0 дауыс
ЕР балаға айдар қойған дұрыспа?
16.01.2013 1.5k қаралым

1 жауап

0 дауыс
Айдар койған балаға арнап мал сояды.Ауылдағы ақсақалдарды шақырып, баласына бата алады. Өнерлі немесе батыр, ортасында сыйлы адамдардың орнына баланы аунатып, «балам осы адамдай болып өссін» деп тілек тілейді. Бірақ «айдар шашты» баланың бәріне бірдей қоя бермеген деген де сөз бар. Негізінен зарығып көрген балаға айдар қойған дейді. Ал ертеде көп жағдайда хан ұрпақтары, бай-манаптар өздерінің ең жақсы көрген және өзінің орнын басады-ау деген балаларына ғана айдар қойған екен. Айдарды он екі жасқа толғанда алып, алғашқы мүшел жасының құрбандығы ретінде ел-жұртқа көрсетіп, мал сойып, баласының ержеткендігін паш етіп, елдің батасын алатын да салт бар.
16.01.2013
127,958Сұрақ
322,879Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы