+1 дауыс
8.4k көрілді
Тарихи қала Сарайшық туралы не білесіздер?

5 жауап

+1 дауыс
Қазақ даласындағы ең көне тарихи орындардың бірі Сарайшық қаласы. Тарихшы ғалымдар оның пайда болуын XIII ғасырда, яғни Шыңғыс хан мен Батудың жасаған шапқыншылығымен байланыстырады. Әзірге белгіліболған деректерге сүйенсек, бұл орын туралы жазба мәліметтер XIV ғасырдың алғашқы жартысынан басталады да, оларда Сарайшық гүлденген қолөнері мен сауда қаласы болғандығы айтылады.
Сарайшық туралы алғашқы жазба дерек қалдырған арабтың белгілі географ –ғалымы, саяхатшысы Ибн-Батута. Ол өзінің саяхаттарының бірінде, 1334 жылы «Үлкен Сарай» қаласынан шығып (Сарай-Берке-Алтын Орданың астанасы), Азияға жасаған сапарында Сарайшық қаласында болған. Бұл жөніндеол, «Біз Сарайшық қаласынан атжеккен арбамен он күн жол жүріп, Сарайжүк қаласына жеттік. Бұл «Ұлысу деп аталатын» үлкен, терең, ағысы қатты өзеннің жағасындағы гүлденген әсем қала екен және дүние жүзіндегі Бағдаттан кейінгі екінші жүзбелі көпір осында екен». Сарай-жүк монғолша кіші Сарай деген мағынаны білдіреді. Ол кезде Алтын Орда үлкен Сарай, Сарайшықты кіші Сарай деп атаған. Бұдан кейін Сарайшық жөнінде жазба дерек қалдырған орыс патшасы Иван Грозныймен дос болған ағылшын көпесі Антоний Дженкинсон. Ол 1558-1559 жылдары Каспий теңізінің солтүстік және шығыс жағалауына саяхат жасауы кезінде Сарайшық қаласына соғады.
+1 дауыс
Сарайшық — Қазақ хандығының ең алғашқы астанасы.Ол Атырау қаласынан 50 километрдей жерде, Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан.Сарайшықта биіктігі 17 метр болатын ескерткіш бар. Оны 1999  жылы Иманғали Тасмағамбетов Атырау облысына әкім болып тұрған уақытында салдырды. Сарайшық-қазақ даласындағы ең көне тарихи орын. Бұл жерде кезінде үш жүзге толықтай мойындалған 12 әулие жерленген. Кезінде Сарайшықта жүзден аса хан билік  құрған. Сарайшық жерінде жеті ханның сүйегі мен бір ханның басы жерленген. Сол жеті ханға құлпытас қойылған.
Қала іргесі 11 ғасырда қаланған.Қаланың гүлденген дөуірі 13 - 14 ғасырлар аралығы.
0 дауыс
[мине мына жерде баи жазылган окып ал][1]


  [1]: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%B9%D1%88%D1%8B%D2%9B
0 дауыс




http://kk.newikis.com/%D0%A1%D0%B0%D1%80%D0%B0%D0%B9-%D0%96%D2%AF%D0%BA.html
0 дауыс
Сарайшық қалашығы

Республика ғылым академиясының 1950 жылы Батыс Қазақстанға жүргізген археологиялық экспедициясының қорытындысы негізінде белгілі археологтар С.П. Толстов пен Г.И. Пацевич « Сарайшықтағы XI ғасырдағы араб тарихшылары еңбектерінде аталатын, орта ғасырда өмір сүрген Саксин қаласының орнында бой көтеріп, жаңа атауға ие болған қала. Саксин X-XI ғасырларында Хорезм тұтқындарының көмегімен сауда жолының бойынша салынған еді» дейді де Сарайшықтың өмір сүру дәуірін шартты түрде үш кезеңге бөледі:
1.X-XI ғасырларда қала іргесінің қаланып бой көтеруі.
2.XIII-XIV ғасырларда Алтын Орда өмір сүрген кезеңдегі Еуропаны, Орта Азия, Қазақстанда, монғолдар және Қытаймен жалғастырған ірі сауда орталығы болуы, яғнғи қаланың гүлденіп, өркендеу дәуірі.
3.XV-XVI ғасырлар Ноғай ордасының орталығы болуы, қазақстар шабуылын күйреп, қирауы.
Қазақ археологиясының атасы Әлкей Марғұлан өзінің 1950 жылы жүргізген қазба жұмыстары нәтижесінде «қала XII ғасырда салынған» деп еш бұлтаңсыз дәл айтады.
Бұл пікірді, соңғы жылдары қала орнында қазба жұмыстарын жүргізіп жүрген Республикалық археология институтының ғалымдары дәлелдеп отыр.
Тарихи – мемориалдық кешен құрылысы 1999 жылы 2 мамыр күні басталып, сол жылы 3 қыркүйекте ашылу салтанаты болды. Құрылыс бүкілхалықтық құрылыс болып саналды. Құрылыс жұмысына жергілікті халық түгелге жуық қатынасып , облыс, аудан әкімшілігі құрылыс жұмысына тікелей араласып, басшылық жасады. Кешен құрамына:
1. Хандар Пантеоны кіреді. Архитекторы, сол кездегі облыс әкімі Иманғали Тасмағамбетов.
Бұның биіктігі 17 метр, 8 қабырғалы. Қабырғалар арасына Сарайшықта жерленген жеті ханға арналып құлпытастар қойылған. Бұл құлпытастарға, қара мраморға жазылған хандардың аттары мен хандық құрған жылдары жазылған. Бұл хандар:
1.Мөңке темір (1266-1282ж.ж)
2.Тоқтағу (Тоқты) (1291-1312ж.ж.)
3.Жәнібек (1343-1353 ж.ж.)
4.Әмір Оқас (14 -1447ж.ж)
5.Қасым Хан (1511-1518 ж.ж)
6. Ших Мамай (1549-1554 ж.ж)
7.Жүсіп Хан ( 1549-1554 ж.ж)
2. Мешіт. Мешіттің ұзындығы 13 метр, ені 6метр 50см. Мешіттің іші толықтай жасақталып Михраб, Мінбарлар қойылған. Мешіт ішінде Құран, тағы басқа діни кітаптар қойылған.
Әрбір жұма намазы өтіледі. Келушілер әуелі мешіт үйіне кіріп Құран оқытып, дұға етеді. Мешітке азан шақырылатын техникалық құралдар қойылған.
3.Мұражай.
Мұражай ішіне Сарайшық қазбасынан шыққан тарихи жәдігерлер қойылған. 14 ғасырдағы Сарайшық қаласының макеті жасақталған.
 Атырау қаласынан 50 шақырым жерде тарихи қала Сарайшық жатыр. Сарайшық туралы кеңінен толғап жазбас бұрын бірнеше оқырманның осы тарихи қаланың болашақ тағдыры туралы алаңдап жазған хатын келтіре кетелік.«Сарайшықтың тағдыры бізді қатты алаңдатып отыр. Сарайшық — біздің ата-бабаларымыз мекендеген өзіндік тарихы бар қасиетті қала. Қалада кезінде 1 миллиондай тұрғындар тұрған.Халқымыздың алғашқы астаналарының бірі болған қала X-XVI ғасырлардағы әлемдегі ең сұлу қаланың бірі болған. Қалада тіптен су құбырлары да жүргізілген. 4 мешіт тұрғызылған. Осындай әсем қаланы 1581 жылы орыс патшасы Иван Грозный зұлымдықпен қиратып, тонап, тұрғындарын балаларға дейін бірін қалдырмай қырған. Неге, не үшін? Әрине, ең алдымен басқыншыларды қаланың байлығы қызықтырған. Екіншіден, Сарайшық қаласының қайталанбас архитектуралық келбетін Мәскеу қаласына ұрлап апарып, Қызыл алаңды, Кремльді салған деседі. Үшіншіден, сол кезде атағы енді аспандап келе жатқан Қазақ хандығының бір тірегі, жүрегі болып отырған қаланы әдейілеп жер бетінен жойған... Содан соң «Көшпенділерде мәдениет, өнер, сәулет, қала болмаған. Олар жабайы болған» деген қауесетті таратып, олардың жерін тартып алған.Алайда басқыншылардың Сарайшық қаласының атын да, затын да тарихтан жойып жіберуге құдіреті жетпеді.

Сарайшық X-XV ғасырларда Шығыстың негізгі ордасы Үлкен Сарай болса, Жайық бойында тұрған орда Кіші Сарай деп аталған. Сарай деген сөзге моңғолша «жүк» жалғауы қосылған. «Жүк» біздіңше –шық, -шік деген жалғаулары. Екінші бір түсініктеме мешіт мұнарасында тұрған сары айшыққа байланысты қала аты қойылған дейді. XIII-XV ғасырларда қала Ноғай Ордасының, кейін қазақ мемлекетінің астанасы болғандығы айтылады.

Ұқсас сұрақтар

...