+1 дауыс
20.6k көрілді
Менің негізі шашым түсіп жүр да. Бірақ өзінен өзі түсіп жүрген емес. Мысалы шашымды жуып жатып қолыма қарасам біраз шаш түсіп ілініп қалады қолыма. Былайынша кезде де мысалы басым қасып кетсе шамалы бір-екі тал шаш қолыма ілініп қалады. Шашым сондай бір әлсіз болып жүрген сияқты жай тартқанға да жұлынатын. Сол шашымды қалай қатайтуға болады?

9 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Феррум (темір) витамины жетіспеуде немесе шашыңды уақытылы және қатежетті сусабынды пайдаланбаған жағдайда болатын құбылыс. Феррум витаминын пайдалан және ұзындығы мен майлылығына (типіне) байланысты шампуньмен жу.  - Ең оңай тәсілі осы
темір жетиспегенинен де шаш тусе береди,бірақ асиресе А,Е,Д витаминдеринин жетиспеуинен шаш коп туседи. Аевит витамини(арзан турады-60-80 тг) немесе поливитаминди препаратар кабылданыз. Негизинен мундай дайын витаминдердин зияны туралы да зерттеулер корсетип жатыр. Сондыктан ен абзалы Тагамынызда осы витаминдердин коп болуын камтамасыз етиниз. Жане де шаштын түсуіне қарсы Маскалар өте жақсы көмек береді.  тағы бір айтатын жайт, Қымбат сусабындарды қолданбаныз,олар нағыз химия. Неғұрлым арзан суабындарда химиялық зиянды заттар аз болады. Мысалы: Рецепты бабушки Агафий(өзім кабылдаймын, өте жақсы), Чистая Линия, т.б.
–3 дауыс
Бір жерден оқығам(есіме түспей тұр)қорқақ адамдардың шаштары көп түседі,ал шашы қайратты адамдар нағыз ер жігіттер дегенді бір уруссский сайттан оқығам,сен қыз мінезді шығарсын! Реңжеме!
Адамның шашы адамның мінезіне қарап өспейді. Тырнақ, шаш, қас, кірпік дегендер адамның мінезіне байланысты болып өспейді. Қай жерден оқып жүрсің? XD
ондайда болады ол дәлелденген жағдай
Белгісіз
0 дауыс
ол сіздің басыңызға қалпақ кимегенен және жуғанда кез келген шаш түседі себебі бастың терісі жұмсарады, одан соң шашыңызды жуғаннан кейін бірден тарамау керек онда көп шаштарыңыз түседі. бальзам қолданғанда да түседі.
0 дауыс
шаш түсе берсе калий, кальций,магний витаминдерін пайдалану керек, осы витаминдер азайғандықтан және шашыңның ұш жағын шамалап қидыр
0 дауыс
Менинде шашым жусам тусет не истеуге болады
0 дауыс
Мен жакында босандым шашым тускенде коркып кетемин неге коп туседи екен?
+1 дауыс
Шашым көп түседі нестесем болады екен бəрін істедім
0 дауыс

Шаш аурулары жалпы асқазан-ішек жолдары, қандағы темірдің жеткіліксіздігінен болады. Көбінесе әйелдерде эндокриндік жүйелердің әлсіздігінен, ерлерде асқорыту жолдарының бұзылуынан түрлі аурулар пайда болады.

Біздің бас терімізде орналасқан шаш екі бөліктен тұрады. Біріншісі – терінің сыртына қарай өсетін шаш талы, екіншісі – терінің астындағы шаш түбірі. Ол қан жүретін тамыр, нерв жүйелері, май бездерімен тығыз байланысты. Егер аталған организм мүшелеріне зақым келсе, шашта түрлі аурулар пайда болады.

Ғылымда шаштың түсуін “алопеция” деп атайды. Қалың және тар бас киімдер теріге салмақ салады, шашқа ауа баруын тежейді. Соның салдарынан шаш түсу процесі басталады. Шаштың түсу себебін анықтау үшін әуелі сараптама жасау қажет.

Негізінен шаштың түсуі тұқым қуалайды. Бұдан бөлек дұрыс әрі уақытылы тамақтанбау, шаш күтіміне мән бермеу, қандағы темір деңгейінің жеткіліксіздігі, гормондық ауытқушылық, жиі күйзеліске түсу әсер етеді. Сондай-ақ, өт жолдары мен асқазан жұмысының бұзылуы, эндокрендік аурулар да шаштың түсуіне себеп.

Толық мәліметті шаш ауруларын зерттейтін трихолог маманның мына сұхбатынан оқып біле аласыз.

0 дауыс
Саламатсызба шашым ойылып түсіп жатыр не істеуге болады екен,қандай емдері бар,білсеңіздер  айтып көмектесесіздерме?
...