+1 дауыс
1.7k көрілді
Мен мысықты жақсы көремін

15 жауап

–1 дауыс
 
Жақсы жауап
мен барыстыпен үй  қоянын жақсы көрем
Барыс (лат. Uncia uncia) Орталық Азиядағы тауларда, Солтүстік Үндістан, Пәкістан, Байкал, Тибет өңірлерін мекендейтін мысық. Сирек, таралу аймағы тарылып, саны кемуде. Тянь-Шань, Тарбағатай, Сауыр мен Алтайдың биік жоталарында таралған; таулардың альпі және субальпі белдеу-лерінде құзды, жартасты жерлерді мекендейді. Қазақстанда жалпы саны - 200 бастан аспайды; санының кемуінің негізгі себептері - қасақылық және негізгі қоректік объектілер (таутеке, арқар, елік) санының азаюы. 1976 және 1985 жылдары барыстар Алматы хайуанаттар паркінде өсіп-өнген. Ақсу-Жабағылы, Алматы және Марқакөл қорықтарында және үш қорықшаларда қорғалады. Жоңғар қорығын ұйымдастырып, қазіргі бар қорықшаларда қорғау жұмыстарын жақсарту қажет.
Көп түркі және көшпенді елдер үшін, барыс ұлттық таңба. Алматы қаласының қалатаңбасында - барыс, Татарстан республикасының елтаңбасында - қанатты барыс
Үй Қояны (Oryctolagus cunіculus) — қоян тұқымдасына жататын сүтқоректі жануар. Жабайы үй қояны Испания мен Оңтүстік Францияда кең тараған. Ол қолға үйретілген қояннан кіші: тұрқы 40 — 50 см, салмағы 1,5 — 2 кг, түсі жыл маусымына сай өзгеріп, маусым бойынша көжектейді. Тоғайда, қалың бұта және шөп арасына терең ін қазып, жұптасып немесе топ болып мекендейді. Азығын түнде іздейді, қолға тез үйретіледі. Оңтүстік-Батыс Украина мен Каспий теңізінің аралдарында кездеседі. Үй қоянның 60-тан аса тұқымы бүкіл дүние жүзіне тараған. Ол тез жетіліп, шапшаң көбейеді. Үй қояннан түбітті тері, түбіт алынады. Жылына орта есеппен 3 — 4 рет (30 күнде), көбіне 3 — 4 көжектен кейде 5 — 6 көжектен туады. Көжегінің орташа салмағы 60 — 70 г, 30 күннен соң салмағы 800 — 900 граммға жеткенде енесінен бөлінеді. Тез жетілетін тұқымдары 4 — 5 айдан соң шағылысып, 7 — 10 жыл тіршілік етеді. Шаруашылық қажеттілігі үшін 3 жыл, ең әрісі 4 — 5 жыл қолда ұстайды. Бұдан басқа салтанат үшін өсірілетін тұқымдары да бар.
-3 бірақ жақсы-жауап
+1 дауыс
Жылқы малы жақсы ғой,мен жылқы малын жақсы көрем...
+1 дауыс
Маған мысық,ит және жылқы ұнайды.
+1 дауыс
мен сиырдың төлі бұзау мен ешкінің төлі лақты ұнатамын олар кішкентай кезінде өте сүйкімді болады
+2 дауыс
Мен итті жақсы көрем.Жеті қазынаның бірі "Жеті қазынаның бірі" саналатын ит он екі мүшел жылдың бірі, жеті қазынаның бастысы. "Ит" сөзінің түрік тілдеріне ежелден төл атау екендігін ертедегі түркі жазба ескерткіштеріндегі деректері дәлелдейді ("Древнетюрский словарь", Л., 1969, 215-6.). Түрік тілдерінің кез келгенінде болса да "ит" сөзі дыбыстық құрамы жағынан бір-бірімен сәйкес келеді. Мысалы: татарша "эт", туваша "ыт", өзбекше "ит", түрікменше, қырғызша да "ит" (осы тілдердің сөздіктерінен). Түрік тілдерінің ішіндегі ең көне деп саналатын саха мен чуваш тілдерінен байқайтынымыз: сахаша "ит" ("Рус. -як. сл." М., 1968, 593-6.), чуваштар "йыта"("Чув. -рус, сл", М., 1985. 132-6.).Түркітілдеріндегі дыбыстардың өзара сәйкестіктерін ескерсек, "а-и", "д-т" бірімен-бірі алмасу заңдылығы "адай" сөзінің түбірі "ад"- тың "ит"- ке дейін өзгермесіне лажы жоқ. Осы ұсынылып отырған аз ғана деректердің өзі-ақ "ит" сөзінің түрік тілдеріне ежелден тән екендігін қуаттай түскендей. (Хахастар итті "адай" деп атайды.)
Аңшы иті құмай тазы атауы тіліміздегі мәні, құпиясы ашылмаған нәрсе. Басқа түркі тілдерінің біразында бұл атаулар кездеседі. Құмай грифон тәрізді бейнеленеді және қиялдағы самүрыққа ұқсас құс деп танылады. Ал оның аң алатын тазы итпен байланысы аңыздарда оның бір ұядағы жұмыртқадан қаз, құмай ит шығады деген сюжетпен өрбітіледі. Құс тәрізді ұшқырлыққа қиялдай теңеген қазақтар өте жылдам жүгіретін тазы иттерді құмайы (құмайық) тәрізді "ұшатын" қасиетке ие ит деп теңеуден шыққан болуы мүмкін.
Қалай дегенмен жеті қазынадан ит тұқымы ойып түрып орын алған. Бірақ кез келген ит емес жүйрік алғыр құмай тазыны қазынаға ентізгеп. Жеті қазынаның қатарында жуйрік aт, қыран бүркіт, берен мылтық қатарлы ер жігіттің ажырамас серігі орын алған. Ердің қанаты - ат, ит - үйдің құлағы, тамағы мен киімін "асыраушы" - бүркіт, қорғанар қаруы - мылтық (бәлкім ертеректе садақ болуы ықтимал) қазынадан заңды түрде орын алған.
Ал қазынаның қалған үшеуін әркім әрқалай пайымдайды. Оның бірі кімге де болса қажетті ілім-білім немесе заттық түрі кітап жеті қазынаға енеді. Ал қалған екеуі талас тудыратын заттар. Жеті қазынаға халқына пайда келтіретін ер жігіт және ақылды, сұлу әйел енеді десе, біреулер шаңырақтың құты, ырыс несібесінің тұрағы - қара қазан мен байлықтың көзі, берекенің кепілі - диірмен енеді дейді. Қалай дегенмен әйел үйдің құт-берекесі десек,оның тұрағы қара қазан халықтың дәстүрлі таным- түсінігінде бір-бірімен астасып тұрған, символикалық жағынан ұқсас. Қара қазанның әбден тозығы жетсе де оны лақтырып тастамай итке итаяқ жасап береді. Бұл ит пен қазанның қазақ түсінігіндегі халық сеніміндегі құндылығы мен мән-маңызы тұрғысынан бір-біріне жақын ұғымдар және екеуі де құт пен берекенің тұрағына саналады. (Ол туралы "Соңғы түйенің жүгі ауыр" деген бөлімде арнайы баяндалады.)
Ит, яғни қолға үйретілген қасқыр бағзы заман аңшыларына мезолит дәуірінде (б.з.д. 13-7 мыңжылдықтар) серік болған. Сол бағзы дәуірдегі иттер қолға үйретілген қасқырдан бастау алады. Күні бүгінге дейін солтүстік халықтарында кейбір ит тұқымдарын (хаски, маламут) қасқырмен асылдандырып отырады. Сонан бері бүкіл әлем халықтарының көпшілігінің мифтерінде ит адамның досы, жанашыры, көмекшісі ретінде саналады. Қола дәуірдің кейінгі кезеңінде сиыр мен қой тәрізді құрбандыққа шалынатын жануарлар санатына ит те енген (Ә.Марғұлан). Сарайшық қаласының қазбасынан төрт иттің жерленген сүйек қаңқалары шыққан: екі ит қатар қыш камерада жерленген, бұлар ұялас тәрізді. Ал тағы екі ит жеке- жеке жерленген, XIV-XV ғғ. жатады. Жан-жануарлардың ішінде халқымыз атақты сәйгүлік жылқылар мен асыл тазы иттерді адамша жерлеуі ежелден келе жатқан дәстүр.
Әу бастағы міндеті адамдардың қоныс-мекенін күзету болған иттер уақыт өте келе аң аулауға жәрдемдесетін болған. Мал өсірудің күрт дамуымен крйиіы, бакрпашы иттер тұқымы пайда болды. Ал солтүстік үйекке жақын жүрттарда шанаға жегетін иттер, Оңтүстік шығыс Азия\Азияда ет үшін өсірілетін иттер шыққан. Таптық қоғам кезеңінде сарайларды күзететін қызметші иттер қажет болды және сол кезден итті сұрыптау күшейе түсті.
Ит тотемі матриархат кезеңінің культі. Біздің дәуірімізге дейінгі IV-VI ғасырларда ғұндар келгенге дейін ит бүкіл сақ, массагет тайпаларының, Орта Азия халықтарының зороастризмге дейінгі культі болған.
Ежелгі жартасқа сурет салу өнерінде сақтардың хайуанаттық стилі бастау алып қана қоймай, көп кездесетін бұғы ғана емес, елік, киік, қабылан бейнелерімен бірге аң аулау көріністері қазақ даласындағы аңшылыққа қатысты айшықты шығарма дерегі деуге болады (А.Медоев).
Ал Саймалыташта табылған ит қаңқалары жаңа тас дәуіріне жатады. Қазақ жерінен табылған ең көне ит сүйегі б.з.д. XIV ғ. дөп келеді және ол Бүйен қорғанынан (Қапал маңындағы) екі иттің цистада жерленген, кремация жасалған қаңқасын, бас және бірқатар сүйектері шыққан (Ә.Ақышев зерттеуі). Қазақстанның Сарыарқа аймағындағы екі мыңнан астам петроглиф ескерткіштері арасында аңшылыққа қатысты деректер молынан кездеседі: олардың кездесу жиілігінде пайыздық көрсеткіштер бойынша 5,9 пайызы арқар, киік, қарақұйрық, жыртқыштар 1,5-2 пайызды иеленсе, ал құс, бұғылар шамалы (0,11-0,22) болғанымен аң аулау көріністері біршама кең қамтылған. Оның тамаша үлгілері Кестелітас пен Зеңгіртауда (Новоженов В.А.). (Тараудың басындағы иллюстацияны қараңыз).


Б.з.д. I мыңжылдықтың ортасында Орта Азия мен оған жапсарлас жатқан аумақта итті жерлеу, итпен бірге жерлеу ғұрпы таралған. Хорезмдегі Жыңғылды қабірханасында ит басы, үйсін дәуіріндегі Шу бойындағы Қарғай бұлақтағы көмілген ит, Тоққала некрополіндегі оссуарийге салынған ит сүйектері қатарлы сан ондаған қазба деректері иттің бағзыда Орталық Азия өңірінде үлкен культке ие болғандығын көрсетеді. Мұндай көне ғұрып Днепр бойы мен Қырымға дейін таралғандығы бел- гілі болып отыр (Литвинский|Б.А.Литвинский]]). Ит ат тәрізді өліктің жанын қияметке дейін жеткізетін жәрдемші деп санаған. Айталық, тек Өзбекстан жерінде мезолиттен орта ғасырға дейінгі аралықтағы қырық археологиялық ескерткіштен екі мыңға жуық ит сүйегі табылған. Қола дәуіріндегі иттердің кемінде екі түрі орташадан жоғары бітімді болғандығы анықталып отыр және уақыт өте қеле ірілене түскен. Олар мал күзетуге және аңшылықта, культте, әскери істе және сәнге арналған түрлері антикалық дәуірде де пайда болғанға ұқсайды (А.Р.Батирова).
Итке қатысты көне дерек Авестада аса молынан ұшырасады және ол кездегі адамдар ең қасиетті деп санаған хайуандарды итке теңеген. Айталық, құндызды "су иті", кірпіні "тікенекті ит" деп атаған. Адамның сенімді серігі, қорғаушысы, күзетшісі, адал қызметшісіне айналған иттің қасиетті хайуанға телінуіне байланысты, ежелгі адамның санасында ол жайында неше түрлі наным-сенім, ырым-тыйымдар жүйесі қалыптасқан. Әлемнің көптеген халықтарының сенім-нанымында ит о дүниемен байланыста қаралады, сондай-ақ өлімнің "хабар- шысына" баланған. Көп жұрттардың мифтерінде ит өлім мен өмірдің шекарасы, екі дүние аралығы, жан мен тән дәнекері деген сенім бар (Литвинский Б.А.).
Қазақстанның ежелгі тұрғындары үй салғанда итті бауыздап, құрбандыққа шалып, табалдырыққа көмгендігі жөнінде археологиялық мәлімет бар. Бұл дерек Ақмешіттің салынуы туралы қазақ аңызымен төркіндес, яғни оның қабырғасына иттің қаланғандығы жайында әңгімеленеді. Қазақтар төрткөз, оржағал иттер туралы түсінігі үнділердің (веда) өлім патшасы Яманың иті деген сенімімен үндес. Зороастрлық тардық сенімінде ит пәле-жаладан, жын-періден қорғайды деген...
Әлемде иттің 400-ден астам түрі бір-біріыен дене бітімі, үлкен-кішілігі, жүн түктері, түсі, әрекеті, жаратылысы жағынан ажыратылады. Дегенмен оларды негізінен тұқымы мен тегіне қарай алты түрге топтастырады:
а) Біріншісі - денесі кесек, қарулы мықты бакргаіиы иттер. Оған көнедегі ассирия иттері, Орта Азия мен Кавказ иттері
және кейінгі кезде пайда болған сенбернар мен Еуропа догтары, ағылшын мастифтері жатады.
ә) Аңшылыщща бейім иттер - спаниель, сеттер, пойнтер.
Мұндағы пойнтер, сеттер тұқымдастарын иісшіл ақшы иттер (орысша легавая) тобына жатқызады және олар шынымен-ақ ауадан иіс қармап, оны тез сезетін иісшілді
0 дауыс
Маған барлығы ұнайдыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыы
0 дауыс
Үй жануары, жеті қазынаның бірі, ит жаныма жақын. Неге екені қайдам, әйтеуір, ит мені тартып тұрады. Қазірде итім бар. Аты - Құтжол. Түсі-сары. 5 айлық күшкі өзі. Итіммен күнде алысып күрескендей боламын. Өзі ерке. Бірақ, аулаға адамдар кірсе үреді өзінше. Сондай ақкөңіл. Қашан қарасаңда алдында ойнақтап тұрады:)
0 дауыс
Мен кушиктерди катты унатам. javascript:
http://www.google.ru/imgres?imgurl=http://static.diary.ru/userdir/1/9/8/8/19885/57214593.jpg&imgrefurl=http://www.diary.ru/~taty4%3Ffrom%3D140&usg=__vBwYdCfxSfd6IKWk74YmIYb0MSs=&h=639&w=500&sz=66&hl=ru&start=140&zoom=1&tbnid=mMKNDN9dp0hs2M:&tbnh=137&tbnw=107&ei=G0DnUKaTMZCHhQeRtIGQBg&prev=/search%3Fq%3D%25D0%25A1%25D0%25B0%25D0%25B1%25D0%25B0%25D0%25BA%25D0%25B0%26start%3D126%26hl%3Dru%26inlang%3Dru%26newwindow%3D1%26sa%3DN%26ie%3DUTF-8%26tbm%3Disch&itbs=1&ptbm=isch&q=%D0%A1%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D0%BA%D0%B0
мен итті жаксы корем
0 дауыс
мен ит, мысық, қойдың баласы қошақанды ұнатамын
0 дауыс

Жылқы

Үй жылқысы
Амандық күйі
Үй жануары
Ғылыми топтастыруы

Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Кіші табы: Нағыз аңдар
Ықшам табы: Ұрықжолдастылар
Сабы: Тақтұяқтылар
Тұқымдасы: Жылқылар
Тегі: Жылқы
Түрі: Жабайы жылқы
Кіші түрі: Үй жылқысы


Синонимдері

48 [2]

Жылқы (лат. Equus ferus caballus) – тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болады. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылықпен өркениет дамуының негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының (E. caballus) шаруашылықта маңызы зор. Ол – ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу, әскери және спорттық бағыттарда өсіріледі.

Мазмұны

1 Қолға үйрету тарихы

1.1 Қазақстандағы тарихы

1.1.1 Арийлер кезеңі
1.1.2 Сақтар кезеңі

2 Биологиясы

2.1 Өмір мерзімі және кезеңдері
2.2 Сипаттамасы

2.2.1 Түсі

3 Түрлері
4 Қазақ халқындағы жылқы маңызы

 

Қолға үйрету тарихы

Қазба қалдықтары жылқының б.з.б. 7000 ж. бұрын-ақ Азия мен Еуропада қолға үйретілгендігін дәлелдейді. Жылқы тұқымдасы есек, құлан, зебр, жабайы жылқы болып 4 туысқа бөлінеді. Үй жылқысы жабайы жылқыға жатады, одан басқа оған керқұлан (немесе Пржевальский жылқысы) және қазір жойылып кеткен Тарпаң жатады. Соңғысы 19 ғ. дейін Батыс Қазақстан, Батыс Сібір, Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарын және кейбір Еуропа елдерін мекен еткен. Керқұлан үйірлері қазір Моңғолияда ғана кездеседі. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша үй жылқысының ең жақын тегі осы керқұлан. Жабайы жылқының сүйегі Францияның солтүстігінен көп табылған. Америкадажабайы жылқы болмаған, қолға үйретілген жықылар кейін тағыланып (мустанг деп аталады) кеткен.

Қазақстандағы тарихы

Ежелгі дәуірлерде-ақ қазіргі Қазақстан аумағы жылқының қолға үйретілген мекені болғандығын археологиялық қазбалар дәлелдейді. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті энеолит дәуірінде (б.з.б. 4-3-мыңжылдық), Арқайым ескерткіштері орта қола дәуірінде (б.з.б. 2-мыңжылдық), Қазақстанның барлық аймақтарынан кездесетін арий, сақ, ғұн кезеңдерінің ескерткіштері (б.з.б. 1-мыңжылдық – б.з. 2 ғ.) ежелгі Қазақстанда жылқының қолға үйретіліп қана қоймай, бұл малдың ерекше қастерленіп, әдет-ғұрыптық рәсімдердің ажырамас бір бөлігіне айналғанын көрсетеді.

Арийлер кезеңі

Арийлер жылқыны ерекше құрметтеген. Ғалымдар арийлерде жылқының үш түрлі тұқымы болғанын анықтады: тауда жүруге ыңғайлы аласа жылқы, ұзақ жүруге ыңғайлы шыдамды қазанат және қазіргі Түрікменстанның ақалтеке жылқысының арғы тегі саналатын ұшқыр тұлпар. Әсіресе, арийлер арасында ұшқыр тұлпарлар қатты қадірленген. Әлемде алғаш рет екі доңғалақты арбаны ойлап тапқан арийлер оған ұшқыр тұлпарларын қос-қостан жегіп алып, сары далада сағымша жүйткіген. Қазақстан аумағында арийлер қалдырған құнды мәдениет ескерткіштері өте көп. Олардың көпшілігі – жартастарға салынған суреттер. Суреттерден арийлердің дүниені қалай түсінгені, қандай рәсімдік билерді билегені, қалай аң аулағаны, қандай мал баққаны, екі доңғалақты арбалары, абыздар мен батырлар туралы түсініктері, т.б. туралы толық мағлұмат алуға болады.

Сақтар кезеңі

Ал сақтар Алтайдан Дунай өзеніне дейінгі кең байтақ аймақта үйір-үйір жылқы өсіріп, ат құлағында ойнауды өнер дәрежесіне көтерген. Сақтардың балалары мен әйелдеріне дейін ат үстінде соғысу тәсілдерін жас кезінен жетік меңгеріп, көрген жұрттың зәресін ұшырған. Олардың қанқұйлы жорықтарынан соң, Еуропада, Кіші Азияда,Жерорта теңізінің бойында, Мысырда атпен бірге жаратылған кентаврлар туралы аңыз тараған. Ежелгі грек мифологиясындағы жауынгер әйелдер – амазонкалар туралы аңыздар да осы сақ әйелдерінің бейнесінен алынған деген пікір бар. Қалай болған да, жылқыға салт мінуді қас өнерге айналдырып, оны әскери әдіс-тәсілдермен шебер ұштастыра білген сақтар өз заманының ең қуатты еліне айналған. Олар өздерінің жаңа жерлерді жаулап алуына, тіршілікке қажетті байлықтарға кенелуіне жағдай жасаған жылқы баласын аса қатты құрметтеп, жан серігі санаған. “Олар аттарына да мыстан кеудені жауып тұратын сауыт кигізеді, – деп жазады ежелгі грек тарихшысы Геродот, – ал жүгендерін, шылбырын алтынмен әшекейлейді” Сақтардың патшалары, қолбасшылары мен батырларының тек өздерінің бас киімдеріне ғана емес, мінген аттарының төбесіне де лауазымдық белгі – жыға таққаны туралы деректер бар. Олардың қайтыс болған хандарды, ханзадаларды, батырларды т.б. жерлегенде, оның жан серігі болған атын жанына бірге қою ғұрпы да “иесіне аты о дүние де серік болады” деген сенімнен пайда болған.

Биологиясы
Өмір мерзімі және кезеңдері

Түріне, күтімі және өсу айналасына байланысты қазіргі үй жылқысы орташада 25-30 жыл жасайды. [3] Кей кезде, кейбір жануарлар жасы 40-тан асады. [4] Жазу деректеріне сай ең көп 19 ғ. Ескі Билли деген ат 62 жыл өмір сүрген. [3] Қазіргі заманда, Шуга Пафф деген пони 2007 ж. 56 жаста өліп Гиннесс рекордтар кітабына енген.[5]

Жылқы төлдерін былай бөледі:

құлын (биенің жас төлі),
жабағы (6 айдан асқан құлын),
тай (1 жастан асқаны) деп атайды.

Ал бұдан әрі ұрғашы жылқыны яғни байталды:

құнажын байтал (2 жастан асқаны),
дөнежін шығар (3 жастағы байтал),
дөнежін байтал (3 жастан асқаны),
бесті бие (4 жастан асқаны),
қасабалы бие (7 – 8 жастағы бие),
кәртамыс бие (11 – 14 жастағы бие),
жасаған бие (20 жастан асқан бие), т.б. атайды.

Піштірілмеген еркек жылқының яғни айғырдың атаулары:

құнан айғыр (2 жастан асқаны),
дөнен айғыр (3 жастағысы),
сәурік айғыр (3 – 4 жастағы үйірге салынбағаны),
бесті айғыр (5 жастағысы),
сақа айғыр (11 – 12 жастағысы), т.б.

Сипаттамасы

Жылқының басы созылған арықтау келеді; көздері үлкен өткір, танаулары кең, сүйір құлақтары ширақ қимылды үлкен не орташа көлемді (басының жартысынан да кішірек) болады. Жалы ұзын салбыраған, мойны ұзын бұлшық етті, денесі жұмырланған болады; құйрығы түбірінен басталатын ұзын қылдардан тұрады; түсі әралуан келеді. Аяқтары биік сымбатты, жуандығы орташа болады; 1-ші және 5-ші саусағы мүлдем болмайды, 2-ші және 4-ші саусақтары рудиментті түрде ғана қалыптасқан; тұяғы ең қатты дамыған ортаңғы саусақтың басын ғана қаптайды (сондықтан дененің бүкіл салмағы соған келеді). Асқазаны қарапайым болады, өт қабы жоқ, бүйені қатты дамыған. Миі біршама кішкентай, және қатпарлы үлкен ми сыңарлары мишықты қаптамайды. Алайда ақыл қабілеті едәуір жоғары болады. Сезу қабілеттерінен естуі ең жақсы дамыған, содан кейін көруі, сосын иіс сезуі. Шоқтығына дейінгі биіктігі 50 – 185 см, салмағы 60 – 1500 кг болады.

Жылқылар әдетте бір айғыр бастайтын бірнеше биеден тұратын үйірге жиналады. Көбінесе жазық далада тұрады; ерекше сипаттары - үлкен жылдамдық пен сақтылық.

Түсі

Жылқы түсі қылаң, баран, ала боп бөлінеді.

Қылаңға ақбоз, боз, бурыл, теңбіл, құбақан, сары, құла, құла жирен, шабдар, көк, сұр, құлагер, қызыл, нарқызыл, т.б. жылқылар;
баранға торы, қара, қаракөк, қарасұр, қоңыр, жирен, күрең, т.б. жылқылар жатады;
алаға сарыала, сұрала, көкала, керала, қарала, қоңырала, күреңала, т.б. жылқылар жатады.

Алыстан қарағанда жылқының денесіндегі бозғыл түктер басым болса, ол қылаң жылқы деп аталады. Қошқыл түстер көбірек болса, баранға жатады. Ерекше кездесетін түстер болады. Мысалы, шұбар, бозшұбар, көкшұбар, қарашұбар, т.б. жылқылар. Будандары қашыр, қарта қашыр (лошак), құланоид (құлан мен жылқы буданы), зеброид (зебр мен жылқы буданы) деп аталады.

Түрлері

Жылқы жүк жылқысы (Владимир жылқысы, Першерон жылқысы, т.б.), мініс жылқысы (араб жылқысы, ақалтеке, т.б.), жазық дала жылқысы (Дон жылқысы, Буденный жылқысы, Қостанай жылқысы, моңғол жылқысы, қазақ жылқысы, т.б.), тау жылқысы (кабардин, қарабақ, қырғыз, алтай жылқылары, т.б.), солтүстік дала жылқысы(витский, эстон, якут жылқылары, т.б.) болып ажыратылады. Дүние жүзінде жылқының 250-дей түрі бар. Қазақстанда жылқының 16 түрі өсіріледі (қ. Жылқы өсіру).

Қазақ халқындағы жылқы маңызы

Таза қанды салт мінетін жылқы
 Толық мақаласы: Қазақ халқындағы жылқы маңызы

Қазақ халқының дүниетанымында, ділі мен тілінде жылқыға қатысты өзгеше философиялық және мәдени жүйе қалыптасқан. Қазақтар адам мен оның жан серігі атына біртұтас әлем ретінде қарағанын. Адамның азамат қатарына қосылуының өзін “ат жалын тартып мінді” деп бейнелейді қазақ халқы. Жас баланың алғаш атқа отырғанын атап өту рәсімі – тоқым қағар тойынан бастап, адамның бұл өмірден өткенінің белгісі ат тұлдауға дейінгі бүкіл пәнилік тіршілікті жылқымен байланыстырған. Сыйлы қонаққа ат мінгізу, күйеу жігіттің қалыңдық алуына алғаш барғанда ат байлауы, ұрыс кезінде жау қоршауында қалған қолбасшыға ат сүйек беріп құтқару, т.б. дәстүрлер жылқының қазақ халқының шаруашылығында ғана емес, әлеуметтік өмірінде де үлкен мәнге ие болғанын білдіреді.

Қазақ халқы жылқыны, ең алдымен, ел қорғаны ердің жан серігі деп дәріптеген. Ұлттық мифологиядағы иесі қысылғанда тіл бітіп, ақыл айтатын тұлпарлар (мысалы, “Ер Төстік”, “Алтын сақа”, т.б. ертегілерде), батырлық жырлардағы Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, ҚамбардыңҚарақасқа аты, бергі заман батырлары Исатайдың Ақтабаны, Амангелдінің Шалқасқасы иелерімен бірге жыр-аңызға айналып, ел құрметіне бөленген. Қазақ халқының әскери жорыққа төзімді жылқы тұқымдарын көптеп өсіретіні туралы деректер Ресей және Еуропа зерттеушілері Н. Бахметьевтің (1870), С. Вогактың (1873), А. Гердердің(1875), А. Вилькинстің, т.б. еңбектерінде жазылып қалған. Қазақ даласында өсірілген жықлылар 1-ші, және 2-ші дүниежүзілік соғыс майдандарына көп алынған.

Екіншіден, қазақ халқы жылқыны спорттық ойын-сауықтарда (қ. Аламан бәйге, Бәйге, Құнан бәйге, Жорға жарыс, Көкпар, Аударыспақ, Ат омырауластыру, Ат үстінен тартыс, Қыз қуу, Салма ілу, Күміс ілу, т.б.) азаматтың мерейін асыратын, сал-серілік пен сәнділіктің шырайын келтіретін текті жануар деп есептеген. “Жылқы сәндік үшін, түйе байлық үшін” деген мақалдың мәні осыны мегзейді. Қазақ халқының алыс қашықтыққа шабатын аламан бәйгелер ұйымдастыратыны туралы орыс саяхатшылары тамсана жазады. Мысалы, А. Вилькинистің 1885 ж. “Журнал коневодства и коннозаводства” басылымында жарық көрген “Заметки о лошадях Туркестана” деп аталатын мақаласында мынадай пікір айтылады: “Орта Азия халықтарының ішінде атты алысқа шабуға машықтыратын қазақтар мен түрікмендер 25-тен 40 верстке (1 верст – 800 м) дейін ат шабысын ұйымдастырған. Ал Әулиеата қазақтары қашықтығы 100 версттік бәйге ұйымдастырып отырған”. Осы мақалада тағы бір қызғылықты пікір бар: “...Ташкент пен Орынбор арасына қосарға бір ат алып, 18 күнде барып қайтқан. Дәстүрлі қазақ қоғамында жүйрік жылқы тек иесінің ғана емес, бүкіл рудың, аймақтың мәртебесін өсірген. Олар туралы әндер мен күйлер шығарылып, есімдері халық жадында ұзақ сақталған. Жылқы тұқымын асылдандырудың, сәйгүлік болар жылқыны тай күнінен ажырата білудің, ат баптаудың қыры мен сырын жетік білетін мамандарды халық арасында атбегілер немесе атбаздар деп атаған (қ. Атбегілік).

Үшіншіден, дәстүрлі қазақ қоғамында байлық мөлшері тек жылқымен ғана өлшенген. Жылқысының саны 5000-нан асатындар ғана бай санатына жатқызылған. Халықтың жылқы малына қатысты ерекше ықыласы, кең байтақ жайылымдардың болуы, жылқының қыста тебініп өзі жайыла алатындығы, т.б. факторлар қазақ даласында бұл түліктің көп өсірілуіне себеп болған. 1880 ж. Австрия-Венгрияда 3,5 млн., Германияда 3,3 млн., Францияда 3,0 млн. Ж. болса, 1879 ж. Қазақстанның бір ғана Орынбор облысында 1,8 млн. жылқы болған. 20 ғ-дың басындағы нәубеттерден кейін 1920 ж. Қазақстанда 8 млн-нан астам Ж. қалғандығы туралы ресми дерек бар. Шын мәнінде, ұлттық байлық саналған осыншама Ж. Кеңес үкіметінің солақай саясаты салдарынан 20 ғ-дың 30-жылдары қырғынға ұшыраған (қ. Ашаршылық).

Қазақ халқы жылқы малын 3 топқа бөлген. Қазақтар бәйгеге қосатын жүйрік жылқыларды тұлпар, арғымақ, сәйгүлік деп әлпештеп, ерекше күтімге алған. Ал ауыр жүк артуға, алыс жолға төзімді жылқыны қазанат деп атап, оны да ерекше бағалаған. Ал еті мен сүті үшін өсіретін қалған жылқылар жабы деп аталған

0 дауыс

жылқы мен ит ұнайды

0 дауыс

Ит қана ұнайды шыны керек

0 дауыс
Маган піл унайды. Асіресе баласы. Олар экзотикалык жануарлар санатына косылады. Жер бетінде эмоциялык сезімге ерік беретін екі жан иесі бар. Олардын біріншісі «АДАМ», ал екіншісі «ПІЛ».
0 дауыс
Маған қасқыр және Жылқы Аысртан осы жануарлар ұнайды
0 дауыс
Ит пен жылқы    ......
...