0 дауыс
Hyundai компаниясы көліктің есігін телефон арқылы ашуға мүмкіндік беретін Connectivity Concept технологиясымен таныстырды. Бағдарламаның тесттік нұсқасы i30 хэтчбегіне орналастырылған.

Жүйенің жұмыс жасауы үшін смартфонға NFC сымсыз байланыс модулі орнатылған болуы керек. Есікті құлыптау немесе құлыпты ағыту үшін телефон көлікте бекітілген арнайы орынға қойылады.

Жаңа бағдарлама арқылы, сонымен қатар, көліктің мультимедиялық жүйесін оңай басқаруға болады. Мәселен, музыканы ауыстырып, радиотолқындарды баптауға мүмкіндік бар.
17.01.2013 455 қаралым

1 жауап

0 дауыс
21-ғасыр жаңа техналогия дамыған кез.Қазір не керек бәрі бар емес пе
17.01.2013
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,990Қолданушы