+1 дауыс
6.7k көрілді
Лимон қышқылының қандай шипасы бар ?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Лимон бізге сонау Үндістан мен Қытай жерлерінен келген екен. Кезінде экзотикалық болған бұл жеміс қазірде елімізде орнығып, халқымыздың көңілінен шығып жатыр. Лимонның пайдасы мен зиянын біліп жүрейік.

Лимон - жыл бойы жасыл ағаштың жемісі. Оның құрамында пектин, эфир майлары, биофлавоноидтар бар. Лимон асқазандағы қорытуға көмектесетін заттардың бөлінуіне әсер етіп, ағзаға темір мен кальцийдің сіңіруін жеңілдететін энзимдарды бөледі. Өзі қышқыл болғанына қарамастан, ол асқазан суларының қышқылдығын төмендетеді. Әрине лимон құрамындағы С дәрумені жайлы айтпай қоймасқа болмайды. Ол жалпы иммунды жүйені жақсартып, түрлі ауруларға тосқауыл болады. Лимон ағзадан қажет емес кір-қоқыстарды шығаруға да көмектеседі. Мысалы ұзақ уақыт дәрі, антибиотик қабылдасаңыз, лимонның көмегімен бауырыңызды улы заттардан тазартсаңыз болады.

Лимон шырыны мен қабығы антисептикалық қасиетке ие. Онымен жараларды сүртіп, ерітіндісімен тамақ шайса болады. Лимон қан құрамындағы холестерин деңгейін төмендетіп, тәбетті ашады. Лимон құрамындағы Р дәрумені қан тамырларын беріктендіріп, қан қысымын көтереді. Әрине лимонның ең танымал қасиеті - жұқпалы тұмау ауруына төтеп бере алуы.

Лимон зиян емес пе?

Лимонның осыншама пайдасына қарамастан, ол да зиян болуы мүмкін. Тым көп мөлшерде қабылданған лимон ем емес, керісінше болуы мүмкін. Лимон қатты аллергия қоздырғышы болуы мүмкін. Лимонды тіс эмальдары нашар жандар сирек жегені дұрыс, лимон шырыны оны біржолата құртуы мүмкін. Тамағы қабынған, ісінгендер де лимон жемегендері жөн, лимон тамағыңызды ашытып, күйдіріп жібере алады. Гастрит, асқорыту жолдарының ауруына шалдыққандарға лимон жеуге мүлдем тыйым салынған.
жән арықтауға көмектеседі!
Белгісіз
0 дауыс
Лимон кышкылында ар турли дарилер бар сондыктан пайдалы.
0 дауыс
Лимон ( Cіtrus lіmon )— руталар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаш. Шыққан жері — Үндістан , Оңтүстік және Үнді Қытай аралдары. Біртіндеп Жерорта теңізі аймақтарына және Батыс Еуропа өңірлеріне жерсіндірілген. Жабайы түрі жоқ, қолдан өсіріледі. Биіктігі 3 — 7 м-ге жетеді. Бұтақтары тікенекті. Жапырағының жоғарғы ұшы үшкірленген, пішіні жұмыртқа тәрізді, шеттері ара тісті болып келеді. Өзіне тән эфир майының хош иісі бар. Гүлдері (6 — 8 күн) ашық ақ түсті. Жемісі ірі, салмағы 200 — 400 г, сопақшалау, сары түсті қалың қабықпен қапталған. Ішіндегі шырын жемісі 8 — 10 бөлікке бөлінген, сыртын жұқа ақ қабық жауып жатады. Шырынының дәмі қышқыл, құрамында 5 — 7,2% лимон қышқылы, 1,9 — 3% қант, 50 — 90 мг С витамині , темірге бай, эфир майы, кальций , калий , т.б. болады. 3 — 4-жылдары жеміс береді. Бір ағаштан 15 — 30 кг жеміс алынады. Лимонның жемісін шырын және Лимон қышқылын алуға пайдаланады. Ашық алқапта өсіріледі. Қарашірігі мол, кәрізделген топырақта жақсы өседі. Лимон жылу, жарық, ылғал сүйгіш, оны тұқымы, қалемшесі және өркендері арқылы көбейтеді. Өсу кезеңінде артық өскіндерін қиып, биіктеп кеткендерін қысқартып отырады <a href='http://rghost.ru/42809859.view'><img src='http://rghost.ru/42809859/image.png' /></a>
0 дауыс
Лимон қышқылы ол кәдімгі лимон емес пе
Сенімді дереккөздерге сүйенер болсақ, мұндайда лимоннан гөрі апельсиннің пай­дасы көбірек көрінеді. Өйткені ли­мон­дағы аскорбин қышқылы, яғни адам им­му­нитетін көтеруге негіз болатын С дәру­мені апельсинге қарағанда шамамен 30%-ға аз екен. Сол себепті де, орташа көлемдегі бір апельсин жеу арқылы өз организміңізді аталған дәруменнің күндік нормасы – 60 мг-мен қамтамасыз ете ала­сыз. Егер лимонның екі тілігін ыстық шайға салар болсаңыз, ондағы аскорбин қыш­қылының әсері әлдеқайда төмендейді. Сондықтан организмдегі С дәруменінің жетімсіздігін басқа жолдармен толық­тыр­ған тиімді. Бұл ретте, грейпфрут, киви, бол­гар бұрышы немесе мандарин жеміс­те­рін қолданған да пайдалы. Тұмау-сымау маусымы қашан басылғанша, аталған дәрумендер көмегіне жүгіну арқылы ас­корбин қышқылының күндік нормасын қа­лайда толтыруға тырысқан абзал.
Белгісіз
менікін қайталамасай бауырым
кешіріңіз түсіп кетіпті, ауыстрдым, виделить всемен алып жатыр едім түсіп кетті
Белгісіз
0 дауыс

Бас ауырғанда

Жаңа піскен лимонның қабығын алады, цедрадан тазартады, адам басының қабағына салып, біршама уақыт ұстайды. Кейін лимон қабығының астында- 
ғы терінің үстінде қызыл таңба пайда болады, ол қызады, қышиды, сосын бас ауруы тиылады.

...