+1 дауыс
1.6k көрілді
Кішкентай балаға памперс кигізген дұрыспа?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Көптеген аналарда  сәбиге памперс кигізу өте зиян деген түсінік басым. Алайда, барлық мәселе оны  дұрыс пайдалана білуде.

Біріншіден, памперс терінің құрғақтығын қарапайым жөргектен гөрі жақсы сақтайды. Соның арқасында жөргек дерматиті бүгінде сирек кездеседі. Памперс кигенде бала терісінің рН деңгейі де қалыпты болады. Екіншіден, баланың түбекке отыру мезгілі оның памперс киген-кимегеніне байланысты емес. Бұл ата-анаға байланысты жағдай. Демек, балаға түбекке отыруды дер кезінде үйрете білу қажет. Үшіншіден, үнемдеу мақсатында памперсті тиісті уақыттан ұзақ кигізуге болмайды. Бұндай жағдайда оның барлық артықшылықтары жойылады. Төртіншіден, сәби үнемі памперс киіп жүруге тиісті емес. Оны ауыстырғанда демалуға мүмкіндік беріңіз.

Памперс қанша қымбат болса да, оны пайдаланғанда бірқатар ережелерді сақтау керек. Баланы бір памперсте 6 сағаттан артық ұстамаңыз. Оны 4 сағат сайын ауыстырып тұрған дұрыс. Баланың күні бойы бір памперспен жүруіне мүлде жол бермеген жөн. Сондай-ақ баланы памперске үйретпеген абзал. Егер бала ояу болса, памперс кигізбей терісін демалдырыңыз. Жаңадан шыққан памперстерді де абайлап пайдаланыңыз. Оны ұзақ уақыт кигізбеңіз, өйткені аллергия тудыруы мүмкін.

Сондай-ақ көптеген жөргектердің ішкі бетінде арнайы алоэ бальзамының сызықшалары болады. Жөргек бала терісіне тиген кезде оған бальзам сіңіп, жұқа ғана сенімді қорғаныс жасайды. Бұл терінің тітіркенуіне жол бермейді. Бальзам негізінен  вазелин мен стеарил спирті  және басқа да қосымша заттардан тұрады. Бұл  бала үшін мүлде зиянсыз. Бұны бала дәрігерлері жүргізген көптеген зерттеулер дәлелдеп берген. Олардың аллергия тудыру мүмкіншілігі өте төмен.
0 дауыс
*Негізінен кішкентай сәбиге памперсты барынша кигізіп қажет емес,өйткені ол баланың терісін құрғатып жіберуде мүмкін ж/е аллгергиялық қызаруларға әкеп соқтыруы мүмкін..Егер сәби кішкентай болса бесікке бөлеген жөн,ал кішкене есейген кезде горшокка үйреткеніңіз абзал..*
0 дауыс
Аллергия тудырмаса кигізе беруге болады.
...