Қаһарлы қыспен бірге, «тұмау» атты адамзаттың жауы да ілесіп келеді. Эпидемияның жыл сайынғы қайталануы кезінде оған халықтың 15-тен 60 пайызға дейінгі бөлігі шалдығады екен.
Тұмау біздің эрамызға дейінгі 412 жылдары пайда болған. Эпидемия халық арасында тез таралып, мыңдаған адам осы аурудан көз жұмған. Сол кездерден бастап індеттен емделу жолдары іздестірілді. 1931 жылы Америка ғалымы Ричард Шоуп ауруды зерттей келе тұмау бактериядан емес, вирустан болатынын анықтаған соң, емшілер әртүрлі шөп тұнбаларынан сұйықтық жасап, науқасқа ішкізіп, аталған аурудың алдыналуға тырысқан. Қазіргі таңда, тұмаудың алдын алу үшін шығарылған түрлі емдік дәрілерден бөлек, суық тигенде емделудің түрлі жолдары бар.
«Әр елдің салты басқа…» демекші, тұмауды емделудің және суық тиюдің алдын алу үшін әр ұлт өзіне тән емдік тәсілді қолданады. Мәселен, Финдар денсаулыққа қатысты кез-келген мәселені шешу үшінмоншаны пайдаланады. Ең бастысы дене температурасы 37,5 градустан жоғары болуы керек. Арнайы саунаны үй жағдайында да жасауға болады. Ол үшін бір ас қасық түймедағы мен ащы жалбыздың гүлдерін алып, 4-5 литр қайнаған суға құйып, баяуотта 10 минут бойы ұстайды. Белге дейін шешініп, орындыққа отырып, екінші орындықта тұрған ыстық тұнбаға басына жамылғыны жамылып, будың үстінен 10-15минут дем алады. Соңынан жылы сумен, одан кейін салқын сумен шайынады.
Ал сырқаттанған жапондық 10 кесе ыстық көк шайішеді. Өйткені бұл емдік сусынның құрамында вирустың белсенділігіне қарсы тұратын катехин бар. Сондықтан, шәй плантацияларымен аты мәшһүр болған Сузоки ауданының тұрғындары респираторлық індеттерге аз шалдығады екен.
Мексикалықтар үшін жөтел, тұмау және өзгеде тамақ ауруларының алдын-алу үшін қызыл собықты бұрыштан пайдалы «дәрі» жоқ. Өзін жайсыз сезіне бастаған әрбір Мехико тұрғыны ас қасықтың төрттен бір бөлігіне ұнтақталған бұрыш салып, күніне үш мәрте ішіп отырады. Ал мұндай «дәрі» денені күйдірмес үшін, оны тілдің арасына сепкен соң, ізінше суық суды ішеді. Алайда, бұрыштың ащы дәмін тез қабылдайтын рецепторлар жинақталған тілдің түбіріне түсіп кетпеуін қадағалаңыз