0 дауыс
592 көрілді
ол туралы мәліметтер болса, кайда түсірілді? кашан көрермен назарына ұсынылған   немесе  ұсынылады?

3 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап
"Балалық шағымның аспаны" фильмі мен кітабы сатылымға шықты
Жаңалықтар - Әр түрлі
Авторы: Бас әкімгер

Елбасының жастық шағынан сыр шертетін "Балалық шағымның аспаны" фильмі мен кітабы сатылымға шықты.

Драма жанрындағы фильмнің режисері Рүстем Әбдірашов. Рөлдерде Бибігүл Төлегенова, Ержан Жарылқасынов, Нұржұман Ыхтымбаев, Алмагүл Әлішева, Наталия Арынбасарова, Елжас Әлпиев, Абілмансұр Серіков, Нұрлан Әлімжанов сынды елімізге белгілі актерлер ойнаған.

"Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жастық шағын ойнау өте үлкен жауапкершілік екендігін сезіндім. Сондықтан бастапқы кезде толқулар да болды. Кейін сценарийдің жақсы жазылғандығынан өлеңдетіп жүріп түсіріп шықтық", -дейді актер Нұрлан Әлімжанов.

Актер Нұржұман Ыхтымбаев та алғашқы кезде расымен де қобалжулар болғандығын, дегенімен ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің және "Қазақфильм" директоры Ермек Аманшаевтың қолдау көрсетіп, араласуы арқасында сәтті түсіріп шықтық деген ойын білдірді. "Олар барлық түсірген дүниені қарап, фильмнің жоғары сапада шығуына өз үлестерін қосты", -дейді актер.

Дерек көзі: "ҚазАқпарат" агенттігі, Әділет Мұсахаев
рахмет! жаксы жауап!
+1 дауыс
Мың бала атты кино шығар!!! 2012 де қазақтың жаңадан 5 киносы көрсетіледі!!!
0 дауыс
Жау жүрек мың бала..Қызықты әрі тарихи кино
...