0 дауыс
1.2k көрілді
Өркен гранты деген не? Өркен грантының стипендиясы бола ма?

2 жауап

0 дауыс
https://surak.baribar.kz/unanswered?start=8880
0 дауыс
«Өркен» білім беру гранты

[Баспаға арналған нұсқасы] [PDF version]

2014 жылғы 30 сәуірде Министр Саринжипов Аслан Бәкенұлының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің-Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысы өткізілді.

         Республикалық комиссия Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің, Астана, Ақтөбе, Көкшетау, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Шымкент қалаларындағы физика-матемкатикалық және Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Өскемен қалаларындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде (бұдан әрі – Зияткерлік мектептер) 2014-2015 оқу жылына 7 сынып оқушыларын іріктеу конкурсының қорытындысын шығарды.

Конкурстық іріктеу 2014 жылғы 1-2 наурыз күндері өткізілді. Қабылдау комиссиясының нәтижесі бойынша «Өркен» грантын тағайындау конкурсына 8 415 оқушы құжат тапсырған. Конкурс нәтижесі бойынша 3 967 оқушы шектеулі балды жинаған.

Республикалық комиссия мүшелерінің қарауына шектеулі балл жинаған барлық үміткерлердің құжаттары мен Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы және Қызылорда, Шымкент қалаларындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7, 8  сыныптарында білім алу үшін резервтік тізімде тұрған 4 үміткердің құжаттары ұсынылды.

 

Республикалық комиссия шешімімен 22.01.2014 ж. №19 хаттамаға Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8, 9, 10 (11) сыныптарында 2014-2015 оқу жылында білім алатын 672 оқушыға грант тағайындау туралы шешіміне өзгерістер енгізілді.

         Жоғарыда аталған хаттамада бекітілген резервтік тізім келесі оқу жылына ауыстырылды.

Республикалық комиссия шешімімен 1311 оқушы «Өркен» білім беру грантының иегері аталса, 2660 оқушы резервтік тізімге енді.

Ұқсас сұрақтар

...