+1 дауыс
22.7k көрілді
казирги кезде казак елиндеги манызды проблемалар?

9 жауап

+6 дауыс
1-Тіл мәселесі

2-Халықтың жағдайы

3-Сауатсыздық

4-Тазалық(әсіресе рух тазалығы)

5- Денсаулық

 тізе берсең өте көп!!! әсіресе тіл мәселесін қолға алу қажет!!!
+2 дауыс
Пезнес ойландырып жіберетін сұрақ қо мынауың. Бұл сұраққа жауап беруім үшін, Қазақстан менің денемдегі маңызды мүше болуы керек, сосын мен не проблема екенін сезер едім нақ қалай шешу керек екенін де. Әйтпесе, пырост отырып ап өзіме не жетпейд, Қазақстанның проблемасы сол нақ! деп артпен бал аш жіверуге кетары емеспін.)))
0 дауыс
Оданда сұрағыңызды "Қазіргі кезде Қазақстанда қандай проблема жоқ?" деп қойсаңызшы))))
не проблема шыгарайын деппедің? Қазақстанға лишный проблема керек емес) онсызда жоғарыдағы проблемаларды шешіп алсақ жетер!
Қазақстанның іші толы проблема ғой
Сол ғо бірақ...
+2 дауыс

Сәлеметсіздерме )) Қазақстанның ішкі және сыртқы жағдайы мәз емес .  Мен сол қиын мәселелер туралы айтсам

1. Қазақстанда бензин , Энергия , және электронды технологиялық заттар өте жоғары бағада сатылады ))  Ол қарапайым халыққа өте қолайсыз ....

2.Киім , азық - түліктер көтерме саудада сатылады ....

3.Біз бензин , Энергия , және электронды технологиялық заттарды шет елдерден аламыз ... себебі , Қазақстанда ондай саланы жетік меңгереді де басқа мемлекетке кетіп сонда көп ақшаның қызығын көреді ... Сондықтан мемлекетіміз дамымайды ...

4.Егер ауруханага козім ауырды деп барсан сокыр кылады ... сондықтан қарапайым халықта қазақ емханаларына онша сенбей шыңжаң , яғни Қытайдағы медицинаға , қысқасы инемен емдейтін қытайларға барады ....

Осы айтарым ... сондықтан барін демалыңдар )))

+1 дауыс
Арал тенизи,каспий мунаймен ластанып жатыр,балыктар броконерлер жемтиги. Есиртки,темекимен улану,лас ауадан кышкыл жанбыр жауып,егиндиктин куруы тизе берсен коооп...
+2 дауыс
дахуядан да коп!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
0 дауыс
Біздің өңірде "су санитары" атанған шаянды аулап, оны Ресейге "көрінбес жолмен" тасумен айналысатындарға өткізіп нәпақа тауып жүрген отағасылар өте көп. Олар осындай жолмен ғана отбасын асырап, өздерінің кәсібіне айналдырғалы қашаааан?!. Жұмыссыздық немесе табылған жұмысқа алатын жалақының күнкөріске жетпейтіндігі, соның кесірінен шаяндардың тым азаюы, салдарынан ауызсудың ластануы, соңында біздің өңірімізде бүйрек ауруларының көбеюі - міне, проблеме! Күллі Қазақстан емес, кішкене ауылдан қанша проблема шықты?!
0 дауыс
Миллион проблемасы бар гой
0 дауыс
Біріншіден, қазақ тілінің, әрі мәдениетіміздің құлдырауы, себебі жылдан-жылға салт-дәстүрлеріміздің көбі ұмытылуда және шет елдердің ғаламтор арқылы әсерінен жаһандану жүруде, дегенмен ұлттық ерекшелігіміздің осы жаһандану үрдісінің әсерінен жоғалуы мәселесі туындауда.
Екіншіден, ақыл ойдың ағылуы, себебі көптеген жастар өз Отанынан кетіп, шет елдерге біржолата көшуі, әсіресе олардың ішінде басымы білікті, білімі жоғары жастар, әрине бұның нәтижесінде елімізде білікті маманды жастар азайып, болашақта еліміздің дамуы төмендейді, осымен қоса жастар азайғандықтан болашақта қарттар үлесі көбейіп, еңбекке жарамды халық үлесі төмендеп, бұл қайтадан экономикаға кері әсерін тигізеді және нәтижесінде ұлттың қартаюы деп аталатын үрдіс туындауы мүмкін.

Үшіншіден, гендерлік теңсіздік, елімізде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық деңгейі жоғары, ал заңдар тиімсіз, сонымен қоса халық керісінше бұл мәселеге көзін жұмып қарайды немесе ұят деген ұғымның кесірінен осы жағдайларды жасыруға тырысады, тағы әйел мен ерлердің жалақыларының үлкен айырмашылығы және феминизм сияқты қозғалыстарға немесе жалпылай айтқанда әйелдерге қатысты қолдаудың болмауы, олар ТЕК ҚАНА үйде отырып, үй жұмысымен айналысу, бала туу керек, мансапқа оларға жетуге болмайды деген қате ұғымның әлі де қоғамның санасында болуы әйелдердің мүмкіндігін шектеуде.
Төртіншіден, коррупцияның жоғарғы деңгейі, ақшадан өлгендей одан басқа құндылықты көрмеу әлі де елімізде кездеседі (әсіресе жоғарғы органдарда), әрине ақшаның халыққа емес өзіндің мақсаттарға кетуі халықтың әлеуметтік жағдайының төмен болуына әкеледі. Халықта ақша жағдайымен мәселелер болғандықтан, халық материалды да, рухани да дамый алмайды.
Бесіншіден, отандық өнімнің болмауынан біз әлемдік аренада бәсекелестік деңгейіміз төмен, әрі экономикамыз тек пайдалы қазбаларға ғана тәуелді, дегенмен бұл ресурстар сарқылуда, сондықтан егер осылай жалғаса берсе, болашақта инфляция мен экономикалық кризис туындауы әбден мүмкін, әрине пайдалы қазбаларды  зауыттарда қолдану экологиялық мәселелерге әкелуде, мысалы атмосфера ластануы, су ресурстарының зауыт қалдықтарымен ластануы. Сонымен қатар, мемлекетімізде басқа да экологиялық мәселелер бар.

Осыдан басқа айтылмаған мәселелер бар, бірақ менде осымен бітті.
Осы бүкіл жазғаным менің жеке ойым, менің осыны жазған басты мақсатым сіздердің осы мәселелерді білгендерінізді қалаймын, мүмкін араларыңызда осы айтылған мәселелерді шешуге үлкен үлес тигізетін жандар бар шығар. Әлі де кеш емес, әлі де біз Қазақстанды аяғынан тік тұрғыза аламыз, мен сенемін, МЕН СЕНЕМІН БІЗДІҢ ЖАСТАРҒА, себебі өзім де солардың бірімін. Менің жүрегім сезеді, бізді және біздің ұрпақтарымызды жарқын болашақ күтіп тұрғанына. Егер сен үлкен нәтижеге жеткің келсе, кішкентай қадамдардан баста-егер сен мәселені шешкің келсе, өзіңнен баста!!! Мықты болсаң, қашпа, қорықпа, біз бірге әлі мыңдаған жетістіктерге жетеміз!

Егер сен осыны оқып отырсаң, мен саған сенемін!!!!
...