0 дауыс
Ең күлегеш халықтар кімдер?
07.01.2013 1.3k қаралым
Жауабын біліп тұрып қойған секілді.

2 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Анығырақ айтсақ, Панама, Парагвай және Сальвадор елдері тұрғындарының езуі жиылмайды екен. Бұл нәтижеге Gallup компаниясының мамандары 148 елдің адамдарынан алған сауалнама арқылы келіпті.

Бір ерекшелігі, күлегеш халықтардың ондығы ішінде жеті мемлекет дәл осы латын американың аумағынан екен. Аталғандардан басқа, Венесуэла, Гватемала, Эквадор және Коста-Рика елдері бар. «Күлегеш» ондыққа Тринидад және Тобаго, Филиппиндер және Тайланд Республикасы кіріпті.

Ал күлуге құмары құрып тұрған елдер қатарында Сингапур, Армения және Ирак болыпты. Көңіл-күйі болмай жүретін адамдар Сербия, Йемен, Грузия, Белоруссия, Мадагаскар («Мадагаскар» мультфильмінде бәрі де басқаша), Литва және Того елдерінде көп болып шығыпты.

Қазақстан бұл тізімде 16-орынды алған екен. Еліміз 76 ұпай жинап, Ирландиямен бұл орынды бөлісіп тұр. Ал бізден көрі бір саты жоғары көңіл-күйде Хорватия тұр. Күлкі өмірді ұзартады дейді. Күле жүрейік, достар!
07.01.2013
өте-өте қызыық)
Көшірсең де сілтемелеуің керек еді.
0 дауыс
Латынамерикалықтар көңіл-күйі өте жоғары халық ретінде танылды. Анығырақ айтсақ, Панама, Парагвай және Сальвадор елдері тұрғындарының езуі жиылмайды екен.
08.01.2013

Ұқсас сұрақтар

127,959Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,997Қолданушы