+1 дауыс
Беттегі әжімді қалай кетіруге болады?
Сұрақтың жабылу себебі: жақсы жауап алынды
14.01.2013
жабық 10.9k қаралым

1 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Әжімді кетіретін бір жол - жаттығулар жасау. Мәселен, күлуден пайда болған әжімді кетіру үшін ауызға ауаны молынан толтырып, бетті домалатып үрлеңіз. Ауыздағы ауаны оң жақ беттен сол жақ бетке ауыстырыңыз.

Алдын алу жолдары: бет терісін температураның шұғыл өзгеруінен сақтау, дене салмағының тым қатты ауытқымауын қадағалау, теріні маймен және сумен, қажетті кремдермен, басқа косметикалық құралдармен қамтамасыз ету, дұрыс күн тәртібін сақтау, ой және дене еңбегін шамадан артық атқармау, демалуды естен шығармау. Бұларға қоса, денсаулық жағдайын қадағалап, ара-тұра жалпы медициналық тексеруден өтіп тұру қажет. Тері асты майының біркелкі таралуы үшін тамақтану тәртібін реттеу, спортпен шұғылдану, кейде массаж жасату қажет.http://massaget.kz/bastangy/krasota/1134
https://surak.baribar.kz/1/
14.01.2013
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы