0 дауыс
32.3k көрілді
Ш. Құдайдердіұлының "Еңілік-Кебек" поэмасындағы Еңіліктің бейнесі қандай? Толығырақ және тезірек жазып берсеңіздер. Алдын ала рахмет!!!)

1 жауап

+1 дауыс
*Шәкәрім «Еңлік−Кебек» арқылы қазақ поэзиясындағы психологиялық поэманың негізінқалады. Бұл, әсіресе, Еңлік бейнесі арқылы өз иірімін тауып жатады.*
Өз тағдырын қосар теңінің таңдауын таба алмай жүрген Еңлік қыз Кебекпен кездескенсәтте-ақ берік байлам жасап, нақты шешімге келеді. Ақылды ару өз бақыты да, қасіреті деқұдай айдап кез келтірген осы батыр жігіттің қолында екенін көкірек көзімен көріп, жүрекпернесімен сезінеді. Сондықтан да тағдыр тартқан сыйдан айрылмауға ұмтылады. Қазақсалтында жоқ әрекетке барып, жігітке өзі сөз салады. Бұл батыл әрекет Кебекті жеңіл ойға жетелегенмен, Еңлік өз шешімінің шын астарын жайып салғанда, аңқау батырдың асаусезімін ноқталап тастайды. Еңліктің алғашқыда өрескел көрінер қадамының психологиялық дәлелдеулері өте нанымды.
− Ей, батыр, сен жатырсың ұйқың қанбай,
Мен жүрген бір сорлымын бағым жанбай.
Көрінгенге көз сүзген көрсеқызар,
Әдепсіз қыз дейсің ғой әлдеқандай.
Өз әлімше сынадым мен де сені,
Сен қалай деп ойладың, айтшы мені?
Қыздан сорлы бола ма бұл жалғанда,
Кез болмаса өзінің сүйер теңі?
Еңлікті әлгіндей әрекетке итермелеген «көрсеқызарлық» емес, өзінің бостандығын,азаттығын, адами еркіндігін қорғау жолында қандай қиындыққа болса да шыдас беруге бекінген шынайы шешім, күреске бел байлаған түпкілікті тұжырым. Себебі:
Рас, құдай жазбаса бітпес жұмыс,
Сүйтсе де бізге міндет талап пен іс.
Әрекетсіз отырмақ дұрыс болса,
Неге берген аяқ-қол, тіл менен тіс?
...Талап қылмай бола ма құтылуға,
Оттан қашып, кірсем де терең суға.
Пәледен машайық та қашқан жоқ па,
Қайтіп разы болайын берген уға?
Міне, Еңлік бойындағы күресшілдік рухтың психологиялық дәлелі осында жатыр.
Еңлік − тағдырдың ағысына қарсы жүзген жан. Ол − Кебек батырдың алғашқы сәттегішолақ ойдан туған арзан ойынының құлы емес, керісінше кеудесіне нан піскен, кердеңжігіттің өмірді өзгеше түсініп, сезімнің ұлы күшін мойындатуға бет бұруына жөнсілтеуші. Яғни аңғал батырдың ақылына жолбасшы, сезіміне көшбасшы. Олар кездескентүннен екі жастың тағдыры өзгеше бір арнаға бет бұрады. Бұл поэмадағы Еңлік жасарерліктің алғашқысы еді. Бойындағы қыз балаға тән ұяңдықты еркіндігі үшін жеңдіріп,батыл қадам жасаған Еңлік енді ештеңеден жасқанбасы анық. Міне, осыдан бастап рет-ретімен Еңліктің кейіпкер ретіндегі табиғаты ашыла береді. Оқиға өрбуінің әрбір жаңаөріске бет бұруы Еңлік бейнесін толықтырып, жаңа қырларын алға тартып отырады. Екі ғашықтың елсіз тауға қашуы да осы Еңліктің бастауымен іске асады. Бұл Еңлік бойындағы қайсарлықтың екінші көрінісі еді.
Түнеугі айтқан уағда қайда,
Кел кетелік, кідірмей осындайда.
Азық-түлік, киерлік киімдерім,
Дайындап әкеп қойдым, мына сайда.
Шәкәрім сомдаған Еңлік бейнесіне тән күрескерлік қасиеттің көрініс табар үшінші біртұсы − қолға түскен сәттегі жауларынан саспай, өлімді қаймықпай, қасқайып қарсы алуы.Тағдырдың салғанына көнбей, бас азаттығы жолындағы күреске бет қойған Еңлік езбенөткізген өмірден, сүйгенімен қатар жатар өлімді артық санайды. Сондықтан да қорқу,жауына жалбарынып, жалыну секілді сезімдер Еңлік бойынан табылмайды. Ол «өлердегі тілек бар еді еді ғой, құдай үшін, берсеңдер мен сұрайын» деп, өзін өлімге қиғанқаныпезерлер үкімін жасқанбай да жасымай қабыл алады. Осы соңғы эпизод Еңлік бейнесін сомдауда Шәкәрімдей ақынның кейіпкерінің ішкі бітімін ашу арқылы тұтастұлғасын жасауға ұмтылатындығының бір көрінісі.
Кебекпен мені азғана араздастыр,
Өлген соң бірге қосып таспен бастыр.
Мына бала − Тобықты баласы ғой,
Мұны өлтірме, Кеңгірбай биге тапсыр.
Осынау үш тілекте Еңлік бейнесіне тән бүкіл болмыс көрініс тапқан.
Діні қатты надан жұрттың алдында сүйгенімен қоштасуға рұқсат сұрау − ғашықтар қасіретінің қоғамдағы қасіретпен ұштастығын, істеліп жатқан істің әділетсіздігін, ерлік
...