+1 дауыс
7.7k көрілді
Тамақ істеп үйренгім келеді. Тағамдардың рецептілерін жазыңыздаршы. Мысалға макарон, картоп күріш, т.б. Жәнеде толығырақ жазсаңыздар. Қандай ыдысқа істеген жөн? Ең алдымен не құямыз,не саламыз? Қанша көлемде?

5 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап

Тауық қосылған орамалар
Қажетті азық-түлік: тауық (қаз немесе үйрек), пияз, сәбіз, аскөк, өсімдік майы. Қамыр илеуге: ұн, су, жұмыртқа, сары май, аскөк, ашкөк.
Құс етін турап, туралған пияз, сәбіз және аскөкпен қуырып аласыз. Үстіне ет сәл ғана бататындай етіп, қайнап тұрған су құясыз. Дайын болғанша баяу отта пісіресіз.
Қамырды кеспеге әзірлегендей илейсіз. Шағын төртбұрыш етіп кесесіз де сары май жағасыз. Оған туралған аскөкті, ашкөкті сеуіп, орама жасайсыз. Оны дөңгелектеп турап, пісіріп жатқан тауықтың үстіне саласыз. Қақпағын тығыздап жауып, тағы 15 минут баяу отта пісіресіз.

Картоп қосылған балық
Қажетті азық-түлік: 1-2 орташа балық, 2-3 кг картоп, 3-4 сәбіз, аскөк, ашкөк, 1-2 құты қаймақ, балыққа арналған құрғақ дәмдеуіш, ұн, өсімдік майы.
Балықты тазартып, шағындап турайсыз. Тұздап, дәмдеуіш сепкен соң ұнға аунатып алып майға қуырасыз.
Картопты тазартып, турап, үстіне су құйып, баяу отта бұқтырасыз. Картоптың аздап езіліп піскені жөн.
Сәбізді үгіткіштен өткізіп, пиязды сақиналап турайсыз да майға қуырып аласыз. Осыдан соң барлық өнімдерді қатпарлап саласыз. Картоптың үстіне сәбіз бен пияздың жартысын саласыз, одан соң балықты, одан соң қалған сәбіз бен пиязды саласыз. Бәрін 20 минут баяу отта пісіресіз. Даяр болуына 5 минут қалғанда үстіне қаймақ салып, аскөк, ашкөк себесіз.

Қызыл бұрыш қосылған ет
Қажетті дәмдер: 1 кг сүйексіз сиыр еті, 100 г май, 3 пияз, 1-2 ас қасық қызыл бұрыш (паприка), 2 түйір сарымсақ, 2 дана тәтті бұрыш, 1 ас қасық томат сықпасы, дәміне қарай зире (тмин), майоран, тұз.
Дайындалуы: алдымен пиязды аршып турап, сарғайғанша майға қуырады. Оған қызыл бұрыш, ұсатылған сарымсақ және томат сықпасын қосады. Азғантай су құйып, бірнеше минут қайнатады. Оның үстіне етті төртбұрыштап турап салып, зире, майоран, тұзбен дәмдейді. Сосын кастрөлдің қақпағын жауып, арасында араластыра отырып, бұқтырып пісіреді. Ет пісуге таяған кезде тәтті бұрышты тілімдеп кесіп, үстіне салады. Оның тұздығы етті сәл ғана жауып тұруға тиіс. Аталмыш тағам түрін дастарқанға қолдан пісірілген таба нанмен бірге ұсынған жөн.

+7 дауыс

Мыныу "Банан коктейлінің" рецепі  : 1 піскен банан ,500 мл сүт және 100 г балмұздақ алу керек.Барлығын қосып ыдысқа сал да миксермен немесе былғауышпен араластыр.Коктейльді шыны ыдыстарға кұй! Асың дәмді болсын! 

дамдi болама не ___пiсiрiлген бананды косамызба _не болды сонда /чота тупо /iстеп кордiм шыкпады
+4 дауыс
Кез келген тамак (қуырмаш, сорпа) май құйып, майды ысытып, одан кейін етті пісіріп, томат қосады. Кейін қуырмаш болса, мысалы картоп, картопты салып, аздап суын, тұзын қоса сал. Ал Сорпа болса да тура солай бірақ суын молырақ қосасын. Осы әдістермен тәжірибелі аспазшы дайындауғада болады.
+3 дауыс
Сковородқаны екі қасық сұйық май құйып қыздыр,екі жұмыртқаны жар да үстіне сала сал,аздап тұз септе газды өшір.болды бір минуттан кейін жеуге дайын.
керемет! жазып алдым ))
0 дауыс
Фри дайындау
4 орташа картоп
Картоптың қалыңдығы 5 мм
Таяқша тәрізді етіп кесеміз
Ені 5 мм

Суық суға 2 қайтара шайқап аламыз
Суын сорғытып аламыз
Дегдіген соң майды қыздыра беруге болады
4-5 минут қуырамыз
Арасында араластырып тұрамыз
Түсін өзгерте бастаса дайын болғаны
Асыңыз дәмді болсын!!
...