0 дауыс
логика заңдары тақырыбы жайлы мағлұмат керек болып тұр еді достар,тез арада.
02.01.2013 4.1k қаралым

1 жауап

0 дауыс
Логикада бар болғаны қарапайым 4-ақ заң бар.
1. Тепе-теңдік заңы (А дегеніміз ол А) Мысалы: жаңбыр дегеніміз ол жаңбыр
2.Қайшы болмау заңы. Бір дұрыс пікірге қайшы келетін екінші пікірдің болмауы (А дегеніміз А1 болуы мүмкін емес). Жаңбыр жауып тұр деген пікірмен жаңбыр жаумай тұр деген пікірдің бір мезгілде дүрыс болуы мүмкін емес
3. Үшіншісі жоқ заңы (А немесе Б).  Жаңбыр жауып тұр немесе жауып тұрған жоқ, үшіншісі болуы мүмкін емес
4.Дәлелдің жеткіліктігі заңы. (Б дұрыс па, онда А да дұрыс болғаны). Жер балшық па, онда жаңбыр жауған.
Бар болғаны негізгі осы төрт заң, қалғандары осылардан тарайды.
02.01.2013

Ұқсас сұрақтар

127,967Сұрақ
322,916Жауап
153,168Пікір
73,057Қолданушы