0 дауыс
380 көрілді
Мен Қабиев Нұр өз зерттеуімді ұсынамын.
Қазақстан футболшыларының құны қанша?
 

Қай футболшының болмасын шеберлік деңгейін оның трансферлік бағасына қарап анықтауға болады. Әлемдік футболда бұл тәжірибе бірнеше онжылдықтан бері ешқандай да күмән тудырып жатқан жоқ. Тек ойыншының шеберлігі қаншалықты жоғары болса, оның трансферлік нарықтағы бағасы да қымбатырақ болады. Жуырда немістің transfermarkt.de интернет басылымы Қазақстан жерінде өнер көрсетіп жатқан футболшылардың футбол нарығындағы бағалары қанша тұратынын анықтаған екен. Назарларыңызға сол порталдың нұсқасы бойынша Қазақстан біріншілігіндегі ең қымбат деген ойыншылардың трансферлік бағаларын ұсынамыз:

Қымбат қақпашылар

Қазақстан біріншілігінде бәсі биік қақпашылардың көбейіп келе жатқаны айқын. Оның ішінде Қазақстан азаматтығына ие бағана күзетшілері де бар. Олар - Вячеслав Котляр, Андрей Сидельников, Давид Лория, Александр Петухов. Алдыңғы қақпашыны transfermarkt.de 200 мың еуроға бағалапты. Тура сондай бағаға “Қайсар” сапында өткен маусымды өткізген Неманья Джоджо да лайықты болған. Өткен маусымды керекулік “Ертістің” сапында бастап, маусым ортасында Түркияға көшкен Давид Лорияға неміс басылымы 250 мың еуро деген баға беріпті. Ал еліміздегі ең қымбат қақпашы болып Ненад Эрич және Александр Петухов тіркеліпті. Олардың трансферлік нарықтағы бағасы 300 мың еуроға тең келеді.  

Жарты миллиондық қорғаушылар

Егер transfermarkt.de басылымна сенетін болсақ, онда былтырғы маусымда біздің біріншілікте трансферлік құны 400 мың еуро құрайтын 4 бірдей қорғаушы ойнаған екен. Қымбат қорғаушылар деп басылым “Астана” қорғаушысы Михаил Рожков, “Шахтер” қорғаушысы Андрей Порываев және де “Атырау” қорғаушысы Джордже Туторичтарды көрсеткен. Ал ел біріншілігінде өнер көрсетіп жатқан ең қымбат қорғаушы деп басылым “Ақжайық” қорғаушысы Милош Брезинскиді таңдапты. Оның трансферлік нарықтағы бағасы - жарты миллион еуро.  

Жоғары бағалы жартылай қорғаушылар

Өткен маусымның ең қымбат жартылай қорғаушы атағы хорват Игор Юговичке бұйырыпты. Оның бағасы - 550 мың еуро. Дегенмен бұл ойыншыны футболсүйер қауым ұмытып та кеткен шығар. Югович өткен маусымда “Ертіс” сапында бар болғаны екі кездесуде ғана алаңғы шыққан. Сосын өзінің туған жері Хорватияға қайта кеткен. Бүгінде ол Отанында өнер көрсетіп жатыр. Қымбат жартылай қорғаушылар тізімінде Жамбыл Көкеев, Ненад Шливич, Тимур Кападзе, Дамир Кояшевич, Эмиль Дикэ, Милош Адамович сынды ойыншылардың да есімдері бар. Бұл ойыншылардың трансферлік құны 500-550 мың еуроның көлемінде.  

Біздің біріншілікте ең қымбат ойыншы - шабуылшылар

Сөзсіз, былтырғы маусымда біздің біріншілікте бірнеше жоғары деңгейдегі шабуылшылар өнер көрсетті. Олардың қатарында сербиялық Брана Илич, өзбекстандық Ұлықбек Бақаев, Александр Гейнрихтер бар. Бұл үш шабуылшыны  transfermarkt.de басылымы 800 мың еуроға бағалапты. Бұл тізімде Қазақстан азаматтығы бар жалғыз шабуылшы бар. Ол – Таңат Нөсербаев. Қазақстан ұлттық құрамасы мен “Астана” командасының шабуылшысының трансферлік құны 750 мың еуроға тең келеді.

1 жауап

0 дауыс
Қазақстанда фудбол спорты дұрыс дамымаған.Сондықтан көп адам біле-бермеиді.
...