"Достық деген махаббаттан жа жоғары тұратын байланыс" - деуші еді Нұртас деген досым. Нұртастың айтқан сөзінің жаны бар. Шынымен де, достық деген сыйластықтың ең жоғары сатысы сияқты барлық жағынан алып қарастырғанда... Дегенмен, пенде болған соң өсмірде түрлі жағдайлар орын алады, шыр айналған заманда досыңыз күтпеген жерден сізді сатып кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда не істеуге болады деген заңды сұрақ туындайды әрине...
Меніңше, қателеспейтін адам болмайды ғой, ешкім мінсіз емес, сондықтан кешіру қажет. Ондай жағдай болмай-ақ, қойсын, бірақ, жаман айтпай жақсы жоқ деген сияқтя, сондай жағдай орын алып қалған жағдайда, бірінші адам өзінен кінә іздеу керек, "Неге ол менен кетті? Неге менен қол үзді, араласқысы келмейді? т.б. деген сияқты сауалдарды қойып, соған жауап тапқан кезде досыңызбен бірге отырып асықпай әңгімелескен дұрыс деп ойлаймын. Бізге қалыптасқан жағдай көбінесе, кінәні өзге адамнан іздеу... Негізі, адам өз-өзіне есеп беріп, екі жаққа да теңдей қараса, мәселенің бәрі шешіледі...
P.S. Қандай жағдай болмасын, түсіністік таныту қажет. Қасиетті хадисте: "Мұсылман адамдар бір-бірімен үш күннен артық жүз шайыспауы керек" делінген екен...