Басты ұстаған үлкен кісі айналасындағы отырғандарға мүшелеп ауыз тигізеді.Қолына пышақты ұстағаннан соң ен бірінші құлақты кесіп босағадағы балаға:-"Балам,мына құлақ саған,үлкендердің айтқанын ұғып алар құйма құлақ бол құлыным!"-деген тілекпен ұсынады. Бұрынғы кезде телик,радио,интернет дегендер болмағанын білерсің,сонда да ауыз әдебиеті дамып ,өркендегені сол құймақұлақтардың арқасы болған.Екіншісі,босағада отырған балаға,төрдегі қарияның ұсынған құлағы төр мен босаға арасындағы көпір іспеттес болған:-"сенде, балам,қартайып бас ұстайтын дәрежеге жет"-деген ниет болған.