+1 дауыс
44.1k көрілді
Жүктілік кезінде не жеген пайдалы?

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Жүкті әйелдің емдәмі біздің әрқайсысымыздың тамақтануымыздың ұтымды тәсілінен өзгеше ерекшеленбейді. Әйелдің құрсағындағы жаңа өмірге байланысты дәрумендерге, минералдық қосылыстар мен ағуыздарға қажеттіліктің артатыны өз алдына, осының салдарынан қажетті энергия мөлшері артады. Бірінші триместрде калорияның бір күндік қолданылуы 150 ккал-ға ұлғаяды, ал кейінгі екі триместрде күніне орта есеппен 350 ккал-ға дейін артады.

Кальций және фосфор - дұрыс даму үшін

Жүктілік кезіндегі тамақтану пирамидасының аса маңызды құраушылары – кальций и фосфор. Кальций – адамның сүйек жүйесінің негізгі элементі. Сонымен қоса фосфор ағзада энергияны сақтаумен айналысады. Ағзаны бір күнге фосформен және кальциймен қамтамасыз ету үшін бір литр сүт немесе одан өндірілетін өнімдер жеткілікті болады. Сндай-ақ осы элементтердің жақсы көзі жемістер, көкөністер және ұн өнімдері болып табылады. Жұмыртқа мен балықтың құрамында болатын темір туралы да ұмытпау керек.


Ағуыз – өсу үшін ауыстырылмайтын зат
Сондай-ақ ағуыз анасының құрсағындағы баланың дамуы үшін өте маңызды. Оның арқасында бала өсе алады.
Жеңіл сіңірілетін ағуызды мал өнімдерінен де: жұмыртқадан, тауық етінен, ірімшіктен, балықтан, сиыр етінен, сондай-ақ өсімдік өнімдерінен де: сұлы, жүгері және бидай қауыздарынан, макароннан немесе қоңыр күріштен табуға болады. Көкөністер мен жемістерді үнемі қолдануды ұмытпаңыз.
Емдәм дәрігерлері күніне 4-5 рет жемістер мен көкөністер жеуге кеңес береді.

Мынаны көріңіз  http://www.bonduelle.kz/zhukti-aielderge-arnalgan-tamaktany-piramidasy
0 дауыс
Бұл кезеңде әйелді үміт пен қорқыныш қатар билеп, өзін қиял-ғажайып бір сапарға шыққандай сезінеді. Жаратқанның құдіретімен құрсағында лүпілдеген тірі жанның жетілуі әр ананы мейірім, шапағат секілді сезімдерге бөлей түседі. Жүктілік 16 жастан кіші, 35 жастан асқан әйелдерде ерекшебақылауды қажет етеді. Көктем кезінде жүкті болған әйелдер денсаулығына, тамағының нәрлілігі мен ұйқысының қанықболуына көп көңіл бөлуі керек. Күз мезгілі жүктіліктің ең қолайлы кезеңі десек те болады, адам ағзасында жазда дәрумен қоры жиналып, жүктілікке байланысты өзгерістерге үйренісу көбінесе суық айларда жеңілірек болады. Жалпы жүктілік соңғы етеккір келген күннен бастап орташа есеппен 280 күн, яғни 40 аптаға созылады.
Жүктіліктің 3 кезеңі
Жүктілік мерзімінің бастапқы 13 аптасы алғашқы кезең, 14-26апталар орта кезең, 27 - аптаданбосанғанға дейінгі соңғы кезең болып 3 кезеңге бөлінеді. Алғашқы кезеңде денсаулыққа немесе түрлі жағдайларға байланысты түсік қаупі кезігеді. 13 аптада 30 грамдай ғана тартатын шарананың басы, қолы, аяғы, саусақтары мен ішкімүшелері, тіпті тіс төмпешіктері де болады. Алғашқы апталарда-ақ оның жүрегі соға бастайды, осыншама өзгеріс пен өте тез даму қарқыны болашақ анаға күтімді қажет етеді. Орта кезең көбінесе ең жайлы кезең секілді. 1000 грамға дейін өсетін баланың кірпік, қас, тырнағы өсіп, тыныс алу әрі жыныстық мүшелері дамиды. Ең бірінші қозғалысын анасы осы кезеңде сезеді, алдағы уақытта тебуі, аунап түсуі жиілей түседі. Бұл кезеңде бойы 35 см-ге дейін жеткен нәресте ұйықтап, жұтынып, тіпті кіші дәреті пайда болады. Екінші кезеңнің соңына қарай анасының дене салмағы 7-8 келі қосуы қалыпты саналады. Бұдан көп болса, дәрігеріңізбен кеңесуіңіз керек. Себебі, салмақ қосатын күндеріңіз әлі алда, соңғы кезеңде ананың аяғы күннен-күнге ауырлай түседі, бұл кезең- баланың жатырдағы даму барысын тәмамдайтын, қарқынды түрде өсетін кез. Орташа есеппен нәресте 3-4 келі, 50-55 см болып туылады, орта салмақты аналар үшін 10-14 келі қосу қалыпты саналады. 32 аптада бала туылатын жағдайға бейімделіп,яғни, басы төмен орналасады.
Дәрігерге көріну
Жалпы жүкті әйелдер тіркелмеген болса да, тұратын жеріне қарасты аумақтық емханаға есепке алынады. Жергілікті (учаскелік) дәрігеріңізге көрініп, акушер-гинекологқа есепке тұрасыз. Алдыңғы балалар шетінеген, түсік тасталған болса немесе қандай да бір гормондық, генетикалық үйлесімсіздіктің туындауынан секемденген жағдайда жоғары технологиялық мүмкіндіктері бар, жақсы жабдықталған арнайы мекемелерге қосымша қаралған артық емес. Жүктіліктің белгілі уақыттарында қажетті анализ, тесттер арқылы баланың жатырдағы даму барысын, проблемаларды бақылауға болады. Ерте диагностика қай кезде де алдын алу шаралары үшін ең маңызды қадам болып табылады.
0 дауыс

