+2 дауыс
1.1k көрілді
Достар парақорлықты қалай жоюға болады?

5 жауап

0 дауыс
Грузия парақорлықтан қалай құтылды?

АҚШ үкіметі Грузияның соңғы 10 жылда жеткен жетістіктерін басқаларға үлгі қылады. Алайда бұл өзгерістің бәрі демократиялық реформалардың арқасында жүзеге аспаған. Тиімді басқару тәсілі мен әділ демократиялық жүйе орнату екі бөлек нәрсе деп жазады америкалық басылым авторы.

Қаңтардың 31 күні Foreign Policy («Форин Полиси») журналына «Грузия парадоксы» атты мақала жарияланды. Автор Грузия президентін бақытты адам деп санайды. Себебі жақында ғана АҚШ президенті құрметті қонақтарды қабылдайтын кабинетінде Михаил Саакашвилиді ерекше ықыласпен күтіп алған. «Барак Обама Грузия президентіне АҚШ-тың Ауғанстан мен Ирактағы әскери қимылдарына жәрдем бергені үшін алғыс айтты» дейді басылым.

Мақала авторының айтуынша, Михаил Саакашвили осы сапары кезінде Дүниежүзілік банктің Вашингтондағы кеңсесіне де кіріп шыққан. Банк басшылары оның коррупциямен күрес тәсілдерін құптап, біраз мақтаулар айтқан.

Ал Грузия президенті: «Барак Обама соңғы кездері мемлекетті басқару ісіндегі жетістіктері үшін Грузияны ерекше атап өтті. Ол сонымен қатар реформа жасағысы келетін басқалар үшін Грузия сол аймақтағы тәп-тәуір үлгі деген баға берді» деп тілшілерге мақтаныңқырап сұқбат берді дейді журналист.

«Кім де кім өз еліндегі жемқорлықпен күрес үшін ақыл-кеңеске мұқтаж болса, Дүниежүзілік банктың зерттеулерін қарап шықсын. Грузия таң қаларлықтай ілгерілеген» дейді тілші.

«ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖОЙЫЛСЫН!»

Мақалада 2003 жылы «Раушан гүл» революциясынан соң билікке келген Саакашвилидің қатал реформалары туралы жазады. Жаңа үкімет 16 мың МАИ қызметкерін бір-ақ түнде жұмыстан шығарып жібереді. Оның орнына жақсы  
Грузин полициясы. Тбилиси, 26 мамыр 2011 жыл.
Грузин полициясы. Тбилиси, 26 мамыр 2011 жыл.
жалақыға адал жұмыс жасайтын шағын ғана полиция тобы іріктеліп, қайта құрылды. Айыппұл банк арқылы ғана төленетін болды. Заңның қалтқысыз орындалуын қадағалайтын сенім телефондары 24 сағат қызмет көрсете бастады.

Бұл реформа құқық қорғау саласына тұтас жайылды. Бірінші кезекте парақорлықтың жолы кесіліп, қылмыс күрт азайған. Құжаттарды рәсімдеуде қағазбастылық жойылды. Қолдан жасалған кедергілерді жою үшін үкімет жылдам қызмет көрсететін дүкендерді тездетіп ашып тастады. Сәтті реформаның себебінен Грузия күтпеген жерден ескі көліктерді алып келіп сататын ең тиімді елге айналып шыға келді. Жаңа үкіметтің мұнымен де тоқтамағанын айтқан мақала авторы жаңарған биліктің салық төлеу, кеден, білім беру, коммуналдық қызмет көрсету салаларына енгізген өзгерістеріне біршама тоқталған.

Автордың пайымдауынша, Грузияның аз уақытта жеткен жетістігіне көптеген мамандар таң қалған. Оған дәлел ретінде Transparency International ұйымының Грузия бойынша өкілі Марк Мулленнің пікірін келтіреді. «Қазір Грузия он жыл бұрынғымен салыстырғанда адам танымастай өзгерген. Кімде кім бұл жетістікті мойындамаса, бұл – оның әділдіктен тануы» дейді Муллен.

КІШКЕНТАЙ КІЛТИПАН

Бірақ Дүниежүзілік банктің зерттеуінде Грузияға жайсыздау тиетін жайттар да бар дейді сарапшы. Банк мамандары «Грузияның жемқорлыққа қарсы реформаларын әлі де жеткіліксіз» деп санайды. «Бұл жүйенің тұрақтылығы мен тазалығын тағы да нықтай түсу керек» деп сақтық білдіреді.
Грузияда коррупция әлсірегенімен, үкіметтің билігі тым күшейіп кеткен.

Автордың ойынша, соңғы жылдары Грузияда коррупция әлсірегенімен, үкіметтің билігі тым күшейіп кеткен. Михаил Саакашвилидің Вашингтонға басқа бір келісінде The Economist журналы «Грузиядағы адам құқығы мәселесі нашар» деп жазған болатын.

Грузиядағы БАҚ-тың барлық түрлері билікке түгелдей тәуелді бола бастады дейді ол. «Шекарасыз тілшілер» ұйымының соңғы зерттеулері бойынша, Грузия баспасөз бостандығы жөнінен әлем бойынша 179 елдің ішінде 104 орында тұр.

«ҚҰРБАН БОЛҒАН ДЕМОКРАТИЯ»

Мақала авторына сұқбат берген Михаил Саакашвили президент пен парламент сайлауына қатысты да реформалар жасап жатқанын айтқан. Алайда кейбір мамандар оған онша сеніңкіремейді. Ол Путиннің тәсілін қолданып, «премьерлікке» ауыса салуы мүмкін деп болжайтындар да жетеді дейді автор. Ал грузин президенті елдегі демократиялық ахуалға қатысты сұрақтарға тура жауап бермей, барынша қашқақтады дейді мақала авторы.

Алайда бұл мәселе жөнінде Колумбия университетінің профессоры Линкольн Митчел: «Егер сіз демократиялық кемшіліктерді елді жақсы басқарумен жамап-
Полиция оппозициялық шерушілерді ұстап жатыр. Тбилиси, 26 мамыр 2011 жыл.
Полиция оппозициялық шерушілерді ұстап жатыр. Тбилиси, 26 мамыр 2011 жыл.
жасқайтын болсаңыз, үлкен маңызды нәрседен құр қаласыз» дейді. Мамандардың айтуынша, жаңа үкімет Грузияның конституциясын өздеріне ыңғайлы етіп өзгертіп алған. Болашақта сайлау әділ өткен күннің өзінде, оппозицияның жеңіске жетуіне ешқандай мүмкіндік жоқ.

Мақала авторы тілдескен АҚШ мамандарының ойынша, мемлекетті жақсы басқарып, жемқорлықпен күресу – құптарлық нәрсе. Бірақ демократияны ендіру мен елді тиімді басқару – егіз ұғым емес.

Михаил Саакашвили жақсы өзгерістерді күштеп жасап, көпшіліктің көңілінен шыққанымен, демократиялық институттарды да қиратып алды. Америкалық мамандар «болашақта маргиналданып бара жатқан оппозиция мен жоғарыдан басқаруға бауыр басып қалған халық ортақ мәмілеге келе ала ма» деп алаңдайды деп жазады автор.
+1 дауыс
Қоғамдағы кез келген келеңсіздікті ислам дінінің қатысуынсыз түбегейлі шешу мүмкін емес сияқты. Қаржы дағдарыс келгенде әлемнің жетекші экономистері мен қаржыгерлері, тіпті христиандық шіркеулердің поптарына дейін исламдық қаржы жүйесінің дағдарыстан құтқаратындығын қолдап шықты. Күні кеше ғана жол апаттарының алдын-алу мақсатында жол бойларына Құран аяттары мен хадистер жазылған ескерту билбордтары орнатылғандығы жөнінде Қостанай жақтан жаңалық естілді. Бұл өңірдің дін қызметкерлері мен жол полициясының бірігіп іске асырған жұмыстары екен. Мұндай тәжірибе Ресейдің мұсылман жұртшылығы мекен ететін аймақтарында бұрыннан қолға алынған. Біз бұның мұсылман діндарларының жолда жүру тәртібін нығайтуға қосып отырған үлесі екендігін көреміз. Ислам дінінің қоғам, халық игілігі үшін жасап жатқан мұндай іс-әрекеттері жетерлік. Енді жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлық дертіне қарсы күресте де дін қызметкерлері тарапынан көмек керек екендігі айқын аңғарыла бастады.
Бұған қарашаның 2-сі күні «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Астанадағы Орталық аппаратында «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен жемқорлыққа қарсы айлық аясында өткен жиынға «Нұр Астана» орталық мешітінің қызметкерлерінің арнайы шақырылғандығы дәлел. Қоғамның айықпас дертіне айналып отырған сыйбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының республикамыздағы жай-күйі егжей-тегжейлі талқыланған салиқалы отырыс аталмыш қылмыспен күреске қатысты 5 ұсыныс шығарумен аяқталды, соның бірі - дін қызметкерлерімен бірлесе іс-әрекет жасай отырып, парақорлық індетіне тойтарыс жасау ұсынысы. Бұл жерде біз діннің мемлекет алдындағы маңызы мен мідетін және ислам дінінің жемқорлыққа қарсы күрестегі сенімді күш болатындығын көріп отырмыз. Иә, парақорлық - Алла тағала тарапынан қатаң тыйым салынған үлкен күнәлі істердің бірі. Сондықтан, бұл бағыттағы күресте еліміздің діни мамандары аянып қалмасы анық.
Жиынға қатысқан «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Төлеби Оспан: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметіндегі алға қойылған мақсаттардың бірі - жемқорлықпен күресу. Бұл еліміздегі әрбір мешіттің күн тәртібіне қойылған мәселе. Сондықтан, парамен пайда тапқысы келгендерге тойтарыс беруде біз билік өкілдерімен қоян-қолтық жұмыс істеуге әрдайым әзірміз. Бұл әрбір қазақстандық азаматтың Отан алдындағы міндеті екені даусыз» деді.
мммммммммммммм
0 дауыс
парақорлықты жою үшін адамдар ең бірінші өздерінен бастау керек, халық көбінесе дәрігер депутатты кіналайды ал оларға беріп жемқор қылатын кім арне өзіміз,,, қоғамда бере алмайтын адамдар бар, ал алмайтын адам кемде-кем))) егер жойғыныз келсе ең бірінші өзіңізбен достарыңыздан бастау керексіз
Дұрыс айтасын
0 дауыс
парақорлық жойылмайды ешқашан,оған өзіміз кінәліміз,өзіміз беріп жаман үйретеміз,бергенді алмаса алмайды деп кінәлап,ренжиміз
0 дауыс
расымен де гой, егер маган  мынадай шаруа шыгып тур шешип берш мынадай акша берем десе менде алам содан гой пара басталатын
...