0 дауыс
40.8k көрілді
декреттік демалысқа неше аптада шығады,сосын іштегі баланың жынысын қалай анықтауға болады?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жаңазеландиялық зерттеуші В.Грант «Ұл бала еркі мықты, ержүрек әйелден туылады», – депті. Ол белсенді әйелдің ағзасында еркектік гормон-тестостеронның көп болуы «өзіне тән» сперматозоидтарды қа­былдап отыратынын алға тартады. Егер бойға бала біткен уақытта жұбайлардың некесі әлі қиылып үлгермеген болса, онда дүниеге­ ұл келеді. Өйткені, беті аулақ, аяқ асты жігіт үйленгісі келмей қалған жағдайда нәзік жы­ныстыға тірек болатын еркек сол болады дейді. Жұбайлар сәби жоспарламай тұрып-ақ төсек қатынасына жиі барған болса – қыз, 3-4 күнде бір жыныс қатынасына түсетін­дерде ұлдың өмірге келуі ғажап емес дейтіндер де бар. Ерлі-зайыптының қайсысының махаббат сезімі күш­тірек – балаға соның жынысы беріледі деп сендіретіндер де жетерлік.

«Ұлы сөзде ұят жоқ» деген. Ұлды немесе қызды болудың түрлі құпиялары бар көрінеді. Соның бірі – жоспарлы түрдегі қатынас. Мәселен, ұлды болғысы келетін жұптар арасында мынадай да құпия бар: жы­ныстық қатынаста алдымен әйел құмарын қандыру керек. Сонда олардың ұлды болу мүмкіндігі жоғары көрінеді.

Апа-әжелеріміздің айтатын мына бір болжамына да құлақ асып көрелік: әйелдің бетінде, бойында еш өзгеріс байқалмаса, іштегі шарананың ұл болғаны. Ал егер болашақ ананың ажарына қандай да бір қаяу (секпіл, дақ, т.б.) түссе, онда болашақ нә­ресте қыз болады екен. «Ұл – ананың ақылын, қыз - ананың ажарын алады» деген сөз содан қалса керек.

Мына бір үрдіс те көп елдерде әлі күнге бала жынысын анықтауға себін тигізіп келе жатыр екен. Берлин қаласының бір мұражайында сақталған ежелгі мысырлық­тардың папирусында былай деп жазылыпты: «Жүкті әйелдің зәрімен арпа мен бидайды өсіру ар­қылы бала жынысын анықтауға болады. Егер бірінші болып арпа бүр жарған болса, өмірге ұл келеді. Бидай өсіп шықса, дүниеге­ қыз бала келеді». Бұл әдісті зерттеген ға­лымдар 80 пайызға анық келетіндігіне көз жеткізген.

Іштегі шарананың жынысын анықтау мә­селесіне келгенде астрологтар басқаша ой айтады. Яғни олар жұлдызнамаға сенуге ша­қырады. Егер сіздің жүктілігіңіз әйелге тән Бикеш белгісінде басталса, қыз баланың өмірге келуін күте беріңіз. Суқұйғыш, Мерген белгісінде басталған жүктілік ұл баланың дүниеге келуімен аяқталады.

Адамның жасы мен бойға бала бітетін айдың да перзент жынысына қатысы көп көрінеді. Қыз сүйгісі келетін әйелдер жасы жұп санға келіп тұрса, жұп санды айда (ақ­пан, сәуір, т.б.) көтергені жөн. Сонда бойда­ғы шарананың қыз болуы 80-95 пайызға тура келеді екен. Ал жасы тақ санға дөп келсе, тақ санды айды таңдауы керек. Керісінше ұл сүйгісі келетіндер жасы тақ санға келіп тұр­са, жұп санды айды, жасы жұп болса, тақ санды айды өткізіп алмағаны дұрыс екен.

Ғалымдардың пікірінше, ер адамның жы­ныстық қатынастағы қарқындылығы да бала жынысына әсер етеді екен. Төсек мәселе­сінде ер адам аса белсенді болса, өмірге ер-азамат келетін көрінеді. Еркек гиперсексуалды болса, ондай отбасыларда көбіне ұл туылатынын статистиканың өзі көрсетіп отыр. Ал отызға қарай, керісінше, қыз баланы дүниеге әкелу мүмкіндігі жоғары. Сондықтан да болар, жас үйленгендердің көп­шілігінің тұңғыштары ұл да, екіншісі қыз болады екен. Сонымен, егер төсек қатынасында әйел белсенді болса – қыз, еркек белсенді болса – ұлдың дүниеге келуі мүмкін дейді орыс ғалымдары.

Көріп отырғаныңыздай, бұл тек ырым, жорамал ғана емес, ғылыми түрде дәлелденген, ғалымдар да мойындаған тұжырымдар. Сондықтан перзент жайлы ойланып жүрген болсаңыз, көпшілік мойындаған тү­сінік-тұжырымдарға да құлақ аса жүріңіз. Кім білсін, кәдеңізге жарап қалар…
http://www.zamana.kz/component/content/article/1-latest-news/724-nares.html
0 дауыс
6 айда шығасың, ал ұл қыз жағы, тепсе ұл,тыныш жатса қыз ,
...