0 дауыс
4.5k көрілді
Қазақстанның ең бай командалары қай командалар?

1 жауап

0 дауыс
Осыни аяагына дейн окыныз кимнин бай, кимнин кедей команда екенин тусинесиз.Ел чемпионатының 5-6 тур қатарласа өтіп, көш басында «Ақтөбе» мен «Жетісу» үзеңгі қағысып келеді. Біріншіліктің бірінші айналымы бел ортаданасты. Командалардың әл-ауқаты да белгілі бола бастады. Біздің чемпионатта  бюджеттің алар орны бөлек. Қай команданың қалтасы қалың сол мықты. Әрине, бірінші кезекте бұл жайтқа облыс әкімінің тікелей қатысыбар. «Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді» демекші, Шығыс Қазақстан облысының «Восток» һәм «Елім-ай» (қазіргі– «Спартак») командаларын бірдей ұстап отыру шығыс қазақстандық әкімдіктің қолынан келмей отыр. Сондықтан, ел футболының шежіресіне талай тарихты қаттаған семейлік команда қазір жетімнің күйін кешуде. Ал «Спартакқа» Семей қалалық әкімдігінің бөліп отырған қаржысы, жыртыққа жамау.
Қазақстан футболында ақша мәселесі жиі орын алып тұрады. Былтырғы маусымда «Қайрат» қаржы тапшылығынан құрдымға кете жаздағаны есімізде. Биыл мұндай мәселелер орын ала қойған жоқ. Яғни, командалардың әмиянында қаржы бар. Бірақ әркім өз әліне қарай шабатынына көз жетті. «Ақтөбе» командасына облыс әкімдігінен бөлінген қаржы биыл тағы өсті. Маусым алдында шетелде ең көп оқу жаттығу жиынын өткізген де осы «Ақтөбе» командасы. Демек, биылғы маусымға «Ақтөбе» он миллион доллардан астам қаржымен кірісті деген сөз. Ал «Атырау» мен «Жетісудың» биылғы маусымға бөлінген қаржылары шамалас. Серік Үмбетов «Жетісудің» қорына 900 миллион 400 мың теңге бөлген. Ал «Атыраудың» қаржысы 900 миллион теңге. Бұл Атырау облысының әкімдігінің футболға жасап отырған қамқорлығы. Осы тұста «Жетісу» мен «Атыраудың» қаржысын долларға шаққан бағамын жарияласақ, 6 млн доллардан асады. «Жетісу» маусым алдында командағы Сергей Остапенко, Улукбек Бакаев сынды мықтыларды да қатарына қосты. Өзбекстан, Түркияға барып, оқу жаттығу жиынына қатысты. Осының барлығына талай қаржы бөлінді. Дегенмен, команда кеткен қаржыны ақтап жатыр қазірде. «Жетісу» ойынынан жинақылық байқалады.
...