0 дауыс
4.5k көрілді
Тұрмыста вольфрамды,күмісті,сынапты,мысты,қалайыны қалай қолданады? Олардың қолданылуы қандай қасиеттеріне негізделген?

1 жауап

0 дауыс

Тарихы.
Күміс өте ерте заманнан бастап адам тұрмысында пайдаланылып келеді. Мысалы, Мысыр фараоны – Менес заманында (біздің заманымыздан бұрынғы 3600 жылы) күміс алтыннан 2,5 есе қымбат болған. Одан күміс теңгелер, зергерлік бұйымдар жасалған. Күміс 16-ғасырдан 19-ғасырдың аяғына дейін Еуропа елдерінің ақша айналымында (күміс монометалл не биметалл ) болған.
Таза күміс .
19-ғасырдың аяғында елдердіңкөпшілігі алтынға (алтын монометалы) ауысты. Күміс валютасы Қытайда, Иранда, Ауғанстанда 20-ғасырдың 30-жылдарына дейін сақталды. Негізгі минералдары: аргентит Ag 2 S, пираргирит Ag 3 SbS 3 , прустит Ag 3 AsS 3 , саф күміс , т.б. Күміс жұмсақ, созылғыш (1 г күмістен ұзындығы 1800 м сым тартуға болады), ақ түсті металл, тығыздығы 10,5 г/см 3 , балқу t 961,9°С, қайнау t 2170°С, тотығу дәрежелері  1, 2,  3, сиректеу  4. Электр тогын, жылуды жақсы өткізеді. Күмістің белсенділігі нашар, коррозияға төзімді, бірақ күкірт , галогендермен тез әрекеттеседі. Қыздырылған концентрлі азот және күкірт қышқылдарында ериді. Ауадағы оттекпен жоғары температурада қыздырғанда даәрекеттеспейді, бірақ құрамында күкіртсутек бар дымқыл ауада оттек арқылы тез тотығып беті қараяды. Күміс қорғасын-мырышты, мыс, алтын-күмісті кентастардан алынады. Оның басқа металдармен қорытпасы зергерлік бұйымдар жасауда, медицинада күміс препараттары (күйдіретін, микробтарды жоятын, т.б.), кино және фотоөнеркәсібінде, химия, электртехникалық және электрондық өнеркәсіптерінде, т.б. қолданылады. Аg  иондарысуды жақсы тазартады. Қазақстанда күміс Бозшакөл , Қоңырат , Ақтоғай , Айдарлы , Бақыршық , т.б. кен орындарында кездеседі
...