралы білсем деп едім? ол қай жерде орнласқан?

10 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Солтүстік Мұзды Мұхит – Жер шарындағы аумағы жөнінен ең кіші мұхит. Ауд. 14,75 млн. км², суының көл. 18 млн. км3. Орташа тереңд. 1220 м, ең тереңжері – 5527 м. С.м.м-тың орта тұсында Солт. полюс орналасқан. Барлық жағынан дерлік Еуразия мен Солт. Америка құрлықтарының солт. ш Мұзды мұхит (кейде СолтүстікМұзды мұхит, не Арктика мұхиты) — солтүстік жарты шарындағы полюсқа жақын су өңірі, 4 мұхиттың ең кішісі. Теңіздері
*. Баренц теңізі
*. Кара теңізі
*. Лаптевтер теңізі
*. Шығыс Сібір теңізі
*. Норвег теңізі
0 дауыс

ең суық, әрі ең кішкентай мұхит көлемі 14 млн км кв терең жері атлант теңізі 5527 м

атлант тенізі емес
 терең жері гренланд теңізі
0 дауыс

§11. Солтүстік Мұзды мұхиттың физикалық географиялық орны

Солтүстік Мұзды мұхиттың ерекшелігі неде?

Солтүстік Мұзды мұхит – Жер шарындағы аумағы жөнінен ең кіші мұхит. Ауданы – 14,75 млн км², суының көлемі – 18,07 млн км3. Орташа тереңдігі – 1225 м, ең терең жері – 5527 м. Солтүстік Мұзды мұхиттың орта тұсында Солтүстік полюс орналасқан. Солтүстік полюс маңы толығымен Солтүстік мұзды мұхит пен оның теңіздері, Еуразия мен Солтүстік Америка құрлығының жағалауын қоса Арктика деп атаймыз. Қыс айларындағы ауа температурасының төмен болуына қарай Солтүстік Мұзды мұхит толығымен мұз құрсауында болады.

Солтүстік Мұзды мұхитты кімдер зерттеді?

Зерттелуі. 1553 жылы ағылшын теңізшісі Ричард Ченслер қазіргі Архангельск орналасқан жерге, ал 1556 жылы Стивен Барроу Жаңа Жерге дейін жетті. Голланд зертеушісі Виллем Баренц 1594–1596 жылдары 3 арктикалық экспедицияға шығып, Жаңа Жерде қайтыс болды. Бұдан кейін де Солтүстік Мұзды мұхит аймағын зерттегісі келген саяхатшылар көп болды. Кейінірек, 1940 жылдардан бастап мұхит ғылыми тұрғыдан зерттеле бастады. Ломоносов және Менделеев жоталары ашылды. Мұхитты зерттеуге Кеңес ғалымдары және америкалық, канадалық ғалымдар үлкен үлес қосты. Қазіргі уақытта Ресейлік Арктика аумағы Орыс географиялық қоғамы бастамасымен зерттелуде және игеру жұмыстары жүргізілуде.

Географиялық жағдайы. Солтүстік Америка және Еуразия материктерінің жағалауларын шайып жатыр. Мұхит үш акваторияға бөлінеді: Арктикалық алап, Солтүстік-Еуропалық алап, Канадалық алап. Солтүстік Мұзды мұхит полярлық географиялық орнына сәйкес көпшілік бөлігін жыл бойы мұз басып жатады. Солтүстік Мұзды мұхиттың тағы бір ерекшелігі – ол басқа мұхиттарға қарағанда терең емес.

Материктердің шеті мұхит түбіне өтетін жерінде тереңдік 200 м-ден аспайды. Ол әсіресе Еуразия жағалауында жалпақ өңір құрайды. Мұхитта ірі аралдар көп. Ең үлкен аралы – Гренланд.

Мұхиттың ортасында терең қазаншұңқыр бар, оны Ломоносов жотасы екіге бөліп тұр.

Мұхиттың климаты қандай?

Климаты. Солтүстік Мұзды мұхитқа арктикалық өте суық климат тән. Арктикалық белдеуде орналасуына және тұрақты мұз жамылғысына байланысты. Көбіне боран мен ызғарлы желдер тұрады. Орташа жылдық температура 0ºС-ден төмен. Жылдық жауын-шашынның 200 мм-ден асуы өте сирек. Қыста мұхиттың орталық бөлігінде қысымы жоғары Арктикалық антициклон қалыптасады. Алты ай бойына осы антициклон басым болады.

Гидрологиялық режимі. Солтүстік Атлант ағысының тарамдарының ықпалы мұхит суына әсер етеді. Керісінше, Арктикалық суық су ағыны Лабродор мен Шығыс Гренланд суық ағыстарымен қосылады. Тынық мұхитпен су алмасу жоққа тән. Еуразия мен Солтүстік Америка құрлығынан шыққан өзендер мұхитқа тұщы су құйып, оның тұздылығын төмендетеді. Мұхит полярлық географиялық жағдайына орай Арктикалық алабының орталығында мұз жабыны жыл бойы ерімей жатады. Солтүстік Мұзды мұхиттың теңіздері: Баренц теңізі, Кар теңізі, Лаптевтер теңізі, Шығыс Сібір теңізі, Норвег теңізі.

Мұз құрсап жатқан аймақта тіршілік иесі болуы мүмкін бе?

Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. Климат жағдайына байланысты бұл аймақтың тіршілік дүниесі ерекше, эндемиктерден құралған. Арктикталық және атланттық түрлерден тұрады. Балықтың 150 түрі, құстардың 30-ға жуық түрлері (шағала, балшықшы, кайра, ақ қаз, қарашақаз, т.б.), сүтқоректілерден итбалық, сойдақтістілер, кит, поляр дельфині, т.б. кездеседі. Жағалауын ақ түлкі, ақ аю және бұғы мекендейді. Мұхитта аң аулау балық кәсіпшілігі дамуда. Еуразия жағалауы арқылы ресейліктер Солтүстік теңіз жолын пайдалануда. Солтүстік Америкада Канада жағалаулары және топаралдарды бойлап, Солтүстік батыс су жолы игерілген.

Шекараласатын елдер мен аймақтар. Солтүстік Мұзды мұхит Дания (Гренланд), Исландия, Канада, Норвегия, Ресей және Америка Құрама Штаттарымен шектеседі.

Еуразия жағалауында Тронхейм, Тромсе, Мурманск, Архангельск, Диксон, Тикси, Певек, ал Солтүстік Америка жағалауында – Черчилл, Барроу портты қалалары орналасқан.

0 дауыс
Солтүстік Мұзды мұхитының гидрологиялық режимі қандай
0 дауыс

Солтүстік Мұзды МұхитЖер шарындағы аумағы жөнінен ең кіші мұхит. Ауд. 14,75 млн. км², суының көл. 18 млн. км3. Орташа тереңд. 1220 м, ең терең жері – 5527 м. С.м.м-тың орта тұсында Солт. полюс орналасқан. Барлық жағынан дерлік Еуразия мен Солт. Америка құрлықтарының солт. ш Мұзды мұхит (кейде Солтүстік Мұзды мұхит, не Арктика мұхиты) — солтүстік жарты шарындағы полюсқа жақын су өңірі, бес мұхиттың ең кішісі. Мұзды мұхиттың және төңірегінің батиметриялық/топографикалық картасы Солтүстік Мұзды мұхит алабының басты өзені. оның ұзындығы 4248км, тек 1700км-ге жуық бөлігі ғана Қазақстан жері арқылы ағып өтеді. Ол Қытайдан Бала Ертіс деп басталып, Қазақстанда қара ертіс деп аталып, зайсан көліне келіп құяды. Көлден ағып шыққанда өзен Ақ Ертіс немесе Ертіс деп аталады да, Ресей аумағындағы Обь өзеніне барып құяды. Ертіс алғашында белесті-төбелі жазықпен ағып,Алтайдың Нарын, Қалба Жоталары т.б тау сілемдерінің аралығындағы тар шатқалдармен Өскемен қаласына дейін ағады. Оған Семей мен Өскемен Қаласының аралығында көптеген салалар келіп құядыю Бұлардың ішіндегі суы моләрі ең ірісі-Бұқтырма өзені.

Бойлық-ені: 90° N 0° E


0 дауыс
Солтүстік мұзды мұхит  ол мұхиттар арасында ең кіші ждəне аумағы жөнінен толығымен поярлы ендіктерге орналасқанжалғыз мұхит.Оны Ломоносов  жотасы кесіп өтсе Менделеев жобасымен  параллел орналасқан.
0 дауыс
Шунгымасы кандай сонда?
0 дауыс
Солтүстік мұзды мұхиттың аралдары
0 дауыс
Солтүстік Мұзды Мұхит — Жер шарындағы аумағы жөнінен ең кіші мұхит. Ауданы 14,75 млн. км², суының көлемі 18 млн. км³. Орташа тереңдігі 1220 м, ең терең жері – 5527 м. Солтүстік Мұзды мұхиттың орта тұсында Солтүстік полюс орналасқан. Барлық жағынан дерлік Еуразия мен Солтүстік Америка құрлықтарының солт. ш Мұзды мұхит (кейде Солтүстік Мұзды мұхит, не Арктика мұхиты) — солтүстік жарты шарындағы полюсқа жақын су өңірі, бес мұхиттың ең кішісі.

Мұзды мұхиттың және төңірегінің батиметриялық/топографикалық картасы Солтүстік Мұзды мұхит алабының басты өзені. оның ұзындығы 4248 км, тек 1700 км-ге жуық бөлігі ғана Қазақстан жері арқылы ағып өтеді. Ол Қытайдан Бала Ертіс деп басталып, Қазақстанда қара ертіс деп аталып, Зайсан көліне келіп құяды. Көлден ағып шыққанда өзен Ақ Ертіс немесе Ертіс деп аталады да, Ресей аумағындағы Обь өзеніне барып құяды. Ертіс алғашында белесті-төбелі жазықпен ағып, Алтайдың Нарын, Қалба Жоталары т.б тау сілемдерінің аралығындағы тар шатқалдармен Өскемен қаласына дейін ағады. Оған Семей мен Өскемен Қаласының аралығында көптеген салалар келіп құядыю Бұлардың ішіндегі суы моләрі ең ірісі - Бұқтырма өзені.

Бойлық-ені: 90° N 0° E

Осы
0 дауыс
Солтүстікте орналасқан
...