+2 дауыс
32.0k көрілді
Кешелі бері сұмдық жөтеліп жатырмын, Астананың салқыны мощный тиді ау шамасы, тамақ қышып, сөйлей алмай, лоқсып жөтеліп жатырмын. Бір емін айтып жіберсеңіз, үйде дым дәрі жоқ. Қандай дәрі ішем. Рахмет

12 жауап

+1 дауыс
лимон қосылған ыссы шай іш қалың көрпеге жамылып алда терле сол кезде адам бірден ұйықтап кетеді
бар айтарым осы
+1 дауыс
Оңтүстіктің қысы жұмсақ, жерде қар жоқ, анда-санда жаңбыр жауып, ауа көбіне құрғақ болып тұр. Мұндайда көлік қозғалысы көп Шымкенттің ауасы тарылып, шаң-тозаң көбейеді. Ал тозаң түшкіріп-пысқырып жү­ретіндердің көбейе түсуіне себеп. Яғни дәл қазір жұрт арасынан күркілдей жөтеліп жүргендерді жиі жолық­тыруға болады. Бұл жөтелдердің әрқайсысының сипаты әрқалай.

Жөтелдің құрғақ, ыл­ғалды, жедел-өтпелі және созылмалы түрлері болады. Осының ішінде жедел-өтпелі түрі суық тигенде басталып, кемінде үш аптаға дейін созылады. Оған адамның бұдан бұрын да тыныс жолы ауруына шалдыққаны себеп болуы  мүмкін. Ал созылмалы жөтел деп 50-60 күнді қамтыған жөтелді айтады. Оның пайда болуына жұтқыншақтың, тамақтың, өндіршектің, қолқаның суықтауы, сондай-ақ кей­бір асқазан-ішек жолдары аурулары, қан айналымы бұзылған адамдарда өк­педе қан тежелуі, түрлі нев­роздар, кейбір дәрілік препарат­тардың зияны әсер етеді екен.

Ал енді жөтелдің қай түріне қандай препа­раттар пайдаланы­лады, олар ағ­заға қалай әсер етеді?

Құрғақ жөтелге қарсы жөтел рефлексін басатын фервекс, колдрекс сияқты препараттар қолданы­лады. Фервекс суда тез ери­тін түйір (таблетка) түрін­де шығарылады, оның құ­рамында ауруды басатын және дене қы­зуын төмен­дететін па­рацетомол мен аскорбин қышқылы (С ви­тамині) болады. Дегенмен оны 12 жасқа дейінгі балалар мен жүктіліктің ал­ғашқы үш айлығындағы және емізулі баласы бар әйелдерге ішуге болмайды.

Ал енді қақырықты жөтелден тез айығу үшін қақырық түсіретін пре­параттар пайдаланған жөн. Олар қақырықтың қоюлануын тежеп, оның ағзадан шығуын тездетеді. Мұндай кезде амброк­солды пайдалануға болады. Ол төмен тығыздықтағы қолқа секреттерінің түзілуін тездетеді, сондықтан қақырық түсуі қиын қолқа суықтауы, өкпе қа­бынуы және қолқа демік­песі кезінде қолданылады. Бірақ оны асқазан мен ішек жарасы бар адамдарға, жүкті және емізулі баласы бар әйелдерге қолдануға болмайды. Бүгінде дәріхана­лар­дан осы амброксол негі­зінде жасалған амбро­бене, амброгексол, амбросан, лазолван, халиксол сияқты препараттарды кезіктіруге болады.

Осы амброксолға құ­рамы жағынан сәйкес келетін «бромгексин» деген де дәрі бар. Дәріха­наларда осы бромгексинге ұқсас 40 түрлі препарат айтылады. Оларды да негізінен жүктіліктің бірін­ші аптасындағы, бала емізіп жүрген әйелдерге қолдануға болмайды. Мұн­дай дәрімен емделгендер бала емізуді уақытша тоқтатуы керек.

Қақырықты сұйылтуға қарсы «ацетилцистейн» деген күшті препарат қолданылады. Оны дәрігер созылмалы қолқа қабынуы сияқты күрделі тыныс жолы аурулары кезінде тағайындайды.