Көптеген адамдар «жүкті әйел әдеттегіден екі есе көп тамақ жеуге тиіс» деп ойлайды. Бұл пікір дұрыс емес.

Жүктілік кезінде қалай тамақтанған дұрыс?

Тамақты мезгілімен жейтін болсаңыз, бойдағы балаға керекті заттар бірқалыпты жеткізіліп тұрады. Мына төрт түрлі тамақты күн сайын жеуге тырысу керек:

  1.  Нан (ақ наннан гөрі қара нан жеген дұрыс), дәнді дақылдардан, бұршақ, жасымықтан жасалған ботқалар, кеспе, күріш.
  2. Жаңа піскен жеміс және көкөністер.
  3. Ет пен балық.
  4. Сүт тағамдары (күніне кем дегенде 1 литр): сүт, айран, йогурт, ірімшік, т.б. Сондай-ақ, сұйықтықты (сүт, айран, су, сұйық шай, жеміс шырындары т.б.) жеткілікті мөлшерде ішу өте маңызды. Денеден зиянды заттарды несеп, тер арқылы сыртқа шығару үшін қос бүйрекке күніне 1–1, 5 литр су керек. Жүкті әйелдің аяғы суды көп ішкеннен іседі деген пікір дұрыс емес. Аяқ ісуінің нағыз себебі гормондық өзгерісте, яки жүктілік кезінде арнайы бездердің жұмыс істеуінде, демек бұл әйелдің өзіне тәуелді емес. Сол бездер әйел ағзасына арнайы заттарды бөліп шығарады да, солардың әсерінен жасушалар босаңсып, оларға су бұрынғыға қарағанда көбірек жинала бастайды. Сондықтан, бірқалыпты өтіп жатқан жүктілік кезінде су ішуді шектеу дұрыс емес. Су бүйректің дұрыс жұмыс істеуі үшін өте маңызды. Жоғарыда айтылғандай, аяқ аздап ісіңкіресе бұл қалыпты жағдай. Ол туралы алаңдамауға да болады.
  5. Қандай дәрумендер пайдалы?

    Ақуыз (белок) дене жасушаларының қалыптасып өсуі үшін, демек, құрсақтағы нәрестенің өсіп-дамуы үшін де өте маңызды.

    Ет, балық, ірімшік, бұршақ, ірі бұршақ, жасымық әрі сүтте, асқабақ пен күнбағыс дәнектерінде және жұмыртқада ақуыз мол. Дәрумендер (витаминдер): Көкөніс, жапырақты салат және жаңа піскен жеміс-жидектерде дәрумендер (витаминдер) мол. Дайын шырындарға қарағанда жаңа піскен жеміс-жидектер әлде- қайда пайдалы әрі арзан. Әрине, олар жақсылап жуылуға тиіс.

    Кальций. Сүт, ірімшік, құрт, айран, соя бұршағы, күнбағыс дәнектерінде және жасыл көкөністерде мол.

    Темір. Мына азық-түлік түрлері темірге аса бай: сиыр еті, бұршақ тұқымдастар, яғни жасымық (чечевица), фасоль, ала, ақ және жалпақ бұршақтар. Сондай-ақ, қой еті, тауық еті, шабдалы, сары және қара өрік, жидектер, асқабақ, күнбағыс дәндері, грек жаңғағы, қызылшаны да жиі жеген дұрыс.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

...