Өрнекті ықшамдаңыздар: ((-1/7 a^3 b)^3∙(14ab^3 )^4)/(-7a^3 b^4 )^2 . Теңдеуді шешіңіздер: (5n-3)^2-(5n+2)(5n-2)=-47. Графигі А(-4; -12) нүктесі арқылы өтетін және y=4x-7 түзуіне параллель болатын функцияның формуласын жазыңыздар. Осы функцияның графигін салыңыздар. Сүйір бұрышты АВС үшбұрышында ВМ медианасы мен CH биіктігі жүргізілген. Егер МH = 10 см екені белгілі болса, онда АС ұзындығын табыңыздар. Бөлім меңгерушісі өз жалақысының 40% - на тең, ал оның орынбасары өз жалақысының 30% - на тең сыйақы алды. Бөлім меңгерушісі орынбасарға қарағанда 4500 теңге артық сыйақы алды. Егер бөлім меңгерушісінің жалақысы орынбасарға қарағанда 5000 теңгеге артық болса, бөлім меңгерушісінің жалақысы қандай ?
------------------------------------------------------------------------