0 дауыс
13.1k көрілді
пілдің салмағы қанша?

2 жауап

0 дауыс
Пілдің ересек арланы 4 тоннаны, мекиенді - 2 тоннаны тартады.

Жаңа туғанның пілі 80 140 келәге дейін тартады


Піл. Пілдер — үшінші дәуірде сан жағынан да көп болған және кенінен тараған сүт қоректілер. Қазір бұлардың екі түрі ғана сақталған.
Бұлар жер бетінде тіршілік ететін жануарлардың, ең ірісі. Негізгі ерекшелігі — үстіңгі ерніне бірігіп біткен ұзын ет тұмсығы (хобот) болады. Ет тұмсығынық түбінде тірек болар-лық шеміршегі болады, ал ет тұмсығынын, қалған бөлімі тері мен еттен құралады. Пілдер — ет тұмсықтарымен заттың иісін біледі, сезеді және орап ұстайды. Аяғында аздап тұяғы бар бес саусағы болады. Терісі қалың және осы заманда тіршілік ететіндерінің терісінде жүні болмайды. Тіс системасында ерекшелік бар. Мысалы, бивни деп аталатын күрек тісі жақсы жетілген, ұзын болып аузынан шығып тұрады.
Бивнилері өмір бойы өсіп тұрады. Азу тістер біртіндеп шы-ғады. Әрбір жақ сүйегінде тек қана бірден азу тісі болады. Мо-қалып тозған тістерінің орнын жаңа тістері басып отырады. Шошақ тістері болмайды.
Пілдер — 70—80 жыл жасайды, 10—16 жаста жыньгс орган-дары жетіледі. Зоопарктерде қолға үйреткен пілдердің көбеюі өте сирек кездеседі. Үнді пілдерінің Москва зоопарігінде бірне-ше рет көбейіп, тұқым бергені туралы фактілер бар.
Үнді пілдерінің (Еіерһаs mахіmиs) еркектерінде ғана бивни-лері болады. Құлақ қалқаны үш бұрышты болып, денесінің артқы жағына қарай қисайып жатады. Денесінің биіктігі 3 метр-дей болады. Бұлар Үндістанның, Цейлонның, Суматраның және Барнеоның ормандарында кездеседі. Қолға тез үйренеді, бірақ қолда үйренгендері көбеймейді.’ Африка пілінің (Lохосіоп аігісаnbs) ерекшелігі, олардың биіктігі 3,5 м болады да, құлағы салбырап тұрады. Еркегіннің де, ұрғашысының да бивнилері болады. Олар Тропиктік Африкаға тараған. Қолға тез үйренбейді.
Мұз дәуірінде тіршілік еткен мамонттар (Еіерһаз ргіmідепіиs) — систематикалық жағынан үнді пілдеріне жақын жануарлар. Сибирьдің солтүстігінде өмір бойы қатып жатқан жер қабаты-ның астынан мамонттардың бивнилері мен денесінің қалдықтары табылған.
0 дауыс
Үлкені 4-тонна,баласыныкі 2-тонна.
...