0 дауыс
318 көрілді
Көліктегі музыка қандай болуы керек?


Психолог маманның айтуынша, көлікте тыңдауға ең қауіпті әндер шулы болады, олар жүрек соғысының жиілеуіне әсер етеді. Қауіпсіздік сондай-ақ музыканың жанрына байланысты. Тәжірибе барысында хип-хоп тыңдайтын жүргізушілердің дөрекі әрі жылдам айдап, соңғы сәтте тежегішті басып, басқаларға жол бермейтіні анықталды. Ауыр рокты тыңдайтын жандардың спидометрі тек жоғары сандарды көрсетті. Классикалық музыка туындыларын тыңдайтындар да көлікті бей-берекет айдаған екен. Жалпы жүргізушіге ұнамайтын ән қосылып тұрса, оның көлікті айдау мәнері бұзылады екен.

Тәжірибеге 8 адам (4 ер адам, 4 әйел) қатысқан. Олар 400 км қашықтықты мүлдем музыкасыз өтіп, дәл сондай қашықтықты белгілі бір музыкамен айдап өткен. Тәжірибе барысында көліктің жылдамдығы, тежелу уақыты мен жиілігі және ережелерді бұзу есептелді. Нәтижесінде ең қауіпсіз және ең қауіпті музыка тізімдері құрылды.

Көлік айдауға қауіпті 10 ән:

1. Hey Mama — The Black Eyed Peas
2. Dead on Arrival — Fall Out Boy
3. Paper Planes — M.I.A
4. Walkie Talkie Man — Stereogram
5. Paradise City — Guns N’ Roses
6. How You Remind Me — Nickelback
7. Hit the Road, Jack — Ray Charles
8. Get Rhythm — Johnny Cash
9. Heartless — Kanye West
10. Young, Wild and Free — Snoop Dogg & Wiz Khalifa (feat. Bruno Mars)

Жалпы көлік айдауға жағымды әндердің ритмі жүргізушінің пульсімен сәйкес болады.

Көлік айдауға қауіпсіз 10 ән:

1. Come Away With Me — Norah Jones

2. Billionaire Feat. Bruno Mars — Travie McCoy
3. I’m Yours — Jason Mraz
4. The Scientist — Coldplay
5. Tiny Dancer — Elton John
6. Cry Me a River — Justin Timberlake
7. I Don’t Want to Miss a Thing — Aerosmith
8. Karma Police — Radiohead
9. Never Had a Dream Come True — S Club 7
10. Skinny Love — Bon Iver

Ал сіз көлікте қандай музыка тыңдайсыз?

1 жауап

0 дауыс
осындай өлеңдер керек.Бірақ неге қазақтың өлеңін тыңдамасқа?Ешқандай ұяты жоқ осы 10 өлеңнің қазақшасын білесіз бе?

Ұқсас сұрақтар

...