Жаңазеландиялық зерттеуші В.Грант «Ұл бала еркі мықты, ержүрек әйелден туылады», – депті. Ол белсенді әйелдің ағзасында еркектік гормон-тестостеронның көп болуы «өзіне тән» сперматозоидтарды қабылдап отыратынын алға тартады. Егер бойға бала біткен уақытта жұбайлардың некесі әлі қиылып үлгермеген болса, онда дүниеге ұл келеді. Өйткені, беті аулақ, аяқ асты жігіт үйленгісі келмей қалған жағдайда нәзік жыныстыға тірек болатын еркек сол болады дейді. Жұбайлар сәби жоспарламай тұрып-ақ төсек қатынасына жиі барған болса – қыз, 3-4 күнде бір жыныс қатынасына түсетіндерде ұлдың өмірге келуі ғажап емес дейтіндер де бар. Ерлі-зайыптының қайсысының махаббат сезімі күштірек – балаға соның жынысы беріледі деп сендіретіндер де жетерлік.
«Ұлы сөзде ұят жоқ» деген. Ұлды немесе қызды болудың түрлі құпиялары бар көрінеді. Соның бірі – жоспарлы түрдегі қатынас. Мәселен, ұлды болғысы келетін жұптар арасында мынадай да құпия бар: жыныстық қатынаста алдымен әйел құмарын қандыру керек. Сонда олардың ұлды болу мүмкіндігі жоғары көрінеді.
Апа-әжелеріміздің айтатын мына бір болжамына да құлақ асып көрелік: әйелдің бетінде, бойында еш өзгеріс байқалмаса, іштегі шарананың ұл болғаны. Ал егер болашақ ананың ажарына қандай да бір қаяу (секпіл, дақ, т.б.) түссе, онда болашақ нәресте қыз болады екен. «Ұл – ананың ақылын, қыз - ананың ажарын алады» деген сөз содан қалса керек.
Мына бір үрдіс те көп елдерде әлі күнге бала жынысын анықтауға себін тигізіп келе жатыр екен. Берлин қаласының бір мұражайында сақталған ежелгі мысырлықтардың папирусында былай деп жазылыпты: «Жүкті әйелдің зәрімен арпа мен бидайды өсіру арқылы бала жынысын анықтауға болады. Егер бірінші болып арпа бүр жарған болса, өмірге ұл келеді. Бидай өсіп шықса, дүниеге қыз бала келеді». Бұл әдісті зерттеген ғалымдар 80 пайызға анық келетіндігіне көз жеткізген.
Іштегі шарананың жынысын анықтау мәселесіне келгенде астрологтар басқаша ой айтады. Яғни олар жұлдызнамаға сенуге шақырады. Егер сіздің жүктілігіңіз әйелге тән Бикеш белгісінде басталса, қыз баланың өмірге келуін күте беріңіз. Суқұйғыш, Мерген белгісінде басталған жүктілік ұл баланың дүниеге келуімен аяқталады.
Адамның жасы мен бойға бала бітетін айдың да перзент жынысына қатысы көп көрінеді. Қыз сүйгісі келетін әйелдер жасы жұп санға келіп тұрса, жұп санды айда (ақпан, сәуір, т.б.) көтергені жөн. Сонда бойдағы шарананың қыз болуы 80-95 пайызға тура келеді екен. Ал жасы тақ санға дөп келсе, тақ санды айды таңдауы керек. Керісінше ұл сүйгісі келетіндер жасы тақ санға келіп тұрса, жұп санды айды, жасы жұп болса, тақ санды айды өткізіп алмағаны дұрыс екен.
Ғалымдардың пікірінше, ер адамның жыныстық қатынастағы қарқындылығы да бала жынысына әсер етеді екен. Төсек мәселесінде ер адам аса белсенді болса, өмірге ер-азамат келетін көрінеді. Еркек гиперсексуалды болса, ондай отбасыларда көбіне ұл туылатынын статистиканың өзі көрсетіп отыр. Ал отызға қарай, керісінше, қыз баланы дүниеге әкелу мүмкіндігі жоғары. Сондықтан да болар, жас үйленгендердің көпшілігінің тұңғыштары ұл да, екіншісі қыз болады екен. Сонымен, егер төсек қатынасында әйел белсенді болса – қыз, еркек белсенді болса – ұлдың дүниеге келуі мүмкін дейді орыс ғалымдары.
Көріп отырғаныңыздай, бұл тек ырым, жорамал ғана емес, ғылыми түрде дәлелденген, ғалымдар да мойындаған тұжырымдар. Сондықтан перзент жайлы ойланып жүрген болсаңыз, көпшілік мойындаған түсінік-тұжырымдарға да құлақ аса жүріңіз. Кім білсін, кәдеңізге жарап қалар…
http://www.zamana.kz/component/content/article/1-latest-news/724-nares.html