Тоқал алу туралы ойыңыз қандай?

+2 дауыс
4.7k қаралым
Сіз тоқал алуға қарсысыз ба, әлде қолдайсыз ба?
Жауабыңызға мысал да келтіре кетсеңіз.
• Санаты: Жанұя

25 жауап

0 дауыс
Қарсымын себебі екі әйелдін арасында дау-дамай шығуы мүмкін.
Сол дау-дамайды шығартқызбайтын еркектер жағы мықты болу керек.
–1 дауыс
Қазақстанда 1 еркекке 3-4 әйелден келеді.
И если все будут жить по христианским законам,  моногамная семья - это христианские законы, то казахи скоро вымрут, а при женитьбе одного мужчины и одной женщины остальные 3 девушек никогда не станут женами, никогда не станут мамами, не родят детей, не ощутят радости материнства!!! Вот это трагедия, а не женское эго, вскормленное западным христианским воспитанием, или цивилизацией, как они любяи себя называть.
0 дауыс
Өз-өзімізді алдаудың қажеті жоқ. Әрқайсымыздың отырып қалған таныстарымыз, достарымыз, коллегаларымыз, туғандарымыз бар, арасында өздері үшін бала тауып алғандары да бар. И никто не задумался, что каждая женщина имеет право на материнское счастье, и нехватка мужчин не должна отражаться на них. Дәл осы себептен қазақ әйелдері өздерінің елдеріне әкететін шетелдіктерге күйеуге шығады. Принятие закона о многоженстве решило бы много моральных проблем. То, сейчас делается тайком, узаконить
0 дауыс
Қыздар, ешкім гарем туралы ойлаған жоқ. Оған да шама керек.
Жалғыздыққа ұшыраған әйелдер бақытсыз болса, қоғам ешқашанда емделмейді!!!
0 дауыс
қайталанған сұрақ https://surak.baribar.kz/150316/#a157442
Күлкілі сұрақ, болмайтын нәрсе короче бар ғо:)
Негізі адамдар барған сайын мал болып бара жатыр ма қалай? Тоқалды малдар алатын еді ғо, енді адамдарда алатын болған ба?
Бұрынғы заманда алған-деп жатады, сонда басқа мемлекеттерден қалып 17-18 ғасырларда жүрейік, қатты айтсам айып болмасын, бірақ тәтті өтіріктен ащы шындық жақсы. (Сонда жүрейік бұрынғы замандағыдай 30-40 баламыз болып:))
Балаларын бөлініп жүреді менің мамам анау-деп, ренжіме Нурика бірақ күлкілі сұрақ, өте күлкілі! (ешкім тоқал алмайдЫЫЫЫ)
(Пікір ретінде жазғаныма айып етпеңіздер. Жауап ретінде жазуға келмейтін сұрақ!)
Мен сізден сұрағым күлкілі ма, күлкілі емес пе деп сұраған жоқ сияқты едім. Тақырыптан ауытқып кеткен сияқтысыз. Тақырыпқа қайта оралатын болсақ, неге ешкім тоқал алмайды! Мысалға келтіретін болсақ, Алдымен мынаны жақсы білген дұрыс: осы мәселені тілге тиек етіп жүргендер көбінесе ешбір дінге сенбейтін, белгілі бір ұстанымға бас имейтіндер. Олардың көп әйел алу мәселесіне уәж айтып, сын тағатындай құқықтары да жоқ дер едім. Неге десеңіз, өздері заңды да, құқықты да белден басып, көрінген әйелмен қойындасып, тіпті өз жақын туысқандарымен некелесуді де ерсі көрмейді. Немесе бұлар христиан, еврей тәрізді кейбір өзге дін өкілдері болуы мүмкін. Бірақ бұлардың да кінә тағуы орынсыз. Өйткені, христиандардың қасиетті Інжілі мен еврейлердің Тәурат кітаптарында олар пір тұтатын көптеген пайғамбарлардың көп әйел алғандықтары жазылған. Айталық, Сүлеймен (а.с.) де, Дәуіт пайғамбар да көп әйелмен некелескен. Сондықтан да, көп әйел алуды Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) бастағандай орынсыз шүйлігу қате. Керек десеңіз, көп әйел алу пайғамбарлыққа оғаш қылық емес. Пайғамбарлық міндеті тұрғысынан қарағанда «көп әйел алудың» қайта өзіндік пайдалары да болған.
Және де сізге айтарым: барлық адамның атынан "ешкім тоқал алмайдЫЫЫЫ" деп жауап берудің қажеті жоқ. Бұл жерде сіз тек өз пікіріңізді жазсаңыз да жетіп жатыр.
Тағы да күлкілі:)
Пайғамбарымыздың заманы ма мынау?
Бұл жерде дінге дым қатысы жоқ, артық кеткен жоқпын және тақырыптан ауытқығам жоқ. Адамның жүрегі біреу ғана,сондықтан оның сүйіктісі тек біреу болуы керек.
Елдің бәрін күлдіртіп тоқал алыңыз онда, ешкім қарсы емес.
Тойларыңызда неке сақинасы екеу болады:)
Қазіргі заманда ешкім екінші әйел болғысы келмейді, вот міне ең басты нәрсе!
Қарсымын!!!
Мәссаған!!!!
Сіз өзіңіздің білімсіз адам екенізді көрсетіп қойдыңыз.
Сізге одан әрі жалғастырудың қажеті жоқ. Осы жерден тоқтатыңыз.
Және де мен тоқал алыңдар деп жатқан жоқпын. Сөздің төркінін дұрыс түсінгенініз дұрыс. Қарсы болсаңыз, қарсымын деп жазыңыз, артық ештеңе керек жоқ.
Менің сұрағымды "күлкілі" деп кекетуге сіздің қандай құқыңыз бар??
Өз орныңызды біліңіз.
Айналайын, аман бол, жазбаш енді.
))) мен саған жекеге жазбаймын:)
иә, не дсеңде маған бәрібір, білімсізбін иа)
Айдана ханымның поштасы толып кетті(( қоя қой қатыншылым!)
Тіліңізге абай болыңыз!!!
0 дауыс
http://kz.fgulen.com/kz-books/questions-and-answers/questions-and-answers-1/168-man.html
мына мықаланы толық оқып шығуларыңызды сұраймын.
0 дауыс
Егер оған жағдайың жетіп тұрса алуға болады?Бірақ одан түрлі сезімдер пайда болады: қызғаныш, суып кету, уайым, т.б.Арада тек бала ғана уайым шегеді,қиналады.Оның пікірімен де санасу керек деп ойлаймын.Адамда қазір шынайылық қалмады ғо.Үйде адал жар болып, түзде бойдақ атанатындар көп қо.Сондықтан тоқал алуға әйелі қанша қарсылық танытса да қыдыратын адам бәрібір қыдырады.
0 дауыс
Тоқал алу дегенді жамырап қарсылық білдергеннен ештеме өзгермейді. Егер автосалонда қымбат көлік тұрса оны барлық еркек мінсін алсын деген қағида жоқ қой, кімнің жағыдайы бар сол джип мінеді. Тоқалды да жағыдайы бар ақылды парасатты еркек алалады. Тоқал алуға қарсы болып қанша шыңғырып жер тепкілеседе әйелдер жеңіліс табады. Өйткені тоқал алдырмасаңда ашынасы болады . Қоғамда киеуі қайтыс болған жесірлер, дәм тұзы жараспай ажырасқан келіншектер, отыздан асқан қыздар көп болса ашыналарда "на выбор"- көп болады. Тоқал көп болса ашына да аз болады. Ашшы болса да айтайын, киеуімді бөлісе алмаймын бөтен әйелмен дейтіндер игоист болып есептеледі. Сіздер толық сенімдісіздер ме еркектеріңізді ешкім сізбен бөліспей жүргеніне? Тоқалдан туылған ұлы адамдар көп, солардың анасы көргенсіз емес шығар немесе тоқал алдырған бәйбішелері надан намыссыз емес, керісінше қазіргі игоист қыз келіншектерді 1000орайтын ақылды болған. Қазақ қыздарының санасы шаитани еуропалық сана билеп алған, одан арылмай жезөкше, ашына, кәрі қыз дегендер азаймайды. 100 рет білім алып, 100 тіл білсеңде тәрбиесі жоқ білім нольге тең. Біз өмірге қара басымыз үшін келген жоқпыз. Біз ұлт болу үшін, халық болу үшін туылдық. Қазақ көп болса қытай мен ресей жерімізге көзін алартпайды. Сан болса сапа болады.
0 дауыс

Менің жасым 26 да. Жарыммен отау тіккенімізге міне 7 жыл болады Ин Ша Алла. Уш ұл туып бердім. Мен жарымды катты жаксы коремін. Тіпті онсыз омир суре алмаймын. Жағдайымыз асып бара жаткан ештемемиз жок, канагаттандырарлыктай. Кудайга шукур. Бирак жарым токалды болуды армандайды. Əріне дінге карсы менде шыга алмаймын. Тек амалсыздан туншыга көнемін. Коп ойлай беремін, калай мен бір шаныракта турамын деп. Тіптен болек турып жатсамда калай ол? Калай болады? деген сурактар мазалайды. Енді ойлап каранызшы бир тосекте калай жатпакпыз? Тіптенде мейлі болек тосек болсын. Мен осыган шыдай аламынба? деп ойлай беремін. Исламга карсы турмай Алла 40 жасына жеткізсе токалды болуына руксатымды бердім. Ал енді сурагым. Исламга карсы шыга алмай, бирак жаралы жарыммен

0 дауыс
Тоқалды көбі мода үшін немесе нәпсісі үшін алады. Кейбірі тіпті тоқал етіп алып тастап кетіп жатыр,  себебі әйелінің баласы болып кеткен әлжуаз еркектер бар ақшасы болса да қатыгына бағынатын. Намыссыз еркектер тоқал алғанша тыныш жүрсе екен. Нағыз намысты еркек қана тоқалды шариғатқада адамгершілікке жауапкпршілікке сай алады. Тоқал болудың еш айыбы жоқ,  бұл өмірде бәрі өлшеулі,  ерлі зайыптының махаббатының өзі сыйластыққа ұласып кетеді,  оданда шындықты мойындап сыйласып өмір сүрген тиімдірек. Қалталы ағалар өз қамын ғана ойламай жесір не отырып қалған қыздарды тоқалдыққа алса Қазақ саны көбейіп әр Қазақ қызы жолдан таймас еді және шетелдікке кетпес пе еді бәлкім. Тоқал болуға келсіскен қыз нағыз ақылды қыз деп есептеймін,  үйткені ол зина жасап отырған жоқ тек парызды орындаған адамның бірі болмақ.Тоқалдыққа тигісі келетін қыздар қаншама,  нашар еркектер тек нәпсісі үшін ғана тоқал алады. Тоқал болуға еш қарсы болмас едім,  маған нағыз жігіт кездескен жоқ. Ата бабамыздан келе жатқан салт.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
7 жауап
127,761 сұрақ
322,326 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы