0 дауыс
18.4k көрілді
Ассалаумагалейкум замандастар!!!
Казiр 21шi гасыр,сондыктан уйлену уй болу ерте ойландыратын ойлардын бiрi десемде болады,бiрак кобiсi уйлену ушiн каржы жеткiлiксiзден кысылады,казiргi сатте уйлену тойына каншалыкты каражат (АКША) кажет деп ойлайсыздар...?

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Бауырым, ол әркімде әрқалайғой!
Себебі :
1. Тойға қанша адам келетіні
2. Қандай ресторан/кафе де той беретіні
3. Киім, кит, гулянка т.б. Бідеңе шірдеңелерді есептейсің. Менің ағамның тойына 500 ден астам адам келді, ақша 2 млн теңгеден анық өтті, 3 млн ға жақындап қалды.
0 дауыс
Мына жерде тойдың бюджеті туралы жазылған. Қарап, танысып шыққанға кеңес беремін. http://7kun.kz/6453/jlenu-tojyny-byudzheti-ansha-arazhat-kerek.html
0 дауыс

Шамасы келсе, жігіттің тойды өзі жасағаны дұрыс. Бұл – оның әке-шешесіне үлкен көмек. “Тарта жесең, тай қалады” дейді ғой. Бұл рас. Егер ұнатқан қызың болса, үйленуді жоспарласаң, онда 100 мың теңгелік жалақыдан да үнемдеп отырып, тойға ақша жинауға болады. Бірақ ол үшін кем дегенде артық шығын, ырду-дырдусыз, жұмыс істеумен өтетін екі жыл қажет. Бәлкім, жақындарың көмектесер.

Қазіргі уақытта орташа деңгейдегі тойды өткізу үшін шамамен 3 млн теңге қажет. Шығындар тізімі шамамен төмендегідей: 

  • Мейрамхана – 800 мың-1 млн теңге
  • Мейрамхананы безендіру – 100 мың теңге
  • Музыкалық аппаратура, лед-экран – 100 мың теңге
  • Асаба қызметі – 100-300 мың теңге
  • Видео, фото қызметтер – 150-300 мың теңге
  • Киіт, құдалық – 500 мың теңге
  • Сырға, неке жүзіктері – 200 мың теңге
  • Қыздың той көйлегі: жалға алу – 60 мың теңгеден басталады, сатып алған жағдайда – 200 мың теңге;
  • Жігіттің костюм-шалбары – 25-50 мың теңге

Тойға қатысты салт-жоралғының саны артып барады

Әр елдің салты, дәстүрі біздің халықтікіне де кірігіп бара жатқандай. Мысалы, дәл қазіргі уақытта оңтүстік аймақта құдаларды екі рет күтеді: бірі үйде, екіншісі кафе-мейрамханаларда. Бұл кейіннен қосылған “салт” екен. Бұрын сырға салу жоралғысы да жиі орындалмайтын. Қазір міндетті. Қалың мал бағасы да жыл өткен сайын артып барады. Келін болып түскен үйіне қыз түгелдей жаңа киімімен баруы керек. Оның ішіне төрт мезгілдік киімдер, тіпті кешкі сәндік көйлектері де болуы шарт. Жақында семейлік жігіттің Қызылорданың қызына құда түсу рәсімін атқардық. Киіт үшін үлкен кісілер арасында кикілжін пайда болды. Сірә, салт-дәстүрдің бұлай сақталғанынан, сақталмағаны абзал шығар.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқуға болады.

...