+1 дауыс
739 көрілді
Сұрақ-жауап сайты vs Массагет сайты!Қайсысы ең күшті сайт.

8 жауап

+1 дауыс
әрине Массагет беделді сайт қо мынау бір маңызды нәрсе сұрайын деп сұрақ қоисаң өшіріп тастайды мектеп жасындағы балалар бар деп сонысыс жаман бірақ та біраз жауаптарды осыдан да біліп отырамын! бұл да жақсы!жәи аздап админге қимылдау керек!
Қандай маңызды сұрақ қойып едің соншама?! Есіңде болсын сұрақ-жауап сайты аға сайттардың алды. Масагеттен артық түспесе кем түспейді.
Массагет сайтын мүлде білмейді екем ол да жақсы сайт шығар,бірақ өзімді бірден баурап алған осы сұрақ- жауап сайты!
0 дауыс
Сұоақ-жауап.кз және массагет негізі екеуі сапалы,жақсы сайт және екеуін салыстырар болсақ мен СЖ сайтының қолданушысы болғандықтан СЖ ны таңдаймын
0 дауыс
мен осы екі сайтты бөліп жарғым келмейді ,екеуіде қазақша, түсінікті сайт ...
0 дауыс
СЖ ұнайды қызықты  Массагет туралы көп білмеймін
+1 дауыс
Массагет мыкты бұл сайтта,массагетті 1жылдыгы болды гой сайтты біріз беделді адамдар куттыктады.
1 жұмыс орны өз әндерінде шығарды массагет мыкты
ал сурак жауап болса 2 жылдан сон сондай дарежеге шыгуы мумкін
0 дауыс
Сапа жағынан Массагет сайты мықты. Себебi онда арнайы редакторлар, мамандар, аудармашылар жұмыс жасайды. Материалдарды да сол адамдар салып отырады. Ал СЖ сайтын материалмен толықтырушы оқушылар, студенттер. Олар көбiсi бiлсе де қитұрқы жауап бере салады. Мысалы бар, анадан сұрап көрсиш, болмаса былай жасасаң әрмен қарай түсiнiктi ғо деген де жауаптар болады.
0 дауыс
Салыстырмайтын сайт қой екеуі, массагет қазақша сайттардың арасында ең үздік 5 сайтқа кіреді(өз ойым). Массагет жан-жақты сайт қой, өзім іздеген нәрсемді массагеттен табамын. Екі сайтқа да тіркелгем, екеуін де оқып тұрамын белсенді араласпасамда. Массагеттің қолданушылары өте керемет, оптимист, адамды сыйлай алады. Ал СЖ-ның қолданушылары керемет деп айта алмаймын, осы жауабымды жасыруы да мүмкін, қарсы пікірлер қалдырып, минустауы да мүмкін. СЖ массагетке жету үшін өте көп қаражат керек, демеуші керек, өмірді түсіне білетін қолданушылар керек. СЖның админі ғана жақсы жұмыс жасап, сайт үшін еңбек етуде, қолданушыларға бәрібір, модератор, редакторларды ақымен жұмыс жасату керек, тегіннен-тегін сайттағы жазбаларды өңдегісі келмейді ешкім. Сонымен, Массагет аман болсын, СЖ дами берсін!
0 дауыс
Екеуі салыстыруға келмейді, себебі Массагет сайты қаржыландырылады, ал СЖ сайты Ерболдың - админнің арқасында ғана жұмыс істеп тұр техникалық жағынан, ал модераторлар, редакторлар ақша алмайды, тек өз еріктерімен ғана жұмыс істейді. Және бағыты бөлек бұл сайттардың.

Қазақстанда бұдан да көп қазақ тілді сайттардың болғаны дұрыс, себебі қазақша сапалы ақпарат беретін сайттар аз.
...