0 дауыс
476 көрілді
Неге біздің футбол командасы жеңіле береді?

11 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Футбол - әлемдік аренада үлкен мәнге ие болып тұрған спорттың бірі. Және бизнес көзіне айналып отыр. Әлемнің азулы деген футболистері футболдық клубтар ұсынған миллиондаған доллар мен евроға жалданып даңқтары мен дәулеттерін асыруда! Ал бізде ше... Қазақстандағы футбол командаларының қай-қайсысын алып қарасаңыз да, қазақ футболистерінен гөрі басқа ұлт өкілдерін көптеп кездестіруге болады. Бұлардың көпшілігі алыс-жақын шет елдерден ақшаға жалданып келген ойыншылар екенін біреу біліп, біреу білмес! Менің ойымша, болашақта футбол командаларының құрамын толықтай өзіміздің қарадомалақ қазақ балаларынан жасақтамай ҚАЗАҚ футболының алға басуы екіталай! Бұл мәселеге тек спорттық тұрғыдан қарамай, мемлекет тарапынан ұлттық жанашырлықпен мән берілуі тиіс! Ол үшін жоспарлы бағдарламалар жасалып, осының негізінде мемлекеттен қаржы бөлінуі тиіс! Осы қаржылардың көмегімен тек ересектерге арналған клубтар ғана емес, жасөспірімдер клубтарын да құруымыз қажет! Ауылдық жерлерде футбол секцияларын ашуды ұйымдастырып, спортты насихаттау жұмыстарын жан-жақты күшейтіп, жергілікті команда аралық жарыстарды жиірек өткізіп, жастардың шеберлігін шыңдап, тәжірибе алмастырып отыру ҚАЗАҚ футболын өркендетудегі алғышарттардың бірі екені анық!
–1 дауыс
Негізі Дайана ҚФФ жаба салу керек,қаржыда бөлмеу керек.Босқа шығындаламыз...
0 дауыс
http://aitaber.kz/blog/football/1892.html
0 дауыс
Братья Кличко БАУЫРЫМ, олай артқа тартпа. Болашақта қазақ футболы дамиды. Мен сеземін. Бізден Роналду мен Мессидей болмаса да, Стефан Эл-Шаарави, Денис Черышев, Альваро Мората секілді футболшылар шығады. Футболды жақсы меңгерген жас балдар көп қой негізі. Олар көріне алмай жатыр. Болашақта көзге түсіп, бәрі жақсы болады деген ойдамн. Олай артқа тарта берсеңдер, әрине жеңіле береміз! Болатын елдің балдары бірін бірі батыр дейді. Болмайтын елдің балдары бір бірін не дейтінін біліп отырған шығарсыңдар! Сондықтан қазақ жігіттерін олай кемсітпеңдер! Керісінші қолдау көрсетуіміз керек. Сонда олар да жігерлене түседі...Қазақстан Ұлттық Құрамасы ойнап жатырғанда, стадион қазақ жанкүйерлеріне толу керек. Сонда олар да алға қарай ұмтылып, жеңіске тырысады. Ал қазір, көп адам бармайды. Олар да ойнағысы келмейді. Жан жағына қарайды ғой. Жанкүйер аз болған соң, олар ойлайды ғой "біздің ойынды ешкім тамашаламайды, бізге де керек емес" деген сияқты ой келеді ғой. Сондықтан біздің жігіттерге ҚОЛДАУ КЕРЕК! Ирландия мен болған ойынды көрген шығарсыңдар, жеңіп жатыр едік, қарсылас екі доп соғып кетті... Менімше, бұл да қолдаусыз болмағасын сияқты. Сәл сәттілік жетіспей қалды. Сәтті ойнау үшін жанкүйеріңнің жан айқайы керек. Жанкүйерің болмаса, сәтті ойнау мүмкін емес...
Фaрхaт бaуырымa косылaм,олaй кeрi тартпау керек,негiзi барынша казак ойыншылары жаттыккан дурыс....
Белгісіз
0 дауыс
Темекі шегеді ! Бәрі бірдей деп ойлап қамаңыздар 1 тайм ойнайды шаршап қалады 2 тайм жартысына шыдайды  болд сомен

Шынымды айтсам  Ирландиямен болған ойында  85 минутқа ұтып тұрып жеңіліп қалғанына түсінбей-ақ қойдым
қазақстанның футболшылары 85 мин кейін көп гол жіберді ұтып тұрып басты кетіреді
0 дауыс
Голландтық Гус Хиддинкті шақыру керек Ұлттық құрамаға. Білікті бапкер. Онымен қоса Қай елдің құрамасын жаттықтырса сол елдің футболын көкке көтеретін таланты да бар. Ал қазіргі бапкердің бұрын қай команданың тасын өрге домалатқаны белгісіз.
0 дауыс
Шынын айтсам ,
қызығушылық ояту (футбол клубтарын ашу)
кішкентайлардан бастау керек (футбол алаңдары,жаттықтырушылар,тб)
чемпионаттар ұйымдастыру
республикалық лигалар
әрі қарай кете береді...... сатыға шыққандай өрмелеп....
0 дауыс
Рух,намыс,ар жетиспейди
0 дауыс
Алаңда жүргендер өзге ұлт өкілдері. Соларды көргенде қазаққа жаным ашиды. Қазақты алдыға өзіміз сүйремесек, ешкім сүйремейді :((
0 дауыс
Қазақ футболы басқа елден футболшы сатып алуға құмар қазақтың футболшыларына көңіл бөлінбейді
0 дауыс
Ойыншыларға тәжірбие жетіспейді, рух беретін жанкүйерлер жоқ.
...