+1 дауыс
3.1k көрілді
биология пәнінен ұбтға қалай  дайындалуға болады

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Әрине, дайындалыңыз десем күлкілі болар, дайындалғанда қалай: 6 сыныптан жасушалардан бастап қайтадан бастап оқуға тырысыңыз оны бір ертегі деп түсінсеңіз 1 кітапты қалай бітіргеніңізді өзіңіз де байқамай қаласыз. Әр оқыған тақырыптан кейін сол жақта тұрған сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз сол арқылы өз оқығаныңызды бекіте түсесіз. Тақырып сайын тестпен жұмыс жасаңыз бірақ тест деп оған беріліп кетпеңіз. Сосын мен қолданған тәсілдердің бірі жай қарапайым сабақтар (физ-ра, еңбек) кезінде мұғалімнен сұранып биологиядан беретін ұстазыңызға барыңыз. Сабағы болып жатса тіпті жақсы, артқы партаға барып отырып, олар өтіп жатқан тақырыпты қайтадан түсінесіз. Тестпен дайындалыңыз ол міндетті түрде керек, тек тестті жаттауға көп уақыт бөлмеңіз барлығы тек кітапта...Әлі уақытыңыз бар демеймін, уақытты тиімді пайдаланыңыз. Ол сіздің қолыңызда тұрған ең бірінші байлық. Денсаулықты да ұмытпаңыз... Барлығы айтатын шығар, жаңғақ пен шоколад бәрінен дұрысы. Болды менің кеңесім осымен жетеді, кеңес деген интернет арқылы жазатын нәрсе емес. Қолымнан келері тек сәттілік тілеу. Алла жар болсын)
0 дауыс
elim-ai.kz  қарап көріңіз!
...