Мықтылардың күйін шертіп өтер күн,
Заман терек адам соның бұтағы.
Мен туғанда досым сенің, әкеңнің
Жазылыпты Абай жайлы кітабы.
Менің әкем соны оқып, ұзақ түндер отырыпты оңаша.
Бір биікпен таныстым деп тамаша.
Шаттаныпты балаша. Ашып тастап аспанын,
Жинап барлық достары мен қастарын.
Ниетімді құптар деп,
Бұл есімде ерекше бір құт бар деп,
Мына мендей перзентіне сол күні
Ат қойыпты Мұхтар деп.
- Ха-ха-ха! Көкіректе арман көп,
Біздің ауыл иттерінің аты да,
Келеді ылғи «Бөрібасар», «Арлан» боп,
Бірақ әлі қасқыр алған бірі жоқ.
Қасқыр түгіл қоян ұстар түрі жоқ, -
деп күліпті төрде отырған бір кісі.
Жұрт шаттығын су сепкендей басыпты,
Әлгі адамның ажуалы күлкісі.
Әкем сонда бесігіме сүйеніп,
Көп тұрыпты көңіменен құлаған.
- Ұлым сенен сұранам,
Тірлігіңде бой көрсетпе жырадан,
Ұлым мені таба қылма мынаған.
Қыран болсаң кеңістік көп қойда да, -
деп сеніммен жымиыпты жай ғана.
Мен ержеттім әлгіге қас қылғандай,
Қас қылғандай, қалжынын тасқа ұрғандай,
Атқа міндім...
Болса да көп арманы,
Әкем марқұм ол күнді көре алмады.
Көре алмады ол тағдырдың мергендігін,
Ұланының жырдан гүл тергендігін.
Абай, Мұхтар бастаған елге әйгілі,
Ұлы көштің соңынан ергендігін.
Сапар сайын олжасыз боп қайтпадым,
Көрмеді әкем талайдан бақ қайтқанын.
Көрмеді әкем баяғы қалжынбастың
немересі жырымды жатқа айтқанын.
Мейлі қасым көп болсын досымнан да,
Мейлі мұным сөз алсын тосылғанда,
Борыштымын есімін маған берген
Сенің әкең секілді асыл жанға.
Менің тұңғыш кітабым басылғанда,
Үміт оты алдымнан шашылғанда,
Анам байғұс шаттықтан жарылардай,
Асығыстап кебісін сүйрелектеп,
Көршілерге жүгірді күйбелектеп,
Сосын үнсіз тұрды да ойға қалып,
Үйренбеген әлі де тойға барып,
Менің титтей елеусіз кітабымды
Ұлы томның қасына барды апарып.
Мұның не деп айтуға жарамадым,
Досым, бұған мысқылмен қарамағын.
Перзентінен даналық күтетұғын
Әдеті ғой ежелден бар ананың.
Дей алмаймын өнерде бос қамалам,
Бос қамалсам жанымда жасқа малам,
Абай ақын бір басқа
Мен де, досым, ендеше басқа болам,
Жол іздеймін әлі ешкім бастамаған.
Өзіме шақ көгілдір аспан алам.
Әбілда ақын бір басқа,
Сырбай басқа,
Мен де, досым, ендеше басқа болам.
Сағынумен күн кешем мен ертеңді,
Сүйіп өтем өлгенше кең өлкемді.
Өткізбеймін ешкімге зорлығымды,
Түсірмеймін ешкімге көлеңкемді,
Заманымнан алғанша үлесімді,
Тоқтатпаймын тағдырмен күресімді.
Мұхтар деген – киелі ат, марқұм әкем,
Маған тегін қоймаған бұл есімді.
Сұлулыққа сұғыну қайынға таң.
Қастарыма күшімді пайымдатам.
Өзім қанша мықтыны мойындадым,
Енді өзімді соларға мойындатам!
Заман терек адам соның бұтағы.
Мен туғанда досым сенің, әкеңнің
Жазылыпты Абай жайлы кітабы.
Менің әкем соны оқып, ұзақ түндер отырыпты оңаша.
Бір биікпен таныстым деп тамаша.
Шаттаныпты балаша. Ашып тастап аспанын,
Жинап барлық достары мен қастарын.
Ниетімді құптар деп,
Бұл есімде ерекше бір құт бар деп,
Мына мендей перзентіне сол күні
Ат қойыпты Мұхтар деп.
- Ха-ха-ха! Көкіректе арман көп,
Біздің ауыл иттерінің аты да,
Келеді ылғи «Бөрібасар», «Арлан» боп,
Бірақ әлі қасқыр алған бірі жоқ.
Қасқыр түгіл қоян ұстар түрі жоқ, -
деп күліпті төрде отырған бір кісі.
Жұрт шаттығын су сепкендей басыпты,
Әлгі адамның ажуалы күлкісі.
Әкем сонда бесігіме сүйеніп,
Көп тұрыпты көңіменен құлаған.
- Ұлым сенен сұранам,
Тірлігіңде бой көрсетпе жырадан,
Ұлым мені таба қылма мынаған.
Қыран болсаң кеңістік көп қойда да, -
деп сеніммен жымиыпты жай ғана.
Мен ержеттім әлгіге қас қылғандай,
Қас қылғандай, қалжынын тасқа ұрғандай,
Атқа міндім...
Болса да көп арманы,
Әкем марқұм ол күнді көре алмады.
Көре алмады ол тағдырдың мергендігін,
Ұланының жырдан гүл тергендігін.
Абай, Мұхтар бастаған елге әйгілі,
Ұлы көштің соңынан ергендігін.
Сапар сайын олжасыз боп қайтпадым,
Көрмеді әкем талайдан бақ қайтқанын.
Көрмеді әкем баяғы қалжынбастың
немересі жырымды жатқа айтқанын.
Мейлі қасым көп болсын досымнан да,
Мейлі мұным сөз алсын тосылғанда,
Борыштымын есімін маған берген
Сенің әкең секілді асыл жанға.
Менің тұңғыш кітабым басылғанда,
Үміт оты алдымнан шашылғанда,
Анам байғұс шаттықтан жарылардай,
Асығыстап кебісін сүйрелектеп,
Көршілерге жүгірді күйбелектеп,
Сосын үнсіз тұрды да ойға қалып,
Үйренбеген әлі де тойға барып,
Менің титтей елеусіз кітабымды
Ұлы томның қасына барды апарып.
Мұның не деп айтуға жарамадым,
Досым, бұған мысқылмен қарамағын.
Перзентінен даналық күтетұғын
Әдеті ғой ежелден бар ананың.
Дей алмаймын өнерде бос қамалам,
Бос қамалсам жанымда жасқа малам,
Абай ақын бір басқа
Мен де, досым, ендеше басқа болам,
Жол іздеймін әлі ешкім бастамаған.
Өзіме шақ көгілдір аспан алам.
Әбілда ақын бір басқа,
Сырбай басқа,
Мен де, досым, ендеше басқа болам.
Сағынумен күн кешем мен ертеңді,
Сүйіп өтем өлгенше кең өлкемді.
Өткізбеймін ешкімге зорлығымды,
Түсірмеймін ешкімге көлеңкемді,
Заманымнан алғанша үлесімді,
Тоқтатпаймын тағдырмен күресімді.
Мұхтар деген – киелі ат, марқұм әкем,
Маған тегін қоймаған бұл есімді.
Сұлулыққа сұғыну қайынға таң.
Қастарыма күшімді пайымдатам.
Өзім қанша мықтыны мойындадым,
Енді өзімді соларға мойындатам!