Харам, халал тек тағамға ғана қатысты ұғым емес. Жалпы, харам, халал ол арабша сөз. Бұны қазақша арам және арам емес, яки Алла Тағала тарапынан рұқсат етілген, я рұқсат етілмеген дүниелер, әрекеттер деп қарастыруға болады. Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа. Сол сияқты, Сіз айтқан харам мен халалды әр халық өз алдына бір төбе ғып, әртүрлі түсінік береді.
Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері бар. Басқасына еліктемеңдер. Әсіресе арабтарға еліктегіш, еуропаға ұқсағыш дүрдараздардың құлағына алтын сырға.
Асылы, ұлттық құндылық шеңберінде болу керек. Бары осы. Тәрбие көрген, қазақи отбасының баласы халалға жақын, харамнан бойын алыс ұстайтыны ғылым академиясымен дәлелденіп, мөр басылған конституцияның бәленінші тармағында жазылмаған, өздерің тауып алыңдар керек болса!