0 дауыс
33.5k көрілді
Қыс мезгiлiнде менде тымаудың орнына көзім қызарып кетеді.Ондай бәрінде бар шығар.Көз қызарғанда көзімнен жас аға береді.. Көздің қызарғанын халық емi арқылы қалай емдеуге болады?(whew)

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Көздің қызаруын картоп кетіреді

Ыстық күнде салқын суға түсіп, өтпе жел (сквозняк) жанында тұруды, желдеткіш қасында отырғанды бәріміз жақсы көреміз. Осылай салқындап жүріп менің көзім жиі жасаурайтын болды. Ал қыстыгүні, тіпті, іріңдейтін әдет шығарды. Менің кейбір майларға аллергиям бар. Сондықтан төмендегі амалдарды жасап, көзімнің жасаурайтынынан құтылдым. Бұл амал компьютер алдында көп отырғаннан болатын қызару мен қышынуға да жақсы көмектеседі екен.

Негізі көз тектен-текке жасаурамайды. Ыстықтап тұрып салқын сумен бет шайғанда көз айналасындағы майда тамырларға суық тиеді. Көз қиығының қызаруы, қышуы осы суықтаудың белгісі. Ал оның жасаурауының себебі көп. Дегенмен көп жағдайда суықтағаннан, монитор немесе экранға тым жақын немесе ұзақ отырғаннан болады. Себебі бұл кезде тамырларға күш түседі. Егер мұндайда фармацевтикалық майлар көмектеспесе мынадай амал жасауға болады: шикі картоптың қабығын аршып, майдалап езіңіз де, осы ботқаны жатар кезде 15 минут көзіңізге таңып қойыңыз.

 

Жолжелкен жапырағын кептіріп, 1 ас қасығын 200 миллилитр қайнаған суға салып, 20 минут тұндырыңыз. Суытып, дәкені малып алып, кешке көзге басып жату керек. Ол суықтауды да кетіреді, жасаурағанын жояды.

Егер көзіңіз бен қабағыңыз үнемі қышып, экранға қарағанда қызаратын болса інжугіл (ландыш) тамшысын пайдаланып көріңіз. Кептіріліп, ұсақталған гүлі мен жапырағын дәріханадан сатып алуға болады. Оның 1 шай қасығын 1 стакан қайнаған суға тұндырып, қабаққа 20 минут тампон етіп басасыз. Осылай таңертең және кешке 15 күн ем жасағанда қабақтың ісінуі, көздің қышынуы мен қызаруы жазылады. Бұл амал көздің талып, ашып ауыратынына да ем.

Күнде түс мезгілінде 1 стакан суға 1 шай қасық алма сірке суын қосып ішу көзден жас ағуын тоқтатады.

Экран не монитор алдында ұзақ отырғаннан көз талып аурығанда құлақтың сырғалығын қаттырақ уқалап жіберу керек.

Пакеттегі шайды демдеген соң тастамай, күнара кешке жылы күйінде қабаққа 20 минут басу алдағы жайсыздықтардан құтқарады.

Көз жасаураумен қатар ашып ауыратын болса 2 ас қасық бидайды жуып, 5-7 минут қайнатыңыз. суымен көзді шайып, ал қоюын тампон етіп басу керек. 7-10 күнде оңды нәтижесін көресіз.

Уақытының көбі теледидар алдында өтетін замандастарыма бұл амалдар керек болады деп ойлаймын.
0 дауыс
Менин козим кыз мезгилинде кызаруын токтатады.Бирак коктем жаз айларында кызаруын кайта бастайды.кызара гана  коймай кышиды
0 дауыс
2жарым жастагы кызым телефон коре беретин казир коздери кызарып тур 4кун болды, ириндемейди тек кызарган, тамырлары катты коринип тур Калай емдесе болады?

Ұқсас сұрақтар

...