Әкем әскери адам болған. Оларда тәртіп қатал, шашты ешқашан өсірмейді. Өстіп мен де сол тәртіптің құрбаны болдым. Қыста сәл ғана өсіріледі, бас тоңбас үшін. Жазда пәшти жалтырбас. Осындай жұқа шашта өзімді еркін сезінемін, әрі ыңғайлы. Шаш, тырнақтар өссе тыныс тарылып, өзіңді жағымсыз сезіну белгілері пайда бола бастайды.