0 дауыс
4.8k көрілді
Қалай ақшаны үнемдеуге болады?

6 жауап

0 дауыс
Көп ақша табу - батырлық, оны сақтау - ақылдылық, ал үнемдеп жарата білу - өнер...

Б. Авербах

Достар, ақшасыз бір қадам аттай алмайтынымыз ақиқат қой. Алайда, көбіне ақшаны үнемдеп ұстай алмау кесірінен қиындыққа тап болып жатамыз. "Теңге тиыннан құралады" демекші, аз ақшаны ұстай білуге өз-өзімізді үйретейік. Осы орайда, Массагет.кз ақшаны қалай үнемдеп ұстауға болатыны туралы бірнеше кеңес береді.

1. Түртіп алып отырыңыз

Кез келген затты сатып алғанда, жазып отыратын кітапша арнаңыз. Тіпті, жолыңызға кеткен 50 тиынды да түртіп алыңыз. Аптаның не айдың соңында кітапшаңызды ашып қараңыз. Бұл өз-өзіңізге есеп беруді үйретеді. Кейін босқа кеткен ақшаңызға ішіңіз күйіп, ақшаны үнемдеуге дағдылана бастайсыз.

2. Су мен қуат көзін үнемдеңіз

Жуынуға кем дегенде 3 минут кетеді. Осы уақыт ішінде крандағы қанша су бостан-босқа ағып кететініне назар салыңыз. Тіс шайғанда, кранды тыйып қойыңыз. Керек кезде ғана, кранды ағытып тұруға үйреніңіз. Краныңыз бұзыла бастаса, дереу жөндетуге асығыңыз. Себебі, кран бұзылғанда, көп су текке ағып кетеді.  Түнде жатарда бөлмелерді аралап, жарықтың сөнгенін қадағалаңыз. Жарықты жағып қойып, ұйықтап кететін кездер әлбетте, аз емес. Міне, дәл осы сәттер қалтаңызды жаймен жұқарта береді. Сондай-ақ, қуат көзін керек ететін заттарды пайдалағанда да, мұқият болыңыз. Мысалы, үтіктеп отырғанда, телефон шырылдаса, үтікті суырып барып, телефонға жүгіріңіз.

3. Тамақ сатып алғанда...

Зерттеушілердің айтуынша, әлемдегі адамдардың басым көпшілігі тамақты тоңазытқышқа сақтап қойып, кейін оны пайдаланбай-ақ, лақтыра салады екен. Пайдасыз болып қалған соң, лақтырмағанда қайтсін?! Яғни, көп тамақ сатып алған соң, азық таусылғанша сақталып тұрған тамақтар жеуге жарамсыз болып қалады. Мысалы, қарапайым картопты көп етіп алсаңыз, мөшектің астында қалып қойған картоптар күн өткен сайын шіри береді. Кейін оны пайдаланбай-ақ, лақтыруға тура келеді. Сондықтан, тамақ сатып алғанда өте ұқыпты болыңыз.

4. Өз-өзіңізге шектеу қоя біліңіз

Қарныңыз аш болса, басқа әңгіме, ал қарныңыз тоқ болса, тәтті алмаға қызығып, оны сатып алмаңыз. Кез келген затты сатып алмас бұрын, бағаларын салыстырыңыз. Бұл сіздің сараңдығыңыз емес, сауаттылығыңыз. Әсіресе, қымбат тұратын заттардың бағаларын салыстырыңыз. Бір жерде 150 мың теңге тұратын ноутбуктың дәл осы моделі басқа бір дүкенде жеңілдікпен 100 мың теңгеге сатылып жатуы әбден мүмкін.
0 дауыс
акша колдагы киргой, акшаны унемдеу  ол адамнын озине байланысты,сиздин акшаны калай жумсайтынызды билмеймизгой,сондыктан бул озинизге байланысты.)
0 дауыс
Акшаны орынды жерге жумсаныз. Ол ушин акыл керек.
0 дауыс
*Менің ойымша қазір ата-анамыздың бізді ақшамен қамтамасыз еткені үшін ғана ақшаны мөлшерінен көп үнемдемейміз.  
Ақшаны үнемдеу үшін өзіңіз еңбек етіп ақша тауып көріңіз. Ақшаны тер төгіп тапсаңыз, содан ақшаны үнемдейтін боласыз.*
0 дауыс
тапкан табысыныздын 10% болашакка,15% развленияга ,ал калганын омиринизге кажетти заттарга жумсап болип коюга болады.
авторы казакстандык С.Давлатов «Я и Деньги» деген китапты окуга кенес берем))сонда толык жазылган
0 дауыс
Көлік, үй, жазғы демалыс... Армандарыңыз көп пе? Әрине көп арман ақшаға тікелей байланысты. Табысыңыз аз емес бола тұра, күнделікті заттарға құртылып кетіп, сол армандағы көлікке жеткізбей жатыр ма? Ендеше үнемдеп үйреніңіз. Күніне үнемделген бірнеше жүз теңге бір уақыттан кейін қомақты соммаға айнала алады.

1. Шығындар жоспары

Шығындарыңызды жоспарлап үйреніңіз. Мысалға, айлық не апталық шығын тізімін құрастырып, тізімде жоқ заттарды өзіңізге алуға рұқсат бермеңіз. Бұл затты келесі айда (не аптада) алуын қарастырамын деп өзіңізге уәде етіңіз.

2. Шығындарыңызға есеп жүргізіңіз

Күнделікті шығындарыңызды санап, қадағалап жүріңіз. Апталық, айлық шығындарыңызды да санап көріңіз. Ақшаңыздың кейде қажетті емес нәрселерге жұмсалғанына көзіңіз жетті ме? Келесіде осындай жағдайларда үнемді болуға тырысыңыз.

3. Арзанын емес, қажеттісін алыңыз

Шынында керекті зат не қызмет көрсетудің түріне ақша аямаңыз. Оның ең арзаның емес, сапасы жақсысын таңдаңыз. Болашақта оны ауыстыруға тура келмей, ақшаңыз қалтаңызда қалады. Арзан екен деп өзіңізге мүлдем қажет емес тауарларды алудан аулақ болыңыз. Дүкенді аралағанда өзіңізге қажетті нәрсені тауып алып, олардың түрлерінің арасынан өзіңізге ұнағанын таңдап, содан кейін ғана бағасын қараңыз. Жеңілдіктер мен сатылымдардаарзан тауарлар арасынан тек өзіңізге қажеттісін алыңыз.

4. Жоспарлау

Үлкен шығындарды (көлік, жазғы демалыс, т.б.) бір жыл бұрын жоспарлап қойып, оған ақша жинай бастаңыз. Басқа жағдайда бұл заттарға несие алуға тура келеді. Ал бұл одан бетер қымбатқа түсер.

5. Пластикалық карталар

Пластикалық карталармен есеп айырысқанда сіз ақшаның құртылып жатқанын сезбейсіз. Сондықтан ақшаны алдын ала карточкадан алып, қолма-қол ақшамен дүкенге барыңыз. Әр кез әмияныңызды ашып, ішінен ақша шығарғанда, оның кетіп жатқанын көріп, шығындарыңызды қысқарта бастайсыз.

6. Тізім

Дүкенге бармас бұрын қажетті тауарлардың тізімін құрастырыңыз. Дүкенде осы тізім бойынша ғана алып, жарнама мен жеңілдіктерге назар аудармай, артық ештеңе алмаңыз.

7. Арнайы базарлар не үлкен гипермаркеттерге барыңыз.

  Әдетте гипермаркеттегі бағалар кішігірім дүкендердің бағаларынан 20%-ға төмен.

8. Маусым аяғындағы сатылымдар

Әдетте әр маусымның аяғында дүкендерде үлкен сатылымдар болады. Осы кезде киім, аяқ киім алып қойсаңыз, келесі маусымға дайын боласыз. Шет елге жолдамалар, көліктер арзанырақ сатылатын кездер де болады.

9. Қоғамдық көлік

Егер баратын жеріңізге дейін қоғамдық көліктер жүретін болса, такси шақыртып, тіпті өз көлігіңізбен де барудың қажеті шамалы. Бензинге кейде осылай үнемдесеңіз болады.

10. Несиеге "ЖОҚ" деңіз

Қандай жағдай болмасын, несиеге тауарлар алуға бармаңыз. Кез келген затқа ақшаны үнемдеп жинаса болады. Ал несие мойыныңызға ауыр жүк іліп, қажетті сомманы еселеп төлеуге мәжбүрлетеді.

Осы кеңестерді тыңдасаңыз, бюджетіңіздің біршама бөлігін үнемдей аласыз.
...