Досың сатып кетсе кешіруге болады ма?

+6 дауыс
7.0k қаралым

Әлде достық жақсылық жасаудан ғана тұрады ма достық?

• Санаты: Достық | 7.0k қаралым

21 жауап

+7 дауыс
Жақсы жауап
Әрине кешіруге болады...егер сіз жаны таза мұсылман азаматы болсаңыз, неге кешірмеске??  аз ғана өмірде, кім-кімге болса да кешірімді бола білейік....кешірімді болғаннан сіз ешқандай төмен болмайсыз!!!  өзіңіз биік, ақылды, парасатты, көрген білгені көп адам болып ерекшеленесіз!!!  егер сен оны кешірмесеңіз, "сіз де сол досыңызды сатып кеткенмен бірдей болмай ма?"  - деп ойлаймын...  Досыңыз  көп болсын, кешірімді болыңыз!
Қатені тұрлау оңай шаруа емес екен..Көз майым ағып кетті-ау ә?? Және түсінбегенім, бір принципті ұстанбағансыз, я сізсіреп, я сенсіреп жазыпсыз...Мен барлығын сізсіреуге тұралап қойдым, осыны оқығанымда ауа жетпей қалды, қақалуға сәл-ақ бардым...Қатесіз жазсаңыз екен келесіде...
Дұрыс, егерде кешіруге тұрарлық пенде болса
–5 дауыс
Қазіргі кезде шын достық аз) ! досың сатса озінді қадірлете алмағансын.
Мен досым сатып кетті деген жоқпын ғой, күйе жағуға асықпа) Сын емес, сауалыма жауап сұрап тұрмын
+4 дауыс
Негізі досың сатып кетсе кешіруге болады ғо...........
+9 дауыс
Досың сатып кетсе, демек ол дос болмағаны саған.

 

Черчельдің мынадай сөзі бар:

Жауларыңды кешіріңдер, бірақ аттарын ұмытушы болмаңдар!
Бұл Черчельдің сөзі емес, Джон Фицджеральд Кеннедидің  кеңесі.
Сенікі дұрыс. Қателескенімді мойындап қояйын. :)
+7 дауыс
Ол (уже) сенің досың емесқо, ондайларға кешірім жоқ!                                                                                                                                               .
+7 дауыс
Вольтердің заңы: Құдайым-ау мені достардан қорға, ал жаулардан өзім-ақ қорғанам!

егер  шын дос деген адам сатып кетер болса, оған кейін жақындамау керек! кейін тағы да көңіліңді тауып, осы жағдайды(сатып кетуі)  қайталауы әбден мүмкін!
Сисадминдер Құдайға былай жалбарынады екен:

Ламерлерден сақтай көріңіз, хакерлермен өзім айналысамын. :-)
дурыс айтасын мени де ен жакын досым сатып кеткен оны кеширмеу керек онда керсинше ол меннен кеширим сурау керек
+7 дауыс
ал егерде үлкен масшта қарайтын болсақ ше? Мысалы отанын, елін сатқан үшін сол сатқынды ел, заң кешіре ме екен? //кеңес дәуірінде ондай сатқ. атып тастайтын//

Менімше /отаныныңды сату/ мен /досыңды сату/ түсініктер арасында бір ұқсастық, жақындық бар секілді

Біреусінде - үлкен дәрежеде болса, сыңарында  - кішірек
+5 дауыс
Салем! Кешір!  бірақ көңіл қалғаннан кейін қайта араласа алмайсың ол адаммен. Ұмыт оны.

Қуану  керек,бұдан да қиын кезде жаныңда болмай,өз келбетін танытқанына.

+7 дауыс
Алла Тағала кешіргенді кешіреді кешірімді болу иманнан,бірақ нағыз дос сатпайды
+5 дауыс
Неқыласың оны кешіріп,аулақ жүрсін.Бұл жолы сатып кеткен дос,келер жолы шімірікпей атып кетеді.Талайын көргенмін.
+6 дауыс
Өш алғаннан гөрі кешірген жақсы. Ең алдымен досынды кешіресін. Содан кейін достығынды бұзасын. Біріншіден кешіру керек қой.
+3 дауыс
Жоқ! мен өз басым кешірмеймін,сатып кететін достың қажеті қанша? Бір қайталанған нәрсе қайталана береді,бір лет сатты ау кешіре салайын деп кешіре салуға болмайды ол жағдай тағы да екінші рет қайталанбасына кім кепіл?ондай Сатқын достың барынан жоғы!
+2 дауыс
менім досым сатып кеткен кезедр болды,Бірақ қайдам ка әлі доспыз...Кешірем)!!!
0 дауыс
Jako айтқанына қосылам. Бір сатқаннан кейін оны кешірудің қажеті жоқ.
+1 дауыс
Мұсылман адамдар бір - бірімен 3 куннен артық арздасуға болмайды делінген...менің ойым ондай жағдайда тез татуласқан дұрыс деп ойлаймын...Адамның бір жамандығы  үшін барлық жақсылығын ұмытуға болмайды...
+4 дауыс
салем Данияр, егер досың сатып кетсе оны кеширсен болады. Бирак кейін онымен достыгынды жалгастырып ауре болудын кажеті жоқ. Бір рет дәмін татып көрген адам екінші ретте татуға дайын болады....(nod)
+2 дауыс
"Достық  деген махаббаттан жа жоғары тұратын  байланыс" - деуші еді Нұртас  деген досым. Нұртастың  айтқан сөзінің жаны бар. Шынымен де, достық деген сыйластықтың ең жоғары сатысы сияқты барлық жағынан алып қарастырғанда... Дегенмен, пенде болған соң өсмірде түрлі жағдайлар орын алады,  шыр айналған заманда досыңыз күтпеген жерден сізді сатып кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда не істеуге болады деген заңды сұрақ туындайды әрине...
Меніңше, қателеспейтін адам болмайды ғой, ешкім мінсіз емес, сондықтан кешіру қажет. Ондай жағдай болмай-ақ, қойсын, бірақ, жаман айтпай жақсы жоқ деген сияқтя, сондай жағдай орын алып қалған жағдайда, бірінші адам өзінен кінә іздеу керек, "Неге ол менен кетті? Неге менен қол үзді, араласқысы келмейді? т.б. деген сияқты сауалдарды қойып, соған жауап тапқан кезде досыңызбен бірге отырып асықпай әңгімелескен дұрыс деп ойлаймын. Бізге қалыптасқан жағдай көбінесе,  кінәні өзге адамнан іздеу... Негізі, адам өз-өзіне есеп беріп, екі жаққа да теңдей қараса, мәселенің бәрі шешіледі...
P.S. Қандай жағдай болмасын, түсіністік таныту қажет. Қасиетті хадисте: "Мұсылман  адамдар бір-бірімен үш күннен артық жүз шайыспауы керек" делінген екен...
Күшті жауап! Келісемін...  
Дегенімен, досты кешірсең де онымен байланысың бұрынғыдай болмас, болмағаны жөн. Бір сатқан дос екінші рет тағы сатпасына кім кепіл бола алады
0 дауыс
Барлық қателiктi кешiруге болады, тек сатқындық жасаған адамды кешiрмес едiм.
0 дауыс
Бірінші рет болса кешір,екінші рет болса тағы да кешір,ал үшінші рет кешірсең бұл уже ақымақтық деп есептеймін.
0 дауыс
Қайдаам? Негізі кезінде бір жан досым деп жүрген біреу, плотно лақтырып кеткен) ондай қатты лақтырмаса да плотно лақтырған тұғын. Одан кейін мүлдем араласпаймын омен. Енді бір мектепте оқығаннан кейін амандасам былай-былай) Бірақ мүлдем әңгімелеспейм дегендей ғой. Негізі айтады мұсылман адамдар 3 күннен артық араздасуға болмайды деп. Бірақ қайдам, анандай істен кейін "оо досым мен сені кешірем. Кел қайта дос болайық деу" мүмкін емес сияқты
0 дауыс
иа ондайлармен журмеу керек себеби нагыз досынды гана кешируге  болады деп ойлаймын

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
127,937 сұрақ
322,818 жауап
153,169 пікір
72,932 қолданушы