0 дауыс
536 көрілді
Еліміздің футбол Жанкүйерлері, менің ойымша қазір екі топқа бөлінеді.Біреулері қазақ футболын мүлде көрмей жатып, қазақ футболы жоқ, ол дамудан қалды деп дабыл қағады. Ал екіншілері футболды көріп, расында қандай жағдай болып жатқанын біледі.

Қазақ футбол командалары, атақты ойыншылары туралы естігендеріңіз бар ма? Осы сұраққа кішкене болса да жауап бере алсыңыз, дегенмен сіз сараптап, сынай білетін топқа жатасыз. Ал егер ойыңызға ештеңе келмей, содан футболды жамандауды бастасаңыз, бірінші топқа жататын болғаныңыз.

Көріп жүргеніміздей қазір бірінші топқа жататын, барлығы нашар, ештеңе дамымайды деп жататын адамдар саны әлдеқайда көп. Бұл өте өкінішті жағдай.

Ал футбол көретін адамдар көбіне футбол ойыншыларының туысө-таныстары мен дос-жаралары екенін де айтып өту керек. Сонда нағыз саралап, нағыз жанкүйер атанатын адам саны мүлде аз. Бұндай жағдай әрине жаныңа батады! Өз еліміздің футболын өзіміз қолдамасақ, басқа кімге ол керек? Өз футбол ойыншыларымызды біліп, олармен қызықпасақ, онда оларда да қызуғышылық болмайды ғой. Сондықтан да ағайын, Қазақ футболын көрейік, қазақ футболшыларын ьіліп жүрейік. Өз еліміздің спортының дамуына ең болмаса осылай үлесімізді қосайық!

3 жауап

+1 дауыс
1 ші топтағы адамдар футбол ойнауды оп-оңай санайды.Бізге ана Роналду,Неймар,Мессилер сияқты ойнау міндет емес! Олар мүлдем стадионға барып футбол көрмеген адамдар егерде стадионға барып футбол көрсе бұлай айтпас еді!
0 дауыс
Футбол мен үшін қызық !  Ешнәрсе бірден болып кетпейді  ! Дамып жатырмыз!  Ал футбол ойнаудың оңай еместігін білмейді сосын солай сөйлейді Жүгіріп көрмегендер ондайды айтатындар!!"  ( ештеңе дамымайды деп жататын адамдар )
0 дауыс
Мен өзім Қазақстан премьерь лигасын көп қарамаймын,жалықтырып жібереді.Ал чемпиондар лигасы және тағы босқа халықаралық ойындарда мен қазақ футболшыларына ерекше жанкүйерлік етемін,тіпті Реалмен,Бразилиямен ойнасада,мен Қазақстанға немесе,Қазқстанның бір клубына жанкүйер боламын.Бірақ кей кездері үмітті ақтамайды,бірақ олардыда түсінуге болады,қиынғо қанша дегенімен,және футбол елімізде жаңа дамып келе жатыр,тағы бір себебі оларға сенбейтін адамдар көп,мысалы саған біреу сенімсіздікпен:ай осы сен істей алмайсың-ай дим деп бір жұмыс тапсырса,өзіңде бір түрлі болып өзіңе сенбей жасайсыңғо сол сияқты.Демек ең бірінші себеп оларға сене білу,бағанағы сенімсіздік танытатындар олар бірінші топтағылар!

Ұқсас сұрақтар

...