Халал ма, харам ба?Ішер асыңызға абай болыңыз ағайын!
Атам қазақ атам заманнан басқа амандық, асқа адалдықтілеген халық. Адал ас жеп, арда өмір сүрген. Осындай асқақ рухты, иманы таразылыхалықтың бүгінгі ұрпағының бағындырған биігі қандай? Осы ретте «халал» өнімін өндірушілер мен ислам қоғамдық ұйым өкілдері «халал» белгісін стандарттауды сұрайды. Олар ҚР Үкіметі не болмаса Дін істері жөніндегі агенттік жанынан департамент құруды ұсынады.
Қазір кейбір мұсылман бауырларымыз доңыз етін арқалаудан арланбайтын болды. Олардан мынауың не деп сұрасаң, «Мен оны жеп жүрген жоқпын ғой» деп ақталады. Ал, шошқа еті мен сиыр етін бір пышақпен боршалап, бір көлікпен тасымалдау исі мұсылман баласының шымбайына батыпотыр.
Нұрлан Әбенұлы – Науан хазретатындағы орталық мешітінің найб имамы:
- Оның күнәсі, жауапкершілігі де сол базардың иелігінің мойнында. Жұрттар адал малын әкеліп тапсырады бірақ, сатушы немесе оны сатқызушы адам оның адал-арамына қарамай пайда табатын болса, оның күнәсі өзіне орасан зор болады.
Республика бойынша тек қана «халал» өнім сататын арнайы дүкендер саусақпен санарлық. Әрине, елімізде 300-ден астам кәсіпорынның «халал» стандартына көшкенін көзге ілмей отырған жоқпыз. Мәселе, күнделікті тұтынатын азық-түліктің доңыз етінен жасалған тағамдармен аралас-құралас сатылатындығында.
Қала тұрғыны:
- Доңыздың етімен бірге тұрғантағамдарды жеу біздің дінімізге де сәйкес келмейді. Сондықтан ара-жігі бөлінген басқадай бір жерде тұрса деп ойлаймыз. Бөлек дүкен болса. Мына халық тұтынатын халал тағамдарының дүкені ашылса халық әрине барады.
Қала тұрғыны:
- Қазір халал стандарттарына сай дүкендер саусақпен санарлық қана. Жұмыстан шыққаннан кейін обед уақытында бір халал асхана немесе дүкен табайын десең қиынға соғады.
Қолға ілінгеннің бәрін жеу немесе былапыт сөйлеу мұсылманға жат қылық. Сол сияқты «халал» деп жазылғанның барлығы адал емес. Соңғы кезде «харам» өнімдерді «халал» деп өткізушілер пайда бола бастады, – дейді дін қызметкерлері.
Нұрлан Әбенұлы – Науан хазретатындағы орталық мешітінің найб имамы:
- Халал стандарттарының өзініңбелгісі бар. Сегіз бұрышты белгінің ішінде арабша және орысша әріптермен жазылған халал деген сөз бар. Соған мән беру қажет.
Харамды халал деп сатып жатқандардың өнімдерін білу қиын емес. «Халал» стандарты комитетінің төрағасы Марат қажы Ағыбайұлының айтуынша, олар өнімдерінің сыртына өздерінің мекен-жайлары мен телефондарын жазбайды.
Марат қажы Сәрсенбаев – «Халал» стандарты комитетініңтөрағасы:
- Халал тамақтарда қан түрлі инфекция өліктің уыты мысалытрупный яд, қорқыныш гармондары, катехиндар, адреналин түрлі шлагтар жоқ. Ол қаннан толық тазартылған, дұрыс информация салынған.
Белгілі ақын Құдайберді Мырзабектің пікірінше, халалды халық болып талап ету қажет. Яғни, өзін мұсылмансанайтын әр азамат жүрген жерінде халал тағамдарды оқшау жерде сатылатынына көңіл бөлгені жөн.
Құдайберді Мырзабек – ақын:
- Бұқаралық ас-тағамдар сатылатын жерде халал ұйым ба, ұжым ба соның өкілінің біреуі отыру керек. Мал ұрлағанда милиция отырады ғой сол сияқты. Халықтың бір өкілі отыратындай қылу керек.
Ал, мал дәрігері Әуесхан Сахановтың ойынша, республиканың барлық аумақтарында малдың адал сойылғанын анықтайтын зертхана ашу қажет.
Әуесхан Саханов – мал дәрігері:
- Бізде халал лабаратория жоқ етті тексеретін. Халал лабараторияның өзінің стандарттары болады. Олар өзгеше. Біздің мемлекетте қолданып жатқан лабараториялардан. Совет үкіметінен келе жатқан стандарттар.
Мәселен кез-келген қаладағы базарларда орналасқан зертхана бұрнағы тәсілмен жұмыс істейді. Яғни, сатуға әкелінген мал етінің ауру не сауекені ғана сарапталады. Мамандардың пікірінше, таза сойылған малды базардан іздеу бос әурешілік. Адал ет қалайтын адам ауылға өз аяғымен барып, қажетті малды сойып алғаны абзал. Бұл мәселе көп ұзамай шешімін табады. Марат қажының айтуынша, жуырда Алматыда Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығымен бірлескен халал зертханасы ашылды. Бірақ ол әзірге жалғыз.