ДАРХАН есімнің мағынасы қандай?

0 дауыс
13.3k қаралым
ДАРХАН есімнің мағынасы қандай.
Тұлға, Адам

6 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап
Кең пейілді мейрімді көңілі дархан даладай болсын деп.
Белгісіз
0 дауыс
ДАРХАН - көне түркі тілінен  тархан, тархат. Көне тұркі жазба ескерткіштерінде атақ, дәреже ретінде кездеседі. Махмұд Қашқари, Абұлғазы Бахадұр енбектерінде мағынасы 9 түрлі кінадан босатып, ерік, кеңшілік берілген, хан ордасына еркін кіріп шыға алатын және бұл ерік 9 атасына дейін кететін адам. Біріккен тұлғалы есімдер - Дарханбай, Дәркенбай.
0 дауыс
http://www.koshpendi.kz/index.php/esimder/dabyl-dildabek/
0 дауыс

wikipedia дан қарап көр міне

0 дауыс
Бір қызығы Дархан деген есімдер көбіне толық адамарда болады )
Енді салмағы дарханғо )))
0 дауыс
ДАРХАН

ДАРХАН – бұл есім қазақ тілінде кеңпейіл, жомарт деген мағынаны береді. Ал «тархан» сөзі түркі тілінде хан сарайындағы сыйлы қызметкер деген мағына береді. Тархандар ханның қабылдауына емін-еркін кіріп-шығу құрметін иеленген және салықтан азат етілгендер болып табылады. Тархандар хан тарапынан тоғыз мәрте кешірімге ие бола алады және бұл құқық олардың тоғызыншы ұрпағына дейін сақталатын болған. Сондай-ақ «дархан» сөзі моңғол тілінде ұста дегенді білдіреді. Моңғолияда үлкендігі жағынан үшінші орын алатын қала мен аймақ та «дархан» деп аталады.

1. Дархан – қазақ тілінде кең, жайсаң, жомарт деген мағынаны береді.

2. Тархан – түркі тілінде хан сарайындағы титулдардың бірі. Тархандар ханның қабылдауына емін-еркін кіріп-шығу құрметін иеленген және салықтан азат етілгендер болып табылады. Тархандар хан тарапынан тоғыз мәрте кешірімге ие бола алады және бұл құқық олардың тоғызыншы ұрпағына дейін сақталатын болған.

3. Дархан – моңғол тілінде «дархын» деп оқылады. Ұстаны моңғолдар «дархан» дейді. Моңғолияда үлкендігі жағынан үшінші орын алатын қала мен аймақ та «Дархан» деп аталады.

Ұқсас сұрақтар

127,678 сұрақ
322,184 жауап
153,247 пікір
72,701 қолданушы