Жалпы, жөтелді бір жағынан пайдалы деп те айтуға болады. Яғни жөтел кезінде тыныс жолдары тазаланады. Бұл кезде кеуде мен тыныс жолдарында жоғары қысымды ауа пайда болады да, оның ағыны вирусты ыл­ғалмен қоса шаң-тозаң бөлшектерін, бактериялар мен вирустарды жөтелмен сыртқа шығарады. Дегенмен ауру уақыты созыла келе жөтел адамды шаршатып, ұйқысын, тамақтану режимін бұзады, тағы да басқа жайсыздықтар тудырады. Сондықтан дә­рі­герге көрініп, оның се­бебін, жою жолдарын анықтау қажет. Бірінші­ден, жөтелу рефлексін жоятын, екіншіден, ағзадан қақы­рық шығаруға әсер ететін препараттар қолданған жөн. Ең дұрысы, ауру жөтелден басталды ма, әлде жөтел ауырып жүр­генде пайда болды ма, осы жағына көңіл бөлу керек. Сондай-ақ жөтелдің жоғарыда аталған түр­лерін де анықтап алу маңызды. Егер құрғақ, бірден пайда болатын жөтелге кеуде қуысының ауруы қосылып сезілетін болса, онда міндетті түрде дәрі­герге көрінген жөн. Бұл кеуде бұлшық еттерінің үздіксіз жөтелуден ауыруы немесе плеврит болуы мүм­кін. Плеврит – өте қауіпті ауру.

Жалпы, жедел-өтпелі жұқпалы тыныс жолдары ауруларымен, қолқа, өкпе қабынуы кезінде сұйықты көбірек пайдалану керек. Сұйықтық адам салма­ғының әрбір килосына 30 миллиграмм болуы тиіс.

Жөтеліп жүрген кезде тыныс алу жаттығуларын жиі жасап тұрған абзал. Әрине, сырқаттың қандай жаттығулар жасауы ке­ректігін емдеуші дәрігер анықтап береді.
міне мына жерден алынды
http://www.zamana.kz/component/content/article/1-latest-news/1966-jotel.html
кім сіңлім сенен Абылай өлең сұраған жоққо
қателесіппін........
+4 дауыс
Ешқандай дәрі ішпей ақ қойыңыз. Терафлю ішіңіз. Күніне екі мезгел ішсеңіз жақсарып кетесіз. Немесе лимон қосылған қара чай. Ал қатты дәрі ішкін келіп жерік болып жатсаңыз Амброк­солды пайдалануға болады(қақырықты сұйылтып жөтелді жеңілтетеді), немесе соған типтес амбробене, амброгексол деген дірәлер или  мукалцин ааа таптым АЦЦ (ол қақырықты сұйылтады, жөтелге керемет көмек береді) осыны ішіңіз.
Майрош көмектес, мына жөтелден ішек қарным аузыма шыға жаздап жатыр. сұмдық, қазір лимонмен шәй ішіп келейін (коламен жазам да деп едім болмаятр)
Қойдың майын іш)) қалжын плацебо-эффект жасап көрейін деп едім:). Не ғо қатты құрғақ жөтел болса АЦЦ көмектеседі, ал тамағын қышып жөтелсен Аджисепті күніне 1таб. 4 реттен іш.( жүрек айну, құсу, бас айналу болса ішуге болмайды)
Мен де дәл осылай ауырып жүрмін, Coldrex ішіп көр мен сияқты :)
Coldrex Терафлю сиякты құрамында лимоны бар. Ешқандай айырмашылық жоқ сияқты)
0 дауыс
Мақтаны немесе мәрліні спирт немесе араққа жуып тамағыңа орап ал
0 дауыс
Терафлю-ауруға УАҚЫТ ЖОҚ strong text
0 дауыс
http://video.yandex.kz/#search?text=%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%B0%D1%84%D0%BB%D1%8E%20%D0%B2%D0%B8%D0%B4%D0%B5%D0%BE&where=all&id=53024587-10-12 осы жерден қара
0 дауыс
осы жерден қара ем болғай
0 дауыс
осы жерден қара ем болғай !!!
0 дауыс
Терафлю іш..................................................................................................
0 дауыс
сүтті қайнатып балмен же вот саған ем
0 дауыс
Инжир мен чеснокты қолдың таза сүтіне мөлшерлеп салып 1қайнатып ыстықтай ішу керек 3-4күн.Борсықтың майы да өте пайдалы деп естігем.Қойдың іш майын,құйрық майын  кішкене тұз қосып шамалы күйдіріп нан батырып жеукерек.Жөтелді күшейтпейді ішек жолдарын майлайды,тамақтың қышуын басады,өзіміз солай жасаймыз,қазір рамазан айы ауыз берік болғасын жөтелді баса алмай жатырмыз.
0 дауыс

heartтамағынды басқыз болды. Ол қалай десен бір кісіге қолына бір таза шағын орамалды орап тұзбен бе сода болса содамен тамағынды басқвз

...