+3 дауыс
756 көрілді

14 жауап

+8 дауыс
Мұқағали Мақатаевтың кітаптарын көөөөп оқимын. Әсіресе махаббат жайлы өлеңдерін айтсаңшы... Ал газеттен "Ұлан" газеті. Бала кезімнен бері оқып келемін!
+8 дауыс
Марк Твендікін көп оқимын. Қазақша романдар да оқиым. Шаханов, Айтматов, Сүлейменовтың поэма, романдарын оқуға кеңес берем. Былайша, осылар ғана емес, әркез роман оқып жүремін, тек атауларын ұмыта берем, бірақ мәні есте қалса болдығ ғой. Газеттен интернет-газет оқимын. ҚР Ақпарат Министрлігі қаржыландыратын БАҚтарды қарамауға тырысам)))
+9 дауыс
Свобода слова, DAT, сосын өзіміздің жергілікті газеттерімізді оқимын. Кітапты мүлде қарамаймын.
+9 дауыс
С.Мұқановтың - Ботагөз" романын оқып жатырмын. Газеттен "Айқын, Құлан таңы, Дала мен қала". Журнал қарамайды екем.
+10 дауыс
кызык китаптын барин оқи беремін.Газет-журналдардан:"Жас Алаш","Жулдыздар отбасы,Аныз адам,Коп жаса Mini Glamour
+7 дауыс
Көбіне махаббат туралы кітаптар оқимын . Ал журнал-газетке келетін болсақ спорт тақырыбында оқимын
+10 дауыс
Жас-Алаш,Датты және т.басқа оппозициялық газеттерді оқимын)))) Марқұм Қадыр Мырзағалиевтың Жазмыш кітабын оқып жатырмын))) жақсы кітап ))) ақын-жазушылардың өмірі туралы сыр шертеді)))
+9 дауыс
Алтын орда, МБМ, Қазақстан әйелдері!.......т.б.көп негізі, айта берсең көп!
+8 дауыс

"Жас Алаш" газеті. Кітаптар көбінесе өз мамандыққа байланысты оқимын.smiley

+8 дауыс
Жас-Алаш. Ұлан. Орысша түрлі түрлі қызықты журналдар алып оқи берем.
+7 дауыс
"Сыр бойы" өзіме ұнайды))), "жұлдыздар отбасы"(Әншілер өмірбаянын білесің! кім-кіммен ажырасып кетті оны да жаЗып коят Х( ҚЫЗЫҚ ))))))
+7 дауыс
Тарихи кітаптар окыганды унатам,ал казирги казакстандык журналдардан "Жұлдыздар отбасын"окимын
+7 дауыс
Кітапты бұрын оқитынмын, қазір ешқандай кітап оқып жүргенім жоқ. Кейде  бұрын оқыған кітаптарымды қайталап оқып шығамын. Көбіне  Бердібек Соқпақбаев, Сайын Мұратбеков, Әзілхан Нұршайықов, Қабдеш Жұмаділовтың кітаптарын оқимын.   
Газет-журналдардың интернет нұсқасын оқимын. Қолыма қандай газет немесе журнал тисе соны оқып шығамын.
+7 дауыс
Поэзия оқудан ешуақытта бас тартпаймын. Мұхтар Шахановтың "Жалын" журналын, бұрын "Жұлдыздар отбасы", "Керемет", "WOW", "Stars.kz", "Өнер жұлдыздары", "Жұлдызбен сырласу", Жұлдызбен сұхбат", Ләйлә Сұлтанқызының "Кино Өнер", "Баян Есентаеваның "Ғашықтар әлемін" оқитынмын, қазір бәрі қалды. Әдеби кітаптан Шыңғыс Айтматов, Бердібек Соқпақбаев, Сайын Мұратбеков, Әзілхан Нұршайықовтың, тағы да басқа ақын-жазушылардың шығармаларын оқи беремін.
...