0 дауыс
1.7k көрілді
Өмір күрестен тұрады. Әрбір адамзат баласы сол күресте жеңуге тырысады. Әркім де бақытты, жақсы өмір сүргісі келеді. Бірақ тағдырына жақсы өмір сүру жазылмаса ше? Бақытсыз адам тағдырына қарсы шығып, күресе білу арқылы бақытты бола алады. Күреспесіне амал жоқ, өйткені оның да өзгелер секілді бақытты болғысы келеді. Біз қандай  болсақ та бақыттымыз. Өйткені Алла Тағала бізге мына жалған дүниеде өмір сүру бақытын сыйлады. Өмір – Алланың әрбір адамға тартқан асыл сыйы. Кейде осы сыйдың қадіріне жете алмай тура жолдан тайып та кетіп жататындар аз емес. Сондықтан да біз өзімізге берілген санаулы алтындай уақыттың қадірін біліп, Алла Тағала салған ақ жолдан адаспай, өмірімізді өзгелерге үлгі боларлықтай етіп өткізейік!

2 жауап

+1 дауыс
Ассалаумағалейкум!!! Сізге мен қосыламын... Алла Тағаланың берген 5 күнге тең өмірді мәнді де сәнді етіп сүру керек!
+2 дауыс
Ассаламу-алайкум!Ана қарнында 4 ай 10 күн болғанда іштегі сәбиге періште келіп бақытты бақысыз бай кедей ұл қыз ажалы қашан болары жазылады енді осының екеуін дұғамен өзгертуге болады бақытты бай болуды дұға жасап өзгертуге болады
Айтканыңыз  кулаққа  қонады екен ,  бірақ  осы  айтқаныңызды қайдан алғаныңыздың  дәйек  көзін  жазып  жібере  аласыз ба?   Алдын ала   рахмет
мұны шариғаттан алдым құраннан хадистен
